Дені саудың
- жаны сау
Оңтүстік
Қазақстан облысы Шымкент қаласы
№13
«Ертөстік» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
Бабажанова А.Б
Балалардың негізгі қимыл- әрекеттерін жетілдіруге арналган оқу іс -
әрекетінің мақсаты: спорттық әуенді қозғалыс жаттығулары мен ұлттық ойындарды
үйрету және сол үйренгендерін өз еріктерімен орындауға жаттықтыру , сондай-ақ
оны орындау арқылы ұлттық салт-дәстүрді бойларына сіңірте отырып, салауатты
өмір салтына тәрбиелеу.
Оқу іс - әрекетінің барысы;гимнастикалық орындық,доға түрлі - түсті кубиктер, бүдірлі алаша.
Оқу іс - әрекетінің барысы;Балалар бірінің артынын бірі жүріп, музыка әуенімен залға кіреді.
Тәрбиеші;Балалар
бүгін бізде үлкен мереке ,оған көп қонақтар келіп отыр ,қане,қонақтармен
амандасайық.
(Балалар амандасады)
Бүгін Айша әже үйіндегі «Шілдехана» тойына
шақырды.Айша әженің үйі алыс,түрлі қиын
жолдардан өтеміз.Қйындықты жеңу үшін жаттығып, шынығып алайық.Ал қане тұрайықта
жолға шығайық.(Залдың екінші бөлігі Айша әженің үйі)
1.Кіріспе
1.Аяқтың ұшымен тұрып ,күннің көзіне қарай
қолымызды созып, гүлдің жұпар исімен терең демалайық.Аяқты кезек көтеріп
,қолдарды жоғары созған бойы мұрынмен тыныстайық.
2.Қолдарды белде ұстап , жердегі гүлдерді
басып кетпеу үшін аяқтарды жоғары көтеріп жүрейік .
3.Аяқтың ұшымен жылдам жүру.
Балалар әже бізді күтіп қалмау үшін
жылдамырақ жүрейік.
2.Жалпы дамыту жаттығулары(Аэробика Жалқаубек)
1.Бастапқы қалып;Аяқтар алшақ,қолдар
белде,бастарын оңға солға бұру.
2.Б.қ;Дымбілмес; Аяқты алшақ қойып,
қолдарды белге ұстап ,екі иықты кезек кезек көтеріп түсіру.
3.Б.қ:Ат болу.Екі аяқты кезек- кезек алға
созып иілу.
4.Б.қ:Иыққа қолды қойып еңкейіп, екі
аяқтың ұшына басты тигізу
5.Б.қ:Отырып ,екі аяқты жинап ,қайта алға
созу.
6.Б.қ:Велосипед жатып , аяқтарын қимылдату
7.Б.қ:Қолдарды белге ұстап, аяқты аяқпен
айқастырып секіру.
8.Б.қ:Аяқтарды қосып
,қолдарды жоғары көтеріп ,терең тыныс алып демді шығару.
Тәрбиеші:Бойымызды
сергітіп алдық , енді сапарымызды онан әрі жалғастырайық.Ең алдымен кездесетін
кедергілерден өтсек , әженің үйіне жетіп қаламыз.Әженің үйіне бару үшін
орманнан өту керек.
3.Негізгі қимыл жаттығулары
1.Орманда құлаған ағаштар
көп,сол ағаштардың астынан төрт аяқтап жүріп өтейік.(Еңбектеп доғаның астынан
өту )
2.Көпірден құлап қалмай
өтейік. Екі қолды жан - жағына созып ,тепе-теңдікті сақтап жүрейік
3.Алдымызда өткел тұр.Осы
өткелден қос аяқтап секіріп өтуіміз керек .
4.Жылғадағы ағып жатқан
судан аяғымызды сулап алмай,аттап, томарды басып өтейік.(Балалар бәрін
орындайды)
- Міне балалар Айша әженің
үйіне де келіп жеттік.Амандасу.Залдың екінші бөлігі Айша әженің ,әже балаларды
төрге шақырды.
Әже :Айналайын ,балалар
амансыңдар ма?Келгендерің қандай жақсы болды? Бүгін мен немеремнің Шілдехана тойын жасайын деп
жатырмын.Шілдехана күні нәрестені ең алғашқы суға шомылдыру салты
жасалады.Шілдехананы ұлттық салт дәстүрге айналдырып , той жасалады.Ал, ендеше
тойды бастайық.Бәрің дөңгеленіп жақындап отырыңдар.Әжелер нәрестені қалай
шомылдыратынын көріңдер.(Әжеге шара,жұмсақ орамал ,су құйылған құмыра дайындап
қойылады.)Әже шараға жылы су құяды,ішіне күмістер тастайды да,нәрестені алып
жайлап жылы суға шомылдыра бастайды.
Жуындырып жатып былай
дейді:
Көзімнің ағы қарасы,
Жүрегімнің панасы
Көңілімнің санасы
Айналайын шырағым
Көлге біткен құрағым.
Маңдайдағы құндызым
Аспандағы жұлдызым
Денсаулығың нығайып
Улкен жігіт болуға
Шілде суын күш берсін деп ,
әже нәрестені шомылдырып , жұмсақ сүлгіге орап алады.Суын сүртіп құрғатады.
Бұдан кейін А.Жауменовтың «Анашым»
деген әні орындалады.
Әже: Ал, енді балалар
нәрестенің бойы құрысып қалмас үшін денесін маймен сылап шынықтырайық.
Оны да
міне көріп алыңдыр.Әже немересінің аяқ қолын майлап ,созып , өс - өс жаттығуын
жасайды.
Өс - өс
балам өсе бер
Батыр
бол балуан білекті.
Батыр
бол , таймас жүректі
Аяғыңды
созайын,
Саусағыңды
жазайын
Етті
болсын балтырың
Епті болып
өс жарқыным деп , нәрестені жөргекке орап , бесікке бөлеп жатқызады.Бесік жыры
айтылады.
Балалар мақал - мәтел айтады.
1.Шынықсаң
шымыр боласың.
2.Сусыз
өмір жоқ.
3.Судың
да сұрауы бар
4.Дені
саудың жаны сау.
Тәрбиеші : Әже, енді тойымызды ойынмен жалғастыруға рұхсат
етіңіз?Кім жылдам деген ойын ойналады.
Ойынның шарты:Балалар шеңбер құрып тұрады.Ортаға бір бала шығып
, домбырамен музыка ойнайды.
Музыка
тоқтап, домбыраның басы екі баланың арасына әкеліп қойылады.Осы кезде екі бала
шеңберді екі жаққа айналып жүгіріп ,домбыраның басын ұстауға тырысады.Кім тез жетеді,сол
бала домбыраны алып ортаға шығады.
Ойын «Дәу төбет»
Әне
жатыр дәу төбет
Жайлап
басып барайық.
Жайын
оның қарайық
Ұйықтап
жатқан төбетті
Оятып
біз алмайық.
Тәрбиеші :Әже тойды қыздырған, біздің балаларға ризасыз
ба?
Әже :Рахмет, балаларым, Жаңбырмен жер когерер,
батаменен ел когерер дегендей сендерге өз батамды берейін(Әже бата беріп
қоштасады)
Тәрбиеші:оқу іс-әрекетін қорытындылағанда дөңгеленіп
тұрған балаларға сұрақ қою арқылы түсінгендерін пысықтай түседі.
- Балалар,
бүгін не істедік?
- Айша
әжейдің үйіне шілдехана тойына бардық
- Айша
әжейдің үйіне қалай бардық?
- Ағаштардың
астынан , көпірден ,өткелден өттік, томарды басып өттік.
- Айша
әжейдің үйінен нені көрдіңдер?
- Немересін
суға шомылдырды, денесін майлады, шынықтырды.
- Жақсы
балалар, бүгін сендер белсенді болып ,жақсы балалар екендіктеріңді
байқаттыңдар.
Бір -
бірімізге ризашылығымызды білдіріп , рахмет айтайық .
(Балалар
бір біріне жылы лебіздерін білдіріп ,рахмет айтып ,залдан шығады.)