Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Хасенова Кульмира Махановна ,жоғары санатты Ақмола облысы білім басқармасының

«Жұлдыз» санаторлық типтегі мектеп - интернатының биология пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері.

Сабақтың білімдік мақсаты:Оқушылар қанайналым шеңберлері, артериялық қысым , лимфа-

айналымы, қанның қозғалуы, тамырдың соғуы туралы білу керек;

Сабақтың дамытушылық мақсаты:дүниетанымын, функционалдық сауаттылығын дамыту;

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушылар жүрекмиокардісі, аққан, гипертония, гипотония

ауруларының алдын алуын білулері керек.

Табыс критерийлері: Күтілетін нәтижелер сипаттамасы:

С деңгей: қанайналым шеңберлері, артериялық қысым , лимфа айналымы, қанның қозғалуы, тамырдың

соғуы жүрекмиокардісі, аққан, гипертония, гипотония ұғымдарын түсінеді;

В деңгей С нәтижелеріне қоса зертханалық жұмыс нәтижелерін қорытындылауда тамырдың соғу

жиілігінің өзгеру себептерін көрсетіп білімін практикада қолдана алады

А деңгей: С,В нәтижелеріне қоса жүрекмиокардісі, аққан, гипертония, гипотония ауруларының алдын

алу туралы ақпараттарды жинақтап, талдайды, баға береді, сыни ойлауға дағдыланады;

Сабақтың кезеңдері

Кезеңнің мазмұны

Қатысушылар-

дың іс-әрекеті

І.Топқа бөлу

Топ аттары үстел үстінде жазылған:

«Жүрек», «Қан тамырлары», «Реттелу». Парақшаларда:эпикард, артерия, миокард,

адреналин, тироксин т.б сөздер жазылған.

Қолына алған парақшадағы

сөздің топтың атына байланысын тауып, өз тобын тауып алады.

ІІ. Қызығушылықты

ояту

– Балалар, неліктен қан бір бағытта ағады

және қан қысымы, миокард аурулары

туралы қандай мәліметтер білесіңдер?

Әр оқушы өз ойын параққа

жазып, жұбына айтады.

(жеке және жұптық жұмыс)

ІІ. Мағынаны тану.

1. Оқулықпен өзіндік жұмыс ұйымдастыру

«Білу»

2. Кері байланыс

«Түсіну»

3. № 12 зертханалық

жұмыс

«Қолдану»

4. Қосымша ақпарат

5. Ізденіс жұмысы

«Талдау»

Әр топтағы оқушылар нөмірленіп, тақы-рыпшалар беріледі:

№ 1 Үлкен, кіші қанайналым шеңберлері.

№ 2 Лимфаайналым.

№ 3 Қанның тамыр бойымен таралуы

№ 4 Тамырдың соғуы, артериялық қысым

§ 34 соңындағы сұрақтарға жауап беру

Тақырыбы:Тамырдың соғуын кәрі жілік артериясынан өлшеу арқылы зерттеу.

Көрсеткіштер

Тамырдың

соғу жиілігі

1.

Тыныштық күйде

1 минутта

2.

20 рет отырып-

тұрған соң 1 мин

« Қанайналым жүйесі» бейнекөрсетілім

Презентация «Жүрек-қантамыр аурулары»

Тақырыпы оқып шығып,

бір-біріне мазмұндап, оқулық-тағы суреттерді қолдана отыр-

ып түсіндіреді..

(жеке және топтық жұмыс)

(өзара бақылау)

Оқушылар сол қол білезігінен артерия тамырын тауып, секун- домермен 1 мин соғу жиілігін анықтайды.20 рет отырып-тұрғаннан кейін тағы бақылайды. Мәліметтерді кестеге түсіріп, тамырдың соғу жиілігінің өзгеру себептерін көрсетіп қорытынды жазады.

Қосымша мәлімет алады.

Ақпараттарды жинақтап, талдайды, баға береді

ІІІ. Ой-толғау

«Бағалау»

« Жүрек –қантамыр ауруларының

алдын алу» тақырыбында постер қорғау

Постер құрып, қорғайды

сыни ойлауға дағдыланады;

ІУ. Бағалау

Топ

аты

Постер көрсеткіштері

Мазмұны

10 ұпай

Суреттеу

20 ұпай

Креатив

30 ұпай

Постер қорғаушы топты басқа топтар критерийлер бойынша бағалайды.

УІІ. Рефлексия

Мен топтық жұмысқа қандай үлес қостым?

Стикерлерге жазып іледі.

УІІІ. Үйге тапсырма.

§ 34, гипертония ауруларының себептері туралы қосымша мәліметтер жинақтау

Күнделіктерінежазады

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов