Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

№ 37 сабақ

Тақырыбы:

• Формулаға есептер шығару

Мақсат:

Жаңа білім: •Формула туралы білімдерін пысықтайды және қайта жаңғыртады.

Жаңа түсінік:• Квадраттың ауданын, периметрін және кубтың көлемін табу формулаларын қолдануды түсінеді.

Қолданым әрекеті: Дайын формулаларды қолданып есептерді шығарады және сызба нұсқаларын көрсетеді.

Шығармашылық әрекет: • Есептің қойылымына сәйкес белгісізді іздеуде формуладағы шамалардың ара байланыстарына тоқталып салыстырып мәнін табады және формуладағы ізделінді шамалард өрнектеп анықтайды.

Тақырып жоспары:

1. Квадраттың периметрі мен ауданын табу формулалары

2. Кубтың көлемін табу формуласы

3. Аталмыш тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру

4.Тақырып бойынша дайындалған денгейлік тапсырмаларды орындау

5. Тақырып бойынша дайындалған топтық жұмыс

1. Квадраттың периметрі мен ауданын табу формулалары

Квадрат деп қандай фигураны айтамыз?

image


а

a

Квадраттың периметрін табу формуласы:

P = 4a

Мұндағы a –квадраттың қабырғасының ұзындығы.

Анықтама:Квадраттың ауданы оның қабырғасының квадратына тең.

Квадраттың ауданының формуласы:

S= a2

Мысал -1:Қабырғасының ұзындығы 3 см болатын квадраттың ауданы мен периметрінің жартысын табыңдар.

Жауабы:9 см2; 6см

2. Кубтың көлемін табу формуласы

Анықтама:Барлық өлшемдері тең тік бұрышты параллелепипедті ___________________________ деп атаймыз.

Кубтың көлемін табу формуласы:

imageV =a · a · a =a3

а Мұндағы a –кубтың қырының ұзындығы.

а а

Мысалы -2:Кубтың көлемі8 см3 болса, қыры неше сантиметр?

Жауабы: 2 см

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. Квадраттың қабырғасы 6 см. Квадраттың периметрін және ауданын табыңдар.

2.Кубтың қыры 5 см. Кубтың көлемін табыңдар.

3.Бір килограмм ұнның бағасы а тг. n кг ұнның құны неше теңге?

4. Катердіңменшті жылдамдығы 18 км/сағ. Өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ.

Катердің ағысқа қарсы жылдамдығын табыңдар.

5. Кубтың бір жағының периметрі 36 см. Кубтың бір жағының ауданы неше квадрат сантиметр?

ІІ деңгей тапсырмалары

1.Квадраттың қабырғасы 12 см. Осы квадратты қабырғасы 3 см неше квадратқа бөлуге болады? Суретін салыңдар. Жауабы : 16 кв.

2. Квадрат пішіндес қаңылтырдан ені 5 см тік төртбұрыш қиылып алынғанда, ауданы 150 см2 қаңылтыр қалды. Қаңылтырдың алғашқы ауданын табыңдар.

Жауабы :225 см2

ІІІдеңгей тапсырмалары

1.Гауһар мен әкесі өзенде ескекті қайықпен ағысқа қарсы жүзіп келеді. Кенеттен Гауһар суға қуыршағын түсіріп алды. Өзен суының ағыс жылдамдығы 30 м/мин. Қайықтың меншікті жылдамдығы 90 м/мин. 4 минутан соң қуыршақ қайықтан қандай қашықтықта болады?

Шешуі: Vа.ж= 30 м/мин,

Vм.ж= 90 м/мин,

Қайық ағысқа қарсы Vм.ж-Vа.ж= 90 м/мин – 30 м/мин = 60 м/ мин жылдамдықпен жүзеді.

60 · 4 + 30 · 4 = 240 +120 = 360(м) Жауабы : 360 м.

2. 3-суреттегі тік бұрышты параллелепипедтің төбе жағындағы ADC үшбұрышының ауданы 170 см2, ал биікткгі АЕ = 4 см. Тік бұрышты параллелепипедтің боялған бөлігінің көлемін табыңдар.

Шешуі: ΔADC· 2 = □ ABCD, 170 см2·2 = 340, V = 340· 4 = 1360(cм3) /2 = 680 см3

Жауабы : 680 см3

іV. шығармашылық әрекет

Топтық жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлініп төмендегі есепті шығарады.

Әр топ есептің қойылымына сәйкес белгісізді мәнін табады және формуладағы ізделінді шамаларды өрнектеп анықтайды .

І топ: 1) Тік төртбұрыштың ауданы 14 см2, периметрі 18 см. Тік төртбұрыштың өлшемдерін табыңдар.

Жауабы : 2 см және 7 см

2) T = a + 2b формуласынан T және bарқылы a –ны өрнектеңдер.

_______________________________________________________________________________________

ІІ топ: 1) Гүл егілетін тік төртбұрыш пішінді гүлзардың ауданы 300 м2. Осы гүлзарды қоршайтын қоршаудың ұзындығы ең аз болуы үшін, тік төртбұрыштың өлшемдері қандай болуы керек?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жауабы : ұзындығы 2 см, ені 150 см

2) T = a + 2b формуласынан T және аарқылы b –ны өрнектеңдер.

________________________________________________________________________________________

ІІІ топ:1) 4 –суреттегі АВС үшбұрышының АС қабырғасы 9 см. Сурет бойынша АВСүшбұрышының ауданын тапбыңдар.

image

Жауабы : 27 см2

2) S= 2a + bc формуласынан S және а , bарқылы c –ны өрнектеңдер.

_____________________________________________________________________________________

Үй тапсырмасы: 1) Оқулықтан № 990 есепті шығарыңдар.

2) Қалған 2 топтық жұмысты шығарыңдар.

Қорытынды:_______________________

Тексерілді: _______________________

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ