Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Жасқайрат ауылы

Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінің

математика пәнінің мұғалімі Бертілеуова Алма

Сабақтың тақырыбы: Жай сандар және құрама сандарға есептер шығару

Сабақтың мақсаты: Жай сандар және құрама сандар туралы білімдерін өткен сабақпен

байланыстыра қайталау және тиянақтау.

Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген

қызығушылықтарымен белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелігі: еңбектенуге, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту, есептер шығару

Пәнаралық байланыс: геометрия, тарих, информатика.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, фигуралар, суреттер, карточка

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімің:

Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ-жауап

1. Жай сандар мен құрама сандар дегеніміз не?

2. 2, 5, 10, сандарына бөлінгіштік белгілер

3. Жұп, тақ сандар қандай 7, 10, 13, 20, 17, 45, 37, 23

ІІІ. Есептер шығару

«Отырардан Бағдатқа дейін» атамыздың жүрген жолымен есептер шығару. №653 есеп

ІҮ. Оқулықпен жұмыс

№658

Ү. Деңгейлік тапсырма:

А деңгейі:

2, 3, 4, 5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,15,16,17,18,19,20 сандардың ішінен жай және құрама сандарды табыңыз.

В деңгейі:

Мына сандарды екі жай саннының қосындысы түрінде жаз. 10,12,24

Екі жай санның көбейтіндісі түрінде жаз. 22,35,77,65

С деңгейі:

Екіден өзге кез - келген жұп сан құрама сан екенін дәлеледеңдер.

Тест жұмысы:

1. Қандай сандар егіз сандар деп аталады?

а) Өзінен басқа бөлгіштерінің қосындысына тең сан

в) Айырмасы 2-ге тең екі жай санды

с) 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандар

д) 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандар

2. Қандай сандар 2-ге бөлінеді?

а) жұп сан в) тақ сан с) кемел сан д) егіз сан

3. Екіден көп бөлгіштері бар сан?

а) жай сан в) құрама сан с) тақ сан д) жұп сан

4. 36 санының бөлгіштерін тап:

а) 1,2,3,4,5,6 в)1,2,3,4,6,12 д) 1,2,3,6,12 с) 1,2,3,4,6,9,12,18,36

5. Қандай сандар жай деп аталады?

а) 0-ден 9-ға дейінгі в) Екіден артық бөлгіштері бар натурал сандар

с) 1-ге және өзіне ғана бөлінентін натурал сандар д) 1 саны

Сабақты бекіту: Жай сан және құрама сандарға мысалдар келтіру.

Сабақты бағалау:

Үйге тапсырма: №661, №665 есептерді шығару.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ