Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от adaanaa в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Технологиялық карта Білім беру салалары: Таным Кіріктірілген білім салалары: Көркем әдебиет. Орыс тілі Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру Тақырыбы: 4 цифрымен танысу. Үлкен,кіші,кішкентай. Балалардың зейінін дамыту. Мақcаты: *Математикалық жұмбақтарды көрген мәліметтерге сүйене отырып шешу; *4 цифрын 4 санының таңбасы ретінде таныстыру; *Нүкте бойымен 4 цифрын бастырып салуды үйрету; *Өзге цифрлардың арасынан 4 санын табу; * «Үлкен», «кіші», «кішкентай» сөздерін пайдалана отырып,заттарды көлеміне қарай сәйкестендіруді үйрету; *Көру арқылы есте сақтау қабілетінің дамуына ықпал ету; *Әртүрлі көлемдегі заттар тобының саны тең және тең еместігін көре білуге үйрету Қолданылатын көрнекі, оқу құралдары: Үлкен,кішкентай заттардың салысты-руға арналған суреттері,цифрлар карточкасы. Әдіс – тәсіл: 1.«Шешуін тап және жаз» ойыны; 2. «Цифрды тап» ойыны; 3. «Санамақ» сергіту минуты; 4.Дәптермен жұмыс; 5. «Суретті дұрыстап сал» ойыны. Сөздік жұмыс: Үлкен,кіші,кішкентай Билингальді компонент: Төрт - четыре

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс –әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация-

лық

қозғаушы

Педагог балаларға жұмбақ жасырады:

Әйгерім өз себетіне,

Үш саңырауқұлақ салды. Қарап жүрмей тағы да, Тал қасынан біреуін алды. Жоғалтпайық уақытты,

Бізге тек санау ғана қалды.

Балалар жұмбақ өлең-нің жауабын табады.

4 саңырауқұлақ.

Іздену

ұйымдас-

тырушы

Тура және кері санау.

Орысша санау.

Сандар туралы тақпақ айту.

1-тапсырма.«Шешуін тап және жаз» ойыны.

Педагог суретте неше саңырауқұлақ болса, жолақ ішіне сонша дөңгелек салуды тапсыра-ды.Содан соң сұрақ қояды:

-Неше дөңгелек салдыңдар?

-Неліктен?

2-тапсырма. «Цифрды тап» ойыны.

Педагог өлең оқып береді:

Білек күші тасыған, Қолын қойып беліне,

Төрт күрескер ағаң. Шаршамайды ешқашан.

Педагог балаларға 4 цифрының сандар қатар-ындағы орнын анықтап,сол сан нешені білдір-се,сонша моншақ бояуды тапсырады.Содан соң өзге цифрлардың арасындағы төрттіктерді тауып,оларды қоршап шығуды тапсырады.

«Санамақ» Сергіту минуты.

Бір,екі,үш,төрт Секіреміз бәріміз.

Жиналамыз бәріміз. Бір,екі,үш,төрт,

Бір,екі,үш,төрт, Отырамыз бәріміз.

Описание: c:\users\user\desktop\фото сара-9\балалар\20161130_102711.jpg

Үлестірмелі материалмен жұмыс.

-Балалар алдарыңдағы геометриялық пішін-дерді көрсетіңдер, атаңдар.Мынау қандай фигура?

-Ал мынау ше?

-Тіктөртбұрышты көрсетіңдер.

-Педагог балаларға мынандай тапсырма береді: барлық үлкен шаршыларды іріктеп алып төменгі жолаққа,ал кішкентайларын жоғарғы жолаққа қойып шығуларың керек. Бірақ олардың саны тең екендігі көрініп тұрғандай болсын.

Педагог 2-3 баладан шаршылардың көлемі қандай және әр жолақта неше шаршы бар екенін сұрайды.

3-тапсырма. «Суретті дұрыстап сал» ойыны.

Балалар 1-қатарда неше киіз үй тұрғанын санайды, содан соң олардың көлеміне назар аударады. Осылайша3-қатардағы суретке де талдау жасайды. Балалар суреттің орналасу заңдылығын анықтағаннан кейін,педагог екінші қатардағы балықтарды қалай салу керектігін сұрайды.

4-тапсырма.

Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Мені қардан жасапты, Мұрным-сәбіз,

Ойланып көр. Көзім-көмір.

Қолым-таяқ,

Педагог балаларға бір қарағанда бір-бірінен аумайтын,бірақ айырмашылықтары бар аққа-лаларды көрсетеді.Содан соң қанша айырма-шылық тапса,сонша шеңберді бояуға тапсыр-ма береді.

Егер тапсырма дұрыс орындалған болса,төрт дөңгелек боялуы шарт.

«Санамақ» айту.

-1,2,3,4,5,5,4,3,2,1.

-Раз,два,три,четыре, пять.

Балалар сандар(1,2,3) туралы білетін тақпақ-тарын айтады.

Балалар 4 дөңгелектің суретін салады және сұрақтарға жауап береді.

-Төрт.

Үшке бірді қоссақ төр-теу болады.

Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.

Тапсырма дәптерге орындалады.

Балалар төрт моншақты бояйды.

Балалар 4 цифрын сызады.

Балалар жаттығуларды орындайды.

Екі аяқтап алға қарай секіреді.

Бір орында тұрып секіреді,отырады.

Қолдарын жан-жаққа созады.

-Үшбұрыш.

-Дөңгелек.

Балалар шаршыларды санайды.

Балалар суреттің ең кішкентайдан бастал-ып, біртіндеп үлкейе беретінін айтады. Кішкентай балықтың суреті берілген,екіншісі одан үлкенірек, үшін-шісі үлкен балық болатынын айтады.

Тапсырманы орындайды.

Балалар жұмбақтың шешуін табады:

Аққала.

Балалар олардың айырмашылықтарын атайды:

Аққаланың бірінің шелегінде қыраудың суреті бар, екіншісінде жоқ;бірінде екі түйме, екіншісінде бір ғана түйме,бірінің сол жағында сыпырғыш бар,екіншісінде жоқ.

Балалар санамақ айтады.

Рефлексивті

коррекция-

лаушы

-Әйгерімнің себетінде неше саңырауқұлақ бар екен?

-Сендер қандай цифрмен таныстыңдар?

«Таңда,сана,көрсет»ойын-жаттығуы

-Балалар,үстелдеріңде цифрлар жатыр.Мен қол шапалақтаймын,ал сендер мұқият тыңдап,соған сәйкес цифрды көрсетіңдер.

Педагог балаларға «Қуанышты хабарлама» береді, мадақтайды.

Төрт саңырауқұлақ.

4 цифрымен.

Балалардың алдына 1-ден 5-ке дейінгі цифр-лар жатыр.Педагогтің тапсырмасын орындай-ды.Цифрларды көрсете-ді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 4 цифрын; «үлкен», «кіші», «кішкентай» сөздерін.

Игереді: 4 цифрын өзге сандардың арасынан табуды,жұмбақты шешуді.

Меңгереді: 4 цифры туралы түсінікті.

ответил от adaanaa

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ