Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Оң сандар  және  теріс  сандар
спросил от Ulia в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Сабақтың тақырыбы:  § 2.1 Оң сандар  және  теріс  сандар. 

Сабақтың мақсаты :

Білімділік . оқушыларға  мағыналары  қарама – қарсы  шамалардың  тура  мағынасы  оң санмен  жазылса , ал оған қарама – қарсы  мағынасы   теріс санмен  жазылатынын,  нөл  саны  оң санға да, теріс  санға да   жатпайтынын үйрету.

Тәрбиелік : оқушыларды  дәлдікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа  тәрбиелеу.

Дамытушылық :  шамалардың  өзгерістерін оң сандармен және  теріс  сандармен  жазуды , өрнектердегі  оң сандар  мен теріс сандарды  жаза  білу     дағдысын   дамыту.

Сабақтың  көрнекілігі : тақырыпқа  байланысты сызбалар , суреттер.                                    

Сабақтың  типі : жаңа білім беру.

Сабақтың  түрі:  дәстүрлі  сабақ

Сабақтың әдісі :   түсіндіру,  сұрақ – жауап,  өз бетімен   жұмыс   жасау.                                  

 Сабақтың  барысы :

І.  Ұйымдастыру .

Оқушылардың  сабаққа  қатысуын  тексеру. Сабаққа  дайындығын  тексеру. 

 ІІ.  Сабақтың  мақсатын қою. ( Оқушылардың  назарын  бүгінгі  негізгі   танымдылық  мақсатына   аудару)

ІІІ.  Жаңа  сабақты түсіндіру.

 Тақырыптың алдын ала  даярлық тапсырмасында оқушылар  шамалардың өзгерістерінің  тура  мағынасын ,  мысалы ,  ұтыс ұпайын ( +4 ұпай) , оң санмен жазып үйренсе ,  қарама – қарсы  мағынасын , мысалы , ұтылыс ұпайын ( -4 ұпай) теріс санмен  жазып үйренеді.

          Кейбір шамалардың тура мағынасы ,  тура бағыты  болуымен  қатар ,  қарама – қарсы  мағынасы,  қарама - қарсы бағыты болады. Өлшеу , есептеу  жұмыстарында  шамалардың тура  мағынасындағы  өзгерістердің  сан мәні  мен  қарама – қарсы  мағынасындағы  өзгерісінің сан мәнін   ажырата білу қажет .

           Шамалардың өзгерісінің  сан мәніні жазғанда,  оқығанда  оның  тура мағынасынын сан мәнінін  алдына  «+» таңбасы койылады. Шаманың  қарама – қарсы мағынасынын  сан мәнінің алдына  «-» таңбасы қойылады.

1- мысал.  Іле Алатауындағы  Талғар шыңы  теңіз деңгейінен  4973 м  биіктікте  жатыр, ал Қара теңіздің  ең терең  жері  теңіз   деңгейінен  2210 м төмен . Мұндағы  те ңіз   деңгейінен   жоғары биіктік «+» таңбалы санмен  жазылады , теңіз денгейінен  төменгі  тереңдік «-» таңбалы  санмен  жазылады. Демек , Талғар шынының биіктігі  + 4973 м

( « плюс  4973 м» деп оқылады). Мұндағы  + 4973 – оң сан. Оң санның

алдына  «+» қойылып жазылады. Қара теңіздің  ең терең  жеріндегі  түбінің

тереңдігі  - 2210 м ( «минус 2210 м» деп оқылады). Мұндағы  - 2210  - теріс

сан. Теріс санның алдына «-» таңбасы қойылады.

2 – мысал. Таңертең  термометр  ауа температурасынын 3 0 С суықтығын көрсетті. Түсте   термометр ауа температурасынын  20 С  жылылығын  көрсетті. Термометрдің көрсетуі 00 С – тан  төмендегенде  суық болатынын  (00 С- та  су  мұзға айналады ),  00 С- тан жоғарылағанда  жылы  болатынын білеміз . Онда  таңертеңгі  ауа  температурасы  – 30 С (« минус  үш градус»  деп оқылады),   түстегі  ауа  температурасы + 2 0 С (« плюс екі градус» деп  оқылады).Мысалдардағы + 4973 , +2  сандарын оң сандар деп  атаймыз. -2210 , -3 сандарын теріс сандар деп атаймыз.Шама мәндерінің  өсуі оң  сандармен , ал кемуі теріс сандармен жазылады. «+» таңбасымен  жазылған  сандар  оң  сандар  деп аталады.  «-» таңбасымен  жазылған  сандар  теріс  сандар  деп  аталады.  (нөл ) саны  оң санға  да ,  теріс санға  да жатпайды. Егер  берілген  өрнекте  оң сан  бірінші  орында  тұрса  немесе өрнекте  бір ғана  сан  болып  және  ол  оң сан болса ,  оның  алдына «+» таңбасы  қойылмайды.

Мысалы :  1 )  +3а  -7,5 + 8 b  өрнегі  3 а – 7,5 +8 b түрінде жазылады .

2 ) + 4image; + 0,7  өрнектері 4image;  0,7

 Өрнектерде  теріс санның  тікелей  алдында қосу ,  көбейту ,  бөлу  ,  азайту  таңбалары  тұрса , онда теріс  сан  жақшаға  алынып  жазылады.  Мысалы ,  9 + (-7); 8: (-2 );  6 ∙ (-3); 7- (-6) . Көп жағдайда  теріс  сан  өрнектің  бірінші  мүшесі  болса ,  болса,  ол  жақшасыз жазылады.  Мысалы, (- 8 )+ 3 а  өрнегін  -8 + 3а  түрінде  жазуға  болады. 

ответил от Ulia
0 голосов

ІV .  Жаңа  сабақты түсінуін  тексеру .

 Тура  мағынасы

Қарама – қарсы  мағынасы

Жылылық  - (+  5 0  С)

Ұзару – (+ 40 см)

Жоғары  - (+ 2340 м)

Пайда – (+3000т)

Суықтық – (-3 0 С)

Қысқару – (-5 см)

Төмен – (-160 м)

Шығын – (-2000 тг)

  Шамалардың  өзгерістерінінің  тура  мағынасы және оған  қарама – қарсы мағынасы болатынының , шамалардың тура мағынасы  оң санмен  жазылса ,  қарама – қарсы   мағынасы  теріс  жазылатынына  сызба арқылы көз жеткізу.

Ауызша есеп.

№ 286   15 Наурыздағы  қалалардағы ауа  температурасының  жылы, суығын  ажыратып  оқып  беріңдер.  ( 2.1 сурет)

V. Жаңа сабақты пысықтау. Тақтамен жұмыс.

№ 287 

0,75; -1; image; 0; 9; - image;  -4,3; 6;  - 7  сандарынан :

А)  оң сандарды ; Ә) теріс сандарды ; Б) оң санға да ,  теріс санға  да жатпайтын  санды  теріп    жазындар.

 № 290   Термометрдің  көрсетуін  «+ »  немесе «-»  таңбасын  пайдаланып  

             жазындар.

1) 00С- тан  15 0 жоғары;                             4 ) 28 0  С  ыстық

2) 32 0 С  аяз.                                                5 )  2 0 С  жылы

 3) 7 0 С  жылы.                                            6 ) 00 С – тан 5 0 С  төмен

№ 295     Қазақстанының  физикалық картасында  :  Қарақия  ойысы – 132м , Тарбағатай жотасы 2930м , Жетісу ( Жоңғар ) Алатауы  4442м деп жазылған. Картадағы  бұл сандарды қалай түсінесіндер?

№ 301 Трамвайдың   аялдамаға  қатысты   орнын  тиісінше оң санмен  немесе теріс  санмен  немесе  нөл санмен  жазындар.

А)  Трамвайдың   аялдамаға  келуіне  57 метр қалды.

Ә)  Трамвай аялдамадан өткен соң  27 метр жүрді.

Б) Трамвай аялдамада тұр.

  

VI. Үй тапсырмасы. Қорытындылау.

 Қорытынды . Математикалық диктант.

Тура мағынасын  оң санмен , қарама – қарсы  мағынасын   теріс санмен жазындар.

Жылылық – (20 С)

Қысқару – (10 см)

 Пайда -  (1000 тг)

Суықтық  - (8 0С )

Жоғары – (1240м)

Шығын – (500 тг)

Ұзару – ( 20 см)

Төмен  - (50м)

Үйге тапсырма : §2.1  № 288;  №294  (1,2)

ответил от Ulia

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов