Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Zhannara в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
5 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Тігін машинасында жұмыс істеу ережелері. Тігін машинасын жұмысқа дайындау.»

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға тігін машинасын жұмысқа дайындауды, тігін машинасында дұрыс отыру тәсілдерін, тігін машинасының жоғарғы және төменгі бөліктеріне жіп өткізу ережелерін үйрету.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың тігін машинасымен жұмыс істеуге деген қызығушылықтарын оята отырып, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыларды жұмыс орнын таза ұстауға, мектеп мүлкін ұқыпты ұстауға, мектеп мүлкін ұқыпты сақтауға, ТҚЕ қатаң сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі мен құрал - жабдығы: интерактивті тақта, компьютер, тігін машиналары, нұсқау карта,тест, қайшы, жіп түрлері

Сабақтың түрі: аралас, сарамандық.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі,сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс

Пәнаралық байланыс: математика, информатика, тарих

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушылармен сәлемдесу.

ә) жоқ оқушыларды белгілеу.

б) жұмыс орнын сабаққа даярлау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. Графикалық диктант арқылы

Сұрақ жауабымен келіссе «Иә -», келіспесе «жоқ ^ » деп белгілейді.

1. Тігін машинасымен жұмыс істегенде жарық сол жақтан түсу керек. (-)

2. Іс тігуші мен машина столының арақашықтығы 16-20 см. болуы керек. (^)

3. Тігін машиналары қол жетегіндегі, аяқ жетегіндегі, электр жетегіндегі машиналар болып бөлінеді. (-)

4. Жетек-бұл машинаның жұмысшы бөлігін қозғалысқа келтіру қондырғысы. (-)

5. Қол машинасын 1870 жылы ойлап тапқан. (^)

6. Тұрмыста қолданылатын машиналармен өндірістегі машиналардың айырмашылығы жоқ. (^)

7. Аяқ машинасының ең керек деталі аяқ жетегі. (-)

8. Қол машинасы мен аяқ машинасының сабақтауы бірдей емес (^)

9. Орындық машина инесіне қарама-қарсы тұруы керек. (-)

10. Тігін машинасының ең алғашқы жобасын ұсынды Исаак Зингер (^)

11. Машинада жұмысқа кіріспес бұрын қауіпсіздік техникасы ережелерін білу қажет. (-)

12. Ресейде тігін машинасын шығаратын зауыт Мәскеу қаласында (^)

13. Әмбебап, арнайы, жартылай автоматты машиналардың орындайтын операциялары бірдей (^)

14. Тігін машинасының астыңғы жібінің керілуін реттегіш тігін машинасының қол бағанасында орналасады. (^)

15. Инешаншым ұзындығын реттегіш тетік тігін машинасының қол бағанасында орналасқан. (-)

Графикалық диктанттың жауаптары: /слайд/

_ ^ _ _ ^^ _ ^_ ^ _ ^^^ _

Бағалау рейтинг

Сұрақтар Баға

15-14 5

13-10 4

9-5 3

2. Жеке тапсырма. Жеке оқушыларға карточкалар таратылады

Тігін машинасының құрылысының атауларын сәйкестендір

ІІІ. Жаңа сабақ

Ой қозғау. Тігін машинасымен не істейміз? - сұрағын қою арқылы жаңа тақырыпты ашу.

1. Машина дегеніміз не?

2. Тігін машинасы дегеніміз не?

3. Тігін машинасының атасы деп кімді атаймыз?

4. Тігін машиналарының түрлерін атаңыз?

Жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Тігін машинасында жұмыс істеу ережелері. Тігін машинасын жұмысқа дайындау.»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тігін машинасын жұмысқа дайындауды, тігін машинасында дұрыс отыру тәсілдерін, тігін машинасының жоғарғы және төменгі бөліктеріне жіп өткізу ережелерін үйрету.

Тігін машинасында жұмыс жасаудан бұрын оны жұмысқа әзірлейді. Жоғарғы және төменгі жіптерді өткізеді ,тігістің ұзындық жүрісін фрикциялық винт арқылы реттеп отырады. Егер айналмалы дөңгелекті айналдырғанда ине қозғалса ол жұмыс істеуге дайын болғаны. Бос жүрісте айналмалы дөңгелек айналып ине қозғалмайды. Жіпті инеге машинаға дұрыс өткізбесе машина дұрыс жұрмейді.Төменгі жіпті шөрікке кигізеді, жіптің тартылысын реттеп отыру үшін шөріктің қабын қолданады.
ответил от Zhannara
0 голосов
Тігін машинасында жұмыс істеу ережелері:

1.Тігін машинасында жұмыс істегенде, орындықта дене мен басты сәл алға қарай иіп, тік отыру керек.

2.Бұйым мен көздің аралығы 30-40 см болуы, ал шынтақ үстел қақпағымен бір деңгейде орналасуы қажет.

3. Тігу кезінде бөлшектерді машина табанынаң сол жағына, ал тігіске қосымшаны оң жағына орналастырады.

4. Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсуі керек.

Тігін машинасымен жұмыс кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері:

1. Машина жұмыстарын орындайтын жұмыс орыны дұрыс ұйымдасшрылуы тиіс;

2. Машинаның айналатын бөлігіне қайшы және басқа аспаптарды жақын қоюға болмайды;

3. Қажетті аспаптар машина жәшігінде сақталады, ал машина табанына тек қана өнделетін мата қойылады;

4. Өңделуші матада, ине, түйіреуіш болмауы тиіс;

5. Машинаның қозғалатын бөлігіне жақын отыруға болмайды;

6. Орындық, тігін машинасының инесіне тұспа-тұс қойылады;

7. Жұмыс істеу кезінде, қолды дұрыс қалыпта ұстау керек;

8. Жұмыс соңында жұмыс орынын жинау керек.

IV.Сарамандық жұмыс: Тігін машинасын жұмысқа дайындау

Құрал-жабдықтар мен материалдар: тігін машинасы, тігін машинасын пайдалану бойынша нұсқаулық, орауыш жіптер.

Жұмыс орындау реттілігі:

1. Тігін машинасымен жұмыс барысында сақталатын қауіпсіздік ережелерін қайталап шығыңдар.

2. Тігін машинасын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты/машина жібін сабақтауды/ мұқият оқып шығыңдар.

3. Үстіңгі жіпті сабақтаңдар. Инеге сабақталған жіптің ұзындығы 10-15 см артық шығып тұруы тиіс.

4. Төменгі жіпті сабақтаңдар. Үстіңгі жіпті қолмен ұстап тұрып, айналмалы дөңгелекті өзіңе қарай айналдыр. Төменгі жіп шыққанда, толығымен шығу үшін, жоғарғы жіпті сәл тарту.

5. Екі жақтың ұштарын табанның артына қарай жіберіңдер.

6. Инешаншым ұзындығын реттегішті тетіктің көмегімен инешаншым ұзындығын белгілеңдер. Инешаншым ұзындығысырып тігілетін матаның қалыңдығы мен тігімнің қолданылуына байланысты. Мата қалың болған сайынинешаншым ұзындығы да ұзындау болады.

Тігін машинасының жоғарғы жібін өткізу ережесі.

Тігін машинасын жұмыс қалпына келтіріп инені жоғары көтеріп қой.

Жіпті қорабымен арнайы өзекке кигізіп , қажетті тетіктерден өткіз

Жіпті жоғары жіптің тартылуын реттейтін екі сақинаның арасынан жіптартқыш ілмегінен өткіз.

Жіпті инеге сабақтау.

Тігін машинасының төменгі жібін өткізу ережесі.

Жібі оралған шөрікті қабына кигіз.

Жіпті шөрік қабының жіпті тартып тұратын серіппесінің астынан өткіз.Жіптің ұшын 10-15 см артық қалдыр.

Шөрікті тігін машинасының астыңғы құрылғысына орналастыр,сырт еткен дыбыс естілгенде шөріе дұрыс орналасқаны.

Ысырмалы қақпақшаны жауып, инені жоғары-төмен қозғап төменгі жіпті суырып шығару керек.Жоғарғы жіп пен төменгі жіптің ұшын тартып,табан астынан кері жібер.

Оқушылардың жұмыстарын тексеру.

Сергіту сәті (оқушылар магниттік тақтадан сөзжұмбақ шешеді)

1. «Ақ алтын» деп қай өсімдікті атайды? Мақта

2. Жұмыстан қашатын адам. Жалқау

3. Жарқылдаған қос қылыш,

Қолға тисе жоқ тыныш. Қайшы

4. Тігу құралының бірі. Ине

5. Пән аты. Технология

6. Өнертапқыш Зингердің аты. Исаак

Сөзжұмбақтан «МАШИНА» сөзі шығу керек.

V. Оқушылардың білімін тексеруге арналған қорытынды тест.

1.Алғашқы тігін машинасының жобасын ұсынған адам

А) Карл Вайзенталь Ә) Уолтер Хант Б) Леонардо да Винчи

В)Элиос Хоу Г)Ален Уилсон

2.Алғашқы тігін машинасының шығаратын зауыт Ресейдің қай қаласында ашылды?

А) Москва Ә) Подольск Б) Петербург В)Челябинск Г)Екатеринбург

3.Қазіргі замандағы тігін машина түрлерінің негін салушы адам

А) Элиос Хоу

Ә) Уолтер Хант

Б) Леонардо да Винчи

В) Карл Вайзенталь

Г)Исаак Зингер

4.Қай жылы Ресейде тұнғыш тігін машинасын шығаратын зауыт ашылды?

А) 1850 Ә)1851 Б) 1900 В)1910 Г)1917

5.Қазіргі кездегі тігін машинасының түрлері

А) арнайы машиналар Ә) өндірістік машиналар Б) тұрмыстық тігін машиналар

В)әмбебап жартылай автоматты Г) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс

6.Тігін машинасының қозғалатын бөлшектері

А) платфома Ә) пластинка Б) айналмалы дөнгелегі В) реттегіш Г)білік

7.Үстінгі жіпті сабақтау үшін керекті тетік

А) орағыш Ә) инесі Б) мата тартқыш В) шөрік Г)платформа

8.Тұрмыстық тігін машинасының түрлеріиң

Ә) қол машинасы Б) арнайы тігін машинасы В) жөрмеу тігін машинасы

Г) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс

9.Тігін машинасының қозғалмайтын бөлшектері

А) жіп тартқыш Ә) платфома Б) инесі В)айналмалы дөңгелек

Г) мата тартқыш

10.Астынғы жіпті сабақтау үшін керекті тетік

А) шөрік Ә) инесі Б) мата тартқыш В) айналмалы дөңгелегі Г)реттегіш

Өзара тексеру

Бағалау парағы: «5»- 9-10 дұрыс жауап,

«4»- 6-8 дұрыс жауап

«3»- 3-5 дұрыс жауап

«2»- 1-2 дұрыс жауап

VI. Сабақты бекіту сұрақтары.

1.Тігін машинасында дұрыс отыру ережелері қандай?

2.Тігін машинасының жоғарғы жібін өткізу ережесі қандай?

3.Тігін машинасының төменгі жібін өткізу ережесі қандай?

VІI.сабақты қорытындылау.

Бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?

VIII. Үй тапсырмасын беру

Венн диограммасын пайдаланып қол тігісі мен машина тігістерін салыстыру.

Қол тігісі Машина тігісі

ІХ. Бағалау. Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау

Оқушының аты

Графикалық диктант №2 тапсырма /Машина құрылысы/ Сарамандық жұмыс Тест Қосымша сұрақтарға алған житондарының саны Қорытынды баға

Х. Жұмыс орнын жинастыру.
ответил от Zhannara

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов