Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Ulia в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Сабақтың тақырыбы: Тігін машинасының шығу тарихы.

        Тігін машинасымен танысу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға күнделікті тұрмыста қолданылатын тігін            машинасы туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: Тігін машиналарын бір-бірінен ажырата біліп, өз бетімен жұмыс істеуге қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке, әдемілікке, ептілік пен шеберлікке, жаңа заман талабына сай тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру.

Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндіру, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Іс машиналары, тірек сызбалары.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру
  2. Жаңа сабақты түсіндіру
  3. Үй тапсырмасын тексеру
  4.  Жаңа сабақты қорытындылау
  5.  Бағалау
  6. Үйге тапсырма

Сабақ жоспары:

  1. Ең алғаш тігін машинасының жобасын кім ұсынды?
  2. Карль Визенталь қандай машина ойлап тапты?
  3. Уолтер Хант қандай машина ойлап тапты?
  4. Элиос Хоу кім?
  5. Исаак Зингердің қандай еңбегі бар?
  6. «Зингер зауыты» қай жылы, қай қалада ашылды?
  7. Машинаның қандай түрлері бар?
  8. Машинада дұрыс отыру тәртібі?
  9. Қауіпсіздік ережесі?
  10. Тігін машинасының құрылысы?

Тігін машинасы құрылымының негізгі элементтері.

Тұрмыстық тігін машинасымен танысу.

  1. Шөрнек құрылғысы
  2. Басу табаны
  3. Мата жыртқыш
  4. Жіп тартқыш
  5. Жіп бағыттағыш
  6. Жеңқап
  7. Жіп орағышқа арналған өзек
  8. Жіп орағыш
  9. Айналма дөңгелек
  10.  Тігіс ұзындығын көрсеткіш
  11.  Кері жүріс тетігі
  12.  Тігіс адымын реттегіш тұтқа
  13.  Жеңқап тіреуі
  14. Тұғыр
  15. Жіп бағыттағыш
  16. Ысырмалы пластина

Машинада дұрыс отыру тәсілі:

Жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсу керек

Отыратын орындық пен тігін машинасының арақашықтығы 10-15 см болу керек

Құрал-жабдықтар арнайы қорапта тұру қажет, үстелдің үстінде тек қана тігілетін бұйым труы тиіс

Тігін машинасының айналатын бөлшектеріне тым жақындауға болмайды

Қауіпсіздік ережесі:

  • Шаш міндетті түрде орамал астында болуы керек
  • Іс машинасында керексіз заттар болмауы керек
  • Жұмыс алдында бұйымды тексеру қажет өйткені, мыс түйреуіш сиақты заттар қалуы мүмкін
  • Қимылдап айналатын машина бөлшектеріне жұмыс барысында еңкеюге болмайды
  • Инені сабақтау үшін машинаны тоқтатып өшіру қажет
  • Тоққа қоспай тұрып машинаның және машина табанында резеңке кілемше болуын тексеру қажетжұмыс соңында электр желісінен айырып, инені төмен түсіріп қою қажет

Қорытынды сұрақтар:

  1. Өз машинаңнан тігін машинасы құрылымының негізгі элементтерін көрсет
  2. Жоғарғы жіптің сабақталуын көрсет
  3. Шарыққа жіп қалай оралады
  4. Тігін машинасында жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік еределерін атап көрсет
  5. Тігін машинасы құрылымының негізгі бөліктерін ата
  6. Тігін машинасы жетектерінің түрлерін ата
  7. Жұмыс үстелінде дұрыс отыруды көрсет

Үйге тапсырма: 108-бет.

ответил от Ulia

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
0 ответов