Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Сабақтың тақырыбы: Логикалық есептер Сабақтың мақсаты:

–Логикалық есептерді шығару әдістемесін түсіндіруде физикалық заңдарды оқып- үйренуде, тереңірек және нақты білім алуға, алған білімдерін берік меңгеруге дағдыландыру. –Оқушылардың логикалық ойлау қабілетінің дамуына, белсенді болуына, алған білімдерін бекітуге,іскерлік дағдыларын арттыру. – Оқу материалының ең негізгісін тандап алуға, бар қабілеттерін дұрыс пайдаланып, жауапкершІлікпен жұмыс жасауға жатгықтыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Көрнекілігі: слайдтар,әдістемелік құралдар

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды сабаққа дайындау II.Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру III .Физика заңдылықтарын басшылыққа ала отырып логикалық ой түйіндеу арқылы есептер шығару Мысалы: №l. (Денелердің жүзу шарты) Жанып жатқан керосинді неге сумен құйып сөндіругеболмайды? Шешуі:Денелердің жүзу шарты бойынша егер дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынаназ болса, онда дене бетіне қалқып шығады. Керосиннің тығыздығы аз болғандықтан су бетіне қалқып шығып жанабереді.

№2 (Жылуөткізгіштік). Көмір шоқтары металл табақшада тез сөнеді, ал ағаш тақтаның үстінде ұзақ уақыт бықсып жанады. Неге? Шешуі:Түрлі заттардың ішкі құрылысына қарай олардың жылу өткізгіштігі де түрлішеболып келеді. Металл ағашқа қарағанда жылуды жақсы өткізеді. Сондықтан металл көмір шоғының энергиясын өзінен тез өткізіп, оны көмір жанатын температурадан төмен температураға дейін тез суытады. Ал ағаштың жылу өткізгіштігі металдыкінен аз болғандықтан көмірді баяу сөндіреді. № 3 (Идеал газдың ішкі энергиясы) Массасы m, температурасы Т болатын бір атомды идеал газдың ішкі энергиясын есептеп табындар. №4 (Электр сыйымдылығы) Сыйымдылықтары С1, және С2 жазық конденсаторлар U1және U2 потенциалдар айырымына дейін зарядталған (U1≠U2). Осы конденсаторларды параллель қосқан кезде олардың электрстатикалық энергиясы кемитіндігін көрсетіңіздер. Неге олай болады? №5 (Архимед күші) Суға көлемдері бірдей мыс және алюминий кубтар батырылған. Осы кубтарға шама жағынан бірдей кері итеруші күштер әсер ете ме? №6 (Энергия) Дененің жылдамдығын екі есе азайтып, массасын 2 есе арттырғанда кенетикалық энергия қалай өзгереді? №7 (Жылу құбылыстары) Суы бар ыдыста жүзіп жүрген мұз кесегі еріген кездегі, судың деңгейі қалай өзгереді? №8 Массасы 1 кг арбаша 3 м/с жылдамдықпен қозғалады. Оның энергиясын 2 есе арттыру үшін атқарылатын жұмыс №9 Массасы 10 кг дене 20Н күштің әсерінен жылдамдығын 2 м/с-ге арттырса, күш әсері созылатын уақыт №10 Тербелмелі контурдағы конденсатордың сыйымдылығың 4 есе арттырса, контурдағы еркін электротербелістердің периоды

Тест тапсырмаларын талдау

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ