Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Тақырыбы: ш дыбысын еліктеу арқылы қою

Мақсаты: 1. Оқушыларға «ш» дыбыстарын еліктеу арқылы қою. Артикуляциялық мүшелердің дұрыс қалпын бекіту, дыбысты анық айту дағдысын қалыптастыру.

2. Фонематкалық естуін, есте сақтауын, сөздік қорын дамыту. Ұсақ моторикасын жетілдіру.

3. Ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу

Көрнекілігі: доп, айна, мысық ойыншығы

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Балалар бүгін күн қандай болып тұр. Сендердің көңіл күйлерін бүгінгі күнге сәйкес пе? Бүгін сабаққа мысық қонаққа келді. Сонымен амандасайық.

ІІ. Сөйлеу кезіндегі тыныс алуын дамыту.

- Мысық далаға шықса, жел соғып тұр екен. Тілді төменгі ерінге қойып, оның ұшына үрлеу. Ауызға алақанды жақындатып, «жылы желді» сезіну. Бір кезде дауыл соғып кетті. Ерінде дөңгелептіп, ууууу дыбысын ұзақ айту

ІІІ. Дұрыс артикуляциясын қалыптастыру.

- Балалар «ш» дыбысын айтқан кезде еріндер түтікше тәрізді, тістер бір – біріне жақын, тілдің ұшы жоғары тістердің артында, ауа ағыны кедергіге жолығып жылы болады.

ІV. Ш дыбысының есту бейнесін қалыптасытыру.

- Жапырақтар жел соққанда қалай шулайды?

- Ш-ш-ш-ш

- Аналарымыз «тышын шуламандар» деп айтқанда қандай дыбысты айтады .

- Ш-ш-ш-ш

- Дөңгелек жарылғанда қандай дыбыс шығады.

- Ш-ш-ш-ш

V. Фонематикалық қабылдауын дамыту

«ш» дыбысын артикуляциясы мен акустикасы алыс басқа дыбыстардан ажырата білуін үйрету.

«ш» дыбысын басқа дыбыстар қатарынан естуін үйрету.

Р,ш,л,м,ш, қ, п,т,ш

Р,ш,л,ш,м,н,ш,т,п,б,ш.

VI. Қимылды ойындар.

-балалар, мен сендерге қандай жануарды айтамын, сендер сол жануарды қимылмен көрсетесіндер.

Аю, қоян, түлкі, мысық, бақа, ит, жылын, қарға.

VII . «Ш» дыбысын нақты қайталап айту

VIII .Қорытынды: Балалар, бүгін қандай дыбыс туралы айттық.

- Ол дыбысты айтқанда тіліміз қандай қалыпта болады?

- Тісіміз, ерніміз, ауа ағыны қандай болады?

Балалардың жеке жауаптары.)

- бүгінгі сабақ ұнады ма?

- несімен ұнады?

- Жарайсындар балалар, қонаққа келген мысық сендерге риза болды.

Тақырыбы: ш дыбысын еліктеу арқылы қою (2 - сабақ)

Мақсаты: 1. Оқушыларға «ш » дыбысын еліктеу арқылы қою. Артикуляциялық мүшелердің дұрыс қалпын бекіту, дыбысты анық айту дағдысын қалыптастыру.

2. Фонематкалық естуін, есте сақтауын, сөздік қорын дамыту. Ұсақ моторикасын жетілдіру.

3. Ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу

Көрнекілігі: доп, айна, мысық ойыншығы

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Балалар бүгін күн қандай болып тұр. Сендердің көңіл күйлерін бүгінгі күнге сәйкес пе? Бет бұлшықеттеріңізбен көңіл күйлерінде көрсетіндер.

ІІ. Сөйлеу кезіндегі тыныс алуын дамыту.

- Тілді төменгі ерінге қойып, оның ұшына үрлеу. Ауызға алақанды жақындатып, «жылы желді» сезіну. Бір кезде дауыл соғып кетті. Ерінде дөңгелептіп, ууууу дыбысын ұзақ айту. Желге қуанған балалар ұзақ оооооо дыбысын айтты.

- Жел одан сайын қатты соқты. ффффффф

ІІІ. Дұрыс артикуляциясын қалыптастыру.

- Балалар «ш» дыбысын айтқан кезде еріндер түтікше тәрізді, тістер бір – біріне жақын, тілдің ұшы жоғары тістердің артында, ауа ағыны кедергіге жолығып жылы болады.

ІV. Ш дыбысының есту бейнесін қалыптасытыру.

- Жапырақтар жел соққанда қалай шулайды?

- Ш-ш-ш-ш

- Қаздар балапандарына қарап не істейді?

- Ш-ш-ш-ш

- Жылан қалай дыбыс шығарады?

- Ш-ш-ш-ш

V. Фонематикалық қабылдауын дамыту

«ш» дыбысын артикуляциясы мен акустикасы алыс басқа дыбыстардан ажырата білуін үйрету.

«ша» дыбысын басқа буындық қатарынан естуін үйрету.

Ра,ша,ла,ма,ша, қа, па,та,ша

Ра,ша,ла,ша,ма,на,ша,та,па,ба,ша.

VI. Дыбыстық ойындар.

-балалар, мен сендерге қандай жануарды айтамын, сендер сол жануарды қалай дыбыстайтының айтасындар.

Аю, мысық, бақа, ит, жылын, қарға, сиыр, қой, тауық.

«Қоян»

Ұзын құлақ, сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің,

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

VII . «Ш» дыбысын дәптерге жазу.

Ш-ш-ш. Аға-ш

VIII .Қорытынды:

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ