Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Сауаташу 1-сынып

Сабақтың атауы

Дауысты және дауыссыз дыбыстар

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділігі: оқушыларды дауыссыз дыбыстардың түрлерімен таныстыру, мәтінді түсініп оқуға, дыбыстарды ажырата білуге үйрету;
дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын байыту, сөйлеу тілін дамыту, сабаққа ынта-ықыласын арттыру;
тәрбиелілігі: оқушыларды жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, сауатты көркем жазуға, зейінді, ұқыпты болуға баулу.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Кiшкене құдықтан,

Найза ұшты шыбығым,

Су iшiп құныққан. (Сиясауыт)

Қабы сояу,

Дiнi – бояу. (Қарындаш)

Қысқа таяқ дiңi бар,

Шиырлаған iзiнде

Сайрап тұрар тiлi бар. (Қарындаш)

Ойларынды аңсаған,

Асыл сөздi ақ алаңға,

Түсiруден шаршаған,

Мен емеспiн әмәнда. (Қалам)

Тiл жоқ өзiнде,

Сөзi бар iзiнде. (Қаламсап)

Бар ойынды жиямын,

Ақ қағазға құямын. (Сия)

Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады. (Қоңырау)

Мағынаны тану

20-тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқу.

21-тапсырма

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу.

22-тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.


Сергіту сәті

Бір – білім ал,

Екі – ерлік көрсет,

Үш – үлгі тұт,

Төрт – тәртіп керек,

Бес – бестік баға ал,

Алты – алғыс ал,

Жеті – жеңіс біздікі,

Сегіз – сенім керек.

Тоғыз – тоқу керек,

Он – оқу керек.

Ой толғаныс

Сұрақ-жауап:
- Қазақ тілінде неше дыбыс, неше әріп бар? (40 дыбыс, 42 әріп)
- Дыбыстар нешеге бөлінеді? (дауысты және дауыссыз)
- Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? (жуан және жіңішке)
- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?(қатаң, ұяң, үнді)

Үйге тапсырма

Мазмұндау,автор туралы мәліметтер жинақтау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Описание: https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов