Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы
БҚО әкімдігі білім басқармасы Казталов ауданының
«Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тәрбиеші: Галимова Гулжан Бақтиярқызы

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:«Жапсыру әдісі арқылы жұлдызқұрт жасату».

Сабақтың мақсаты:Жұлдызқұрт сұлбасын жасауды үйрету. Балаларға

қағазға заттарды дұрыс орналастыруды үйрету. Көзбен мөлшерлеуді, қолдың ұсақ бұлшықеттерін, түстік қабылдауды дамытуға ықпал ету. Қайшы, желіммен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасын бекіту.

Түзете - дамыту:Қол қимылдарын, түстік және эстетикалық қабылдауды дамыту.

Тәрбиелік: Шығармашылықпен шұғылдануға деген ықыласты тәрбиелеу.

Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар:қайшы, желім, ілгек, қарындаш, түрлі-түсті гофр қағазы, қатты қағаз.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

- Сәлеметсіңдерме, балалар! Сендермен кезекті сабағымызда кездескеніме өте қуаныштымын. Ал енді бәріміз бір бірімізге қарайық. Мен сендердің көздеріңнен қуаныш пен қызығушылық көріп тұрмын. Сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын. Кәнеки, бір бірімізбен амандасайық!

Ән салуға барамыз,(балалар шеңбер бойымен жүреді)

Досымызды табамыз,(жүріп келіп,тоқтайды)

Сәлемет пе! Міне мен!(қолдарын екі жаққа сермейді)

Доспын енді сенімен.(бір-бірімен қол алысады)

Рахмет балалар!

ІІ. Негізгі бөлім:

Балалар бүгінгі сабақта өтетін тақырыбымыз «Жапсыру әдісі арқылы жұлдызқұрт бейнесін жасау».

Жұмбақ шешу.

Денесі буылтық,

Сырты жасыл түк.

(Жұлдызқұрт)

Слайд көрсету.

Балалар біз бүгін жұлдызқұрт бейнесін жасаймыз. Жұлдызқұртты білеміз бе? Балалар! Алдымен мына слайдқа көз тастайық. Жұлдызқұрт жәндіктерге жатады екен балалар, оның пішіні қандай?Ия, дөңгелек. Түстері қандай болады екен? Ия, түрлі түсті болады екен. Денесі буылтық болады, және жай жүріспен жүреді екен. Сендер жұлдызқұртты жылдың қай мезгілінен кездестірдіңдер? Әрине, жаз мезгілінде. Ол қайда мекен етеді екен? Олар балалар жапырқтардың үстерінде, теректің діңінде мекен етеді екен.

Балалар қазір сіздер қайшымен жұмыс жасағалы тұрсыздар, сондықтан қайшымен жұмыс жасаудағы қауіпсіздік ережесімен таныс болыңыздар.

Қайшымен жұмыс жасаудағы қауіпсіздік ережелері:

1. Қайшыны ұшымен жоғары ұстама!

2. Қайшымен қиып жатқан кезде оң жақ саусақтарыңа сақ бол!

3. Қайшымен тұрып тұрып жұмыс жасама!

4. Қайшыны жолдасыңа сақина жағымен ұсын!

5. Қайшыны стүелден түсіп кетпейтіндей етіп қойып қой!

Түсіндіру:

Енді балалар жұлдызқұртты түрлі түсті гофр қағазынан жасаймыз. Алдымен қағазға қисық сызық, яғни жұлдызқұртымызды жапсыратын сызығымызды сызып аламыз. Содан соң, түрлі түсті гофр қағазын алып шеңбер салып, оны қайшымен қиып алып, қағазымызға желім арқылы жапсырамыз. Содан соң жұлдызқұртымыздың көзін, мұртшаларын, аяғын жапсырамыз. Балалар жұмысымызды қоя тұрып сергіту сәтін орындап, бір серігіп алайық. Келіңдер балалар!

-Жұмыстың алдында саусақтарымызды жаттықтырайық.

Саусақ жаттығуы:

1. Бір дегенде – бар кішіңізбен саусақтарыңызды жұдырыққа түйіңіз, екі дегенде жан – жаққа тарбитамыз.

Описание: c:\users\назок\desktop\1385638376.jpg

2. Қол буынын асыға - үсіге бүгеміз.

Описание: c:\users\назок\desktop\1385638360.jpg

-Жарайсыңдар, балалар!

Балаларға жұлдызқұрт жасату.

-Жұлдызқұртта неше көз бар?

-Мұртын салайық, тікендерін салайық, аяқтарын салайық.

-Балалар жұлдызқұрттарыңда қандай түстер бар?

-Ал сендерге ұнады ма жұлдызқұрт?

- Маған да ұнады.

ІІІ. Сергіту сәті:

Ал, балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз бір дем алайық.

Балалар жұмыстарын аяқтап, жұмыстарын көрсетіп, мұғалім балаларды бағалайды.

Балалар сендер ойын ойнағыларың келе ме? Ендеше ортаға келіңіздер.

Ойын: «Жұлдызқұрт»

Мақсаты: балаларды тез қимылдауға, ұйымшылдық қасиеттерін дамыту.

Өту барысы: Балалар бір бірлерінің белдерінен ұтап, жұлдызқұрт сияқты ирелеңдеп жүріп жерде шашылып жатқан алмаларды жинайды.

ІҮ. Қорытынды бөлім:

(Достық шеңберге тұрайық)

-Сабақ ұнады ма?

-Балалар бүгін біз сабақта не жасадық?

-Жұлдызқұрттарыңыз өздеріңе ұнады ма?

-Сабақ аяқталды балалар!

- Сау болыңыздар!

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ