Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Астана қаласы

№68 орта мектептің

Денешынықтыру пәні мұғалімі

Сайлаухан Асан

Тақырыбы: «Дені саудың-жаны сау»

Мақсаты:

1. Балалардың арасында салауатты өмір салтын түсіндіру, қалыптастыру.

2.Денсаулықтарын жақсарту мақсатында спорт үлгілерін жетілдіріп, жігерлі, икемді, сымбатты етіп,өсу қабілеттерін дамыту.

3.Батыл, сыйластық, мейірімділік, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәр-

биелеу.

Керекті құралдар: гимнастикалық орындық, құрсау, тақтайша, жалаушалар, сақина.

Жетекші: Балалар, бізге бүгін қонақтар келіпті, кәне қонақтармен

амандасайық:

Балалар: Сәлеметсіздер ме?

Тәрбиеші: Балалар бір –бірімізге жақсы тілек айтайық. Балалар: Деніміз сау болсын! Шымыр болайық! Батыл болайық! Бірлігіміз мықты болсын! Саламатты өмір сүрейік! Енді дене шынықтыру оқу іс-әрекетін бастайық. Бүгінгі күндерің нұрлы, көңіл күйлерің жақсы болсын.

Кіріспе бөлім:

Жетекші: Сап түзел. Оңға бұрыл. Бір қатар жүрейік. Балалар шеңбер жасап жүрейік.

1.Қолымызды белге қойып, кеудені тік ұстап аяқтың ұшымен

жүреміз.

2.Қолымызды желкемізге қойып, кеудені тік ұстап өкшемен

жүреміз.

3.Қолды жанымызға қойып тез-тез жүреміз.

4.Қолды кеудеге қойып, жәй, ақырын жүгіру.

Негізгі бөлім:

Жалпы дамыту жаттығуларын жасау.(таяқшамен)

1. Бастапқы қалып аяқты бірге қосып тұру, қол төменде

а\ бір қолды жоғары көтеру

ә\оңға тербелу

б\ солға тербелу

в\бастапқы қалыпқа оралу

3-4 рет қайталау.

2. Бастапқы қалып екі аяқтың арасы ашық, қол төменде

а\ қолды алға созу

ә\ еңкейіп таяқшаларды жерге қою

б\ бастапқы қалыпқа оралу

в\ қолды алға созу

г\ жердегі таяқшаларды қолға алу

д\ бастапқы қалыпқа оралу

4-5 рет қайталау.

3. Бастапқы қалып аяқ арасы ашық, қол төменде

а\ секіріп аяқ арасын қосу

ә\ таяқшасы бар қолдарын жанына созу

4. Таяқша бар қолдарын жоғары көтеріп, бір орында айналып

жүгіру, еркін тыныс алу.

Жетекші: Ара қашықтықты сақтаймыз, жарайсыңдар, балалар!

Негізі қимыл:

1.Гимнастикалық орындық үстімен тепе-теңдікті сақтап

жүру, жерде жатқан таяқшаны аттап жүру.

2. Гимнастикалық орындықтың үстімен еңбектеп жүру,

жерде жатқан құрсауға секіру. Сақиналарға шапшаңдықпен кіріп, айналдырып өту.

3. Қимылды ойын: «Қасқыр мен қаздар»

4. Сапқа тұру. Терең тыныс алып дем алу.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау. Балаларды ма-

дақтау. Қонақтармен қоштасу.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Дені саудың - жаны сау

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы

№13 «Ертөстік» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі

Бабажанова А.Б

Балалардың негізгі қимыл- әрекеттерін жетілдіруге арналган оқу іс - әрекетінің мақсаты: спорттық әуенді қозғалыс жаттығулары мен ұлттық ойындарды үйрету және сол үйренгендерін өз еріктерімен орындауға жаттықтыру , сондай-ақ оны орындау арқылы ұлттық салт-дәстүрді бойларына сіңірте отырып, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Оқу іс - әрекетінің барысы;гимнастикалық орындық,доға түрлі - түсті кубиктер, бүдірлі алаша.

Оқу іс - әрекетінің барысы;Балалар бірінің артынын бірі жүріп, музыка әуенімен залға кіреді.

Тәрбиеші;Балалар бүгін бізде үлкен мереке ,оған көп қонақтар келіп отыр ,қане,қонақтармен амандасайық.

(Балалар амандасады)

Бүгін Айша әже үйіндегі «Шілдехана» тойына шақырды.Айша әженің үйі алыс,түрлі қиын жолдардан өтеміз.Қйындықты жеңу үшін жаттығып, шынығып алайық.Ал қане тұрайықта жолға шығайық.(Залдың екінші бөлігі Айша әженің үйі)

1.Кіріспе

1.Аяқтың ұшымен тұрып ,күннің көзіне қарай қолымызды созып, гүлдің жұпар исімен терең демалайық.Аяқты кезек көтеріп ,қолдарды жоғары созған бойы мұрынмен тыныстайық.

2.Қолдарды белде ұстап , жердегі гүлдерді басып кетпеу үшін аяқтарды жоғары көтеріп жүрейік .

3.Аяқтың ұшымен жылдам жүру.

Балалар әже бізді күтіп қалмау үшін жылдамырақ жүрейік.

2.Жалпы дамыту жаттығулары(Аэробика Жалқаубек)

1.Бастапқы қалып;Аяқтар алшақ,қолдар белде,бастарын оңға солға бұру.

2.Б.қ;Дымбілмес; Аяқты алшақ қойып, қолдарды белге ұстап ,екі иықты кезек кезек көтеріп түсіру.

3.Б.қ:Ат болу.Екі аяқты кезек- кезек алға созып иілу.

4.Б.қ:Иыққа қолды қойып еңкейіп, екі аяқтың ұшына басты тигізу

5.Б.қ:Отырып ,екі аяқты жинап ,қайта алға созу.

6.Б.қ:Велосипед жатып , аяқтарын қимылдату

7.Б.қ:Қолдарды белге ұстап, аяқты аяқпен айқастырып секіру.

8.Б.қ:Аяқтарды қосып ,қолдарды жоғары көтеріп ,терең тыныс алып демді шығару.

Тәрбиеші:Бойымызды сергітіп алдық , енді сапарымызды онан әрі жалғастырайық.Ең алдымен кездесетін кедергілерден өтсек , әженің үйіне жетіп қаламыз.Әженің үйіне бару үшін орманнан өту керек.

3.Негізгі қимыл жаттығулары

1.Орманда құлаған ағаштар көп,сол ағаштардың астынан төрт аяқтап жүріп өтейік.(Еңбектеп доғаның астынан өту )

2.Көпірден құлап қалмай өтейік. Екі қолды жан - жағына созып ,тепе-теңдікті сақтап жүрейік

3.Алдымызда өткел тұр.Осы өткелден қос аяқтап секіріп өтуіміз керек .

4.Жылғадағы ағып жатқан судан аяғымызды сулап алмай,аттап, томарды басып өтейік.(Балалар бәрін орындайды)

- Міне балалар Айша әженің үйіне де келіп жеттік.Амандасу.Залдың екінші бөлігі Айша әженің ,әже балаларды төрге шақырды.

Әже :Айналайын ,балалар амансыңдар ма?Келгендерің қандай жақсы болды? Бүгін мен немеремнің Шілдехана тойын жасайын деп жатырмын.Шілдехана күні нәрестені ең алғашқы суға шомылдыру салты жасалады.Шілдехананы ұлттық салт дәстүрге айналдырып , той жасалады.Ал, ендеше тойды бастайық.Бәрің дөңгеленіп жақындап отырыңдар.Әжелер нәрестені қалай шомылдыратынын көріңдер.(Әжеге шара,жұмсақ орамал ,су құйылған құмыра дайындап қойылады.)Әже шараға жылы су құяды,ішіне күмістер тастайды да,нәрестені алып жайлап жылы суға шомылдыра бастайды.

Жуындырып жатып былай дейді:

Көзімнің ағы қарасы,

Жүрегімнің панасы

Көңілімнің санасы

Айналайын шырағым

Көлге біткен құрағым.

Маңдайдағы құндызым

Аспандағы жұлдызым

Денсаулығың нығайып

Улкен жігіт болуға

Шілде суын күш берсін деп , әже нәрестені шомылдырып , жұмсақ сүлгіге орап алады.Суын сүртіп құрғатады.

Бұдан кейін А.Жауменовтың «Анашым» деген әні орындалады.

Әже: Ал, енді балалар нәрестенің бойы құрысып қалмас үшін денесін маймен сылап шынықтырайық.

Оны да міне көріп алыңдыр.Әже немересінің аяқ қолын майлап ,созып , өс - өс жаттығуын жасайды.

Өс - өс балам өсе бер

Батыр бол балуан білекті.

Батыр бол , таймас жүректі

Аяғыңды созайын,

Саусағыңды жазайын

Етті болсын балтырың

Епті болып өс жарқыным деп , нәрестені жөргекке орап , бесікке бөлеп жатқызады.Бесік жыры айтылады.

Балалар мақал - мәтел айтады.

1.Шынықсаң шымыр боласың.

2.Сусыз өмір жоқ.

3.Судың да сұрауы бар

4.Дені саудың жаны сау.

Тәрбиеші : Әже, енді тойымызды ойынмен жалғастыруға рұхсат етіңіз?Кім жылдам деген ойын ойналады.

Ойынның шарты:Балалар шеңбер құрып тұрады.Ортаға бір бала шығып , домбырамен музыка ойнайды.

Музыка тоқтап, домбыраның басы екі баланың арасына әкеліп қойылады.Осы кезде екі бала шеңберді екі жаққа айналып жүгіріп ,домбыраның басын ұстауға тырысады.Кім тез жетеді,сол бала домбыраны алып ортаға шығады.

Ойын «Дәу төбет»

Әне жатыр дәу төбет

Жайлап басып барайық.

Жайын оның қарайық

Ұйықтап жатқан төбетті

Оятып біз алмайық.

Тәрбиеші :Әже тойды қыздырған, біздің балаларға ризасыз ба?

Әже :Рахмет, балаларым, Жаңбырмен жер когерер, батаменен ел когерер дегендей сендерге өз батамды берейін(Әже бата беріп қоштасады)

Тәрбиеші:оқу іс-әрекетін қорытындылағанда дөңгеленіп тұрған балаларға сұрақ қою арқылы түсінгендерін пысықтай түседі.

- Балалар, бүгін не істедік?

- Айша әжейдің үйіне шілдехана тойына бардық

- Айша әжейдің үйіне қалай бардық?

- Ағаштардың астынан , көпірден ,өткелден өттік, томарды басып өттік.

- Айша әжейдің үйінен нені көрдіңдер?

- Немересін суға шомылдырды, денесін майлады, шынықтырды.

- Жақсы балалар, бүгін сендер белсенді болып ,жақсы балалар екендіктеріңді байқаттыңдар.

Бір - бірімізге ризашылығымызды білдіріп , рахмет айтайық .

(Балалар бір біріне жылы лебіздерін білдіріп ,рахмет айтып ,залдан шығады.)

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов