Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы,Ақбастау ауылы

№33 Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебі,

Ғылыми жоба

Ғылыми зерттеу күнделігі

Жетекшісі: Тлегенова Клара

Орындаған: Алтай Султан 9-сынып оқушысы

Зерттеу тақырыбы:

« Ұялы сымтетіктің шығу тарихы»

Зерттеу өзектілігі:Ұялы сымтетіктің біздің өмірімізге қажеттігіне қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, қасиеттерін насихаттау.

Зерттеу болжамы:Ғылыми оқулықтар мен интернет желісі

Зерттеу мақсаты: Ұялы сымтетіктуралы мәлметтерді тереңдетіп тұрмыста пайдаланып жатқан жаңалықтарды жеткізу, одан туындаған ойлардан пайдалы нәрселер шығару, айналасындағы достарына ой салу

Зерттеу міндеттері:

а) Ұялы сымтетіктің шығу тарихымен танысу

б) Ұялы сымтетік туралы жан-жақты деректер

в) Ұялы сымтетікті пайдаланудың жолдарының орнын түсіну

Зерттеу кезеңдері:

1.Ұйымдастыру кезеңі

а) Аудандық, мектептік кітапханадағы түрлі кітаптарда және де басқа

деректерде кездесетін мәліметтер, фактілер, материалдарды жинақтау

және зерттеу

1-бет

Интернет желісімен тұрақты байланыс орната отырып,құнды деректер

базасын жасау

ә)Зерттеу материалдар бойынша қорытындылар мен ой-тұжырымдар

жасау

ІІ.Практикалық кезең

а) Ұялы сымтетіктің жасалу жолдарымен танысу

ә) Ұялы сымтетіктің пайдалануы

б) Ұялы сымтетіктің ерекшелігі туралы деректер жинақтау

ІІІ. Жалпы кезеңі

Зерттелген тақырып бойынша көрнекілік слайдтар жасау

Зертханалық бұрыш ұйымдастыру

Зертханалық тәжірибелер мен бейнежазбалар

Жұмыс мазмұны

Зерттеу әдістері

1

Ұялы сымтетіктің маңызы

Ұстаздарымен кеңесу

2

Ұялы сымтетіктіңтаңдау ережесі

Тарихи деректер

3

Түрлі ерекше түрлері

Зертханадағы зерттеулер

4

Қолдану әдістері

Медицинада өмірде

5

Ұялы сымтетікпен байланысты денелер

Оптикалық құралдар

6

Қазіргі кездегі қолданыс

Салыстыру

7

Зерттеу нәтижесі

Қорытындылау

1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді.

Өнертапқыш шотландықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды.Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағынаны білдіреді. Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды.Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр.Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады.

2-бет

Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын. Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды,төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды.Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп,88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады. 1997 жылы әлемде ұялы желі қызметінің абоненттері 207 миллионды құраған.Бұл жаңалық өндіріске енген уақыттан жиырма жыл мерзім өткен соң ғана,миллиардыншы абонент тіркелген.Ал екінші миллиардыншы межеге жетуге бар болғаны үш жыл мерзім қажет болды.Wireless Intelligence зерттеулер орталығының мәліметтерінше келесі 3 миллиардтық межеге 2010 жылдың соңында жететін боламыз.Ұялы байланыс қызметі жылдам өркендеп келе жатқан елдердің алдыңғы қатарында Қытай,Үндістан,Ресей,АҚШ,Пәкістан,Украина келе жатыр.Тұтынушылардың санының артуымен бірге ,ұялы байланыс индустриясы да ерекше қарқын алды.Бұл үрдістен Қазақстан да шеткері қалмады.Ресейден кейін өзінің байланыс құралын шығаруды қолға алған біздің еліміз үшін 2004 жылдың жөні бөлек.Дәл осы жылы Қазақстандық тұнғыш брендтің нарыққа шығуы іске асқан болатын.Ханымдар үшін арналған қазақстандық бұл өнімнің негізгі бренді тайваньдық компаниясына тиесілі болса-дағы, «Жетілік» атауын алған марканың дизайны мен мәзірлік құрылымы отандық мамандардың қолынан шыққан.Орта класты нарыққа арнап шығарылған «Жетілік» Софи маркасы Қазақстанның ұялы байланыс индустриясына енуге жасалған алғашқы қадам еді. Қазақстанда ұялы байланыс 1998 жылдан бері қолданыста жүр.16 миллион халқы бар Қазақстанның 5миллион 600 мың тұрғыны ұялы байланыс құралын тұтынушылар санатына кіреді.Болжамдар бойынша 2010 жылы Қазақстанда әрбір екі адамның бірі ұялы байланыс қызметін пайдаланады. Бүкіләлемдік тәжірибе бойынша ел нарығына енген тауарлар арнайы сараптама мен сертификациядан өтуге міндетті.Мұндай қызмет түрін ұсынушы жүйе Қазақстанда да бар. Телекоммуникация құралдарын,арнайы сараптаудан өткізетін «Телсет» орталығында шет елден келетін ұялы телефондар компаниялар мен фирмалардың өтініші бойынша,сынақтан өткізіліп,мемлекет бекіткен стандартқа сай сапасы анықталады.Бұл іске асқан жобада тауар сапасы 30-ға жуық өлшемдер негізінде анықталады.АҚШ-та ұялы телефонды құнарландырудың жаңа әдісі ойлап табылды.Ол үшін енді велосипед тебу кезінде өндірілген энергия пайдаланылды.

3-бет


ответил от Surak_zhauap
0 голосов
АҚШ 2008 жылдан бастап ұялы телефондарға арналған велосипед қозғалысы кезінде зарядтау мүмкіндігін беретін жаңа құрылғыларын шығара бастамақ.Ол негізінен электр энергиясы тапшы немесе велосипедтері көп үшінші әлем елдеріне арнап жасалып отыр.Жаңа құрылғы ға деген сұраныс әсіресе негізгі көлігі велосипед болып табылатын 500 миллион қытайлықтың тарапынан болады деген болжам бар.АҚШ-тың бірнеше электрондық құрылғылар мен бағдарламалар жасайтын компаниялары бірігіп,жер астынан ұялы телефонмен хабарласу мүмкіндігін беретін байланыс жүйесін жасап шықты.Жаңа технология төтенше жағдайда кезінде шахта қызметкерлерін қорғауға мүмкіндік береді.Жаңа жобаның тәжірибелері Питсбургтағы шахталардың бірінде жасалды.Қазір АҚШ үкіметі бұл жаңалықтың өндіріске енуіне рұқсат берді.SAR өлшемі туралы жалпы түсінік. SAR өлшемі –телефонның сәулелендіру деңгейінің қауіпсіздік деңгейінің коэффициенті. Ұялы телефон-электрлік құрал. Адамның басқа абоненттермен сөйлесуі ,қысқа хабарлама жіберуі немесе жай ғана күту режиміндегі телефонда азды-көпті болсын электрмагниттік толқындардың генерациясы жүріп тұрады. Осы үдірісті тудыратын қабылдаушы антенна болып табылады.Ал телефонды құраушы басқа құралдардың зияны қызығушылық тудырмайды,себебі өте аз.Ұялы телефонның бойындағы электромагниттік толқындар электромагниттік сәулелерді шашады. Электромагниттік сәулелер жоғары жиілікті электрлік және магниттік өріс тарапынан туындайды.Осы сәулелену кез келген органикалық немесе бейорганикалық затқа әсер етеді.Көп уақыттан бері электромагниттік толқындарды өз пайдасына асыруда.Оларсыз коммуникация әлемін елестету қиынға соғатыны сөзсіз.Радиостанциялар ,көрсетілім,байланыс тірегі осы электромагниттік толқындар.Оларды қазіргі таңда медицинада да кеңінен қолдануда.Мысалы ретінде рентген,УЗИ-ді қарастыруға болады.Олар әкелетін зияннан пайдасы көбірек болады,ал ұялы телефонның жағдайы басқа.Біз ұялы телефонды құлақ тұсына қойған кезде телефон мен адамның басы арасында электромагниттік орта пайда болады.Оның әсерінен мидың жасушалары біртіндеп қызады .Ол,әрине адам жүйкесіне әсер етеді.Адамда ең алдымен стресс пайда болады,жүйке жүйесі біртіндеп тозып,протеиндер бөліне бастайды.Протеиндер –адам ағзасында болып жатқан химиялық реакцияларға қатысып,зат алмасу процестерін жылдамдатады. Осы факторлар әсерінен ұмытшақтық,бас ауру,агрессия,тіпті рак ауруы пайда болуы мүмкін.Сонымен, ұялы телефонның адам ағзасына тигізетін зияны белгілі жайт болды. Қоғамның реакциясы «қауіпсіз» телефондарды міндеттеді. Белгілі бір уақытта ұялы телефонның зиянды сәулелендіруін анықтайтын параметр қажет болды. Солай SAR ( Spekific Absortion Rates- ағылшынша меншікті жұтылу коэффиенті) пайда болды. Ұялы телефондарда SAR-дың деңгейі әлемдік стандаттар бойынша 0,8 Вт/кг-ға тең, л 2001 жылға дейін ол 2 Вт/кг-ға тең еді.... 4-бет

Ұсыныс: Осы жобаны әрі қарай дамыту

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Математика және Физика журналы

2.Энциклопедия.Сұрақ және жауап

3.Мектептегі технология №5. 2016

4.11-сынып.С.Тұяқбаев,Ш.Насохова,Б.Кронгарт

5-бет
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов