Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
8 сынып

Сабақ тақырыбы: Тік белдемше.

Шығу тарихы, түрлері.

Мата таңдау.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды белдемшенің түрлерімен, шығу тарихымен таныстыру. Белдемшеге мата таңдауды, киімді сипаттауды үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту.

Тәрбиелілік: эстетикалық талғамға, кездесетін қиындықтарды жеңе білуге, бірізділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірме, көрнекілік.

Көрнекілігі: дайын белдемшелер, белдемше суреттері, мата түрлері,

тірек схемалар, слайд.

Техникалық құралдар: Компьютер, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, математика.

Сабақ барысы:

I . Ұйымдастыру кезеңі

/Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру./

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (графикалық диктант арқылы).

Сұрақ жауабымен келіссе «Иә -», келіспесе «жоқ ^ » деп белгілейді.

1. Тігін машинасымен жұмыс істегенде жарық сол жақтан түсу керек. (-)

2. Іс тігуші мен машина столының арақашықтығы 16-20 см. болуы керек. (^)

3. Іс машинасын сабақтағандааяқты педальдан алу керек. (-)

4. Ине майысқанда ине сынады, жіп үзіледі, тігістері босатылады. (-)

5. Ине негізгі төрт бөліктен тұрады. (^)

6. Қалың мата тігу үшін №90 инені қолдану керек. (^)

7. Айналмалы дөңгелек /маховик/ тек бір бағытта жұмыс атқарушыға қарай айналу керек. (-)

8. Машина іске қосылмай тұрғанда басу табаны түсіп тұрады. (^)

9. Қол машинасын 1870 жылы ойлап тапқан. (^)

10. Аяқ машинасының ең керек деталі аяқ жетегі. (-)

11. Ине дұрыс егелмегенде жіп үзіледі, мата жіптерін жұлады. (-)

12. Қол машинасы мен аяқ машинасының сабақтауы бірдей емес (^)

13. Қайыққа шөрік дұрыс кигізілсе, сағат тіліне қарсы айналады. (-)

14. Орындық машина инесіне қарама-қарсы тұруы керек. (-)

15. Қайыққа шөрікті кигізгеннен кейін, жіп 10-15 см шығып тұруы керек (-)

Графикалық диктанттың жауаптары: /слайд/

-^--^^-^^--^---

Бағалау рейтинг

Сұрақтар Баға

15-14 5

13-10 4

9-5 3

ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Интерактивті тақтада белдемше суреттерін жасырып, бетіне сұрақтар қоямын. Әр сұраққа жауап берген сайын белдемше суреттері ашылады.

1. Адам денесін қай жағынан өлшейді?

2. Машина дегеніміз не?

3. Тігін машинасының түрлерін ата?

4. Машина тігісінде үстіңгі тігістің ілмектелуі не себептен болады?

ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру. / Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау/

Белдемшенің шығу тарихы

Киім- адам мәдениетінің құрама бөлігі. Киімнің шығуы аяздан, ыстықтан және басқа да климат жағдайынан қорғану керектігінен пайда болды. Ең алғашқы киімнің түрі тері болып табылады, белді орап , баумен байлаған, киім бастамасы алжапқыш, белдемше, шалбар.

Әр түрлі киімге жататын бұйымдарды екі негізгі топқа бөлуге болады. Белдікті және иықты бұйымдар. Белдемше, шалбар, белдемше шорты – белдікті топқа жатады. Көйлек, блузка, камзол, халат, шапан – иықты топты бұйымдар.

Белдемшенің ең көне элеметтерінің бірі белдік болатын. Оған қару және жорықта қалталар ілінген. Белдікке тартылған терілер, жапырақтар, маталар алғашқы белдемшенің түпнұсқалары еді.

Орта ғасырларда белдемше дегеніміз тамаққа қатырылып жиналған және белге оралған, ұзындығы тізеге дейін жететін киім еді. Оны еркектер де, әйелдерде кие берген.

ХҮ ғасырдан бастап готикалық беледемшелер көкірек тартқышқа бекітілді.

ХҮІ ғасырда бай әйелдер кең, көлемді, салмағы ауыр киімдер кие бастаған. Жамбастарына диаметрі азайтылған, былғары белдіктерге бекітілген бірнеше металдардан жасалған кринолин – каракас киді. Бұл белдемшенің қозғалмауын және конустық формада болуын сақтады.

ХҮІІ ғасырда бүрмелеу, түрлі түсті гирлянд, өрнектеу шашақтар сияқты әшекейлеуі көп жұмсақ белдемшелер көбірек пайда болды.

ХІХ ғасырда ғажайыбы мол мода белдемшені біресе кең, біресе тар етіп, оған шлейф жапсырылатын, сымнан жасалған қатпарлыкаркастан ілініп жасалады.

ХІХ ғасырдың соңында ғана әйел киімдері қарапайым бола бастады. Блузка мен белдемше жұптасқан ансамбль көбірек орындалады. Белдемше еркін, қарапайым, күнделікті өмірге ыңғайлы бел бұйымына айналды.

Белдемшенің сыртқы көрінісіне сән үлкен әсер етеді, оның ұзындығы мен формасын өзгертуде, бүкпелерін орналастыруда , жалпы силуэтін өзгерткенде.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
XX ғасырдың 70 жылдарында сәнде түбегейлі өзгерістер болды. Киімнің сәнін анықтауда тек, қана оның фасоны мен ұзындығы ғана емес, сонымен бірге стиль туралы айтыла бастады. Әр стилдің ерекшелігіне пішімі, формасы , сәндеу түрлері, матасы, киімге керекті жиынтықтары, сонымен қатар әртүрлі толықтырулар, зергерлік бұйымдар мен косметика жатады.

Бүгінгі күнде қазіргі заманғы белдемше модельдерінде тарихи кезеңдердегі әртүлі қолдануды және қазіргі заманғы жаңалықтарды бірге қосып қолданады.

.Белдемше костюмның бөлігі, өзіндік бұйым немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін.

Белдемшеге : әдемілік, қарапайымдылық және ыңғайылық талаптары қойылады.

Силуэт бойынша белдемшелерді тік, етегіне кеңейе түскен және етегі жағы тартылған болады.

Ал, пішімі жағынан тік, қиықты, конусты болады.

Тіке белдемшелер қынамалы бір, екі немесе үш тігісті, складкамен немесе оларсыз, кең, бүрмелі немесе резеңкеде болуы мүмкін. Тіке белдемшелерде негізгі жіптер бұйымның ұзындығында орналасады.

Белдемше түрлері және оның негізгі конструкциясы.

Негізгі стилдері:

- класикалық:

- жастарға арналған:

- спорттық:

- джинсі стильі:

- фольклорлық:

- ретро.

Мата таңдау.

Белдемшеге мата таңдағанда, оны немен киетіндігін шешіп алу керек: блузкамен, жемпірмен, қамзолмен. Мата таңдауы бұйымның қолданылуына қарай (күнделікті, үйге киюге), мезгілге (жаз, қыс), сәнге және пішінінің ерекшелігіне байланысты. Тіке белдемшелерге және камзолга ауыр және тығыз мата ұсынылады (жүн, джинсы матасы). Әр түсті, сызықша немесе шатраш. Төменге қарай кеңейе түскен белдемшелерді жеңіл маталардан тігеді: мақта, зығыр, жүн және жібек. Клеш және қиық белдемшелерді тігуге жақсы драпталатын маталар лайық мақта, жібек немесе жеңіл жүн.

V. Жаңа сабақты бекіту.

Тақтаға белдемшелердің суреттерін шығарамын.Суреттердің арттарына бүгінгі сабаққа байланысты сұрақтар жасырылған. Сұрақтарға жауап беру.

1. Силуэтіне қарай белдемше қалай бөлінеді?

2. Пішіміне қарай қалай аталады?

3. Киімге қандай талаптар қойылады?

4. Жаздық белдемшенің матасы қандай болады?

5. Жылы түстерге қай түстер жатады?

6. Қай ғасырдан бастап әйелдер белдемшесі қарапайым болды?

VI. Сарамандық жұмыс.

1. Өлшем алу. Сантиметірлік таспа көмегімен өзіңнің өлшеміңді ал.

2. 1-кестені толтыр.

№ Өлшемдер

Атауы Белгіленуі Өзіңнің өлшемің

1 Жартылай бел айналымы

2 Жартылай мықын айналымы

3 Бұйым ұзындығы

3. 2-кестені толтыр.

Белдемшенің моделі Белдемше силуэті Пішімі Мата түрі мен түсі Қай мезгілге арналған

4. Сарамандық жұмысты қорытындыла.

Өлшем алу.

Киімді конструкциялауда негізгі операциялардың бірі «өлшем алу» болып табылады. Киім тігу үшін алдын ала өлшемін алу керек. Өлшемді қысқартылып алынған сөздердің бас әріптерімен белгілейді. Мысалы, айналым – А, жартылай айналым – Жа, ені – Е (кеуде ені – Ке), биіктік – Б, ұзындық – Ұ. Бас әріптің оң жағындағы әріп өлшем бөлшектерін көрсетеді. Мысалы, жартылай бел айналымы – ЖБа, жартылай мықын айналымы – ЖМа.

Өлшем алғанда белді белбеумен алдын ала буып алады.

Өлшеудің аты Өлшеудің арнайы белгілері Өлшемді алу ережелері Өлшеудің орны

1 2 3 4

Жартылай бел айналымы ЖБа Бел үстінен бел өлшемін алу Бел сызықтарының орнын анықтау

1 2 3 4

Жартылай мықын айналымы ЖМа Бөксені томпақ нүктелері деңгейімен көлденең, алдыңғы жақта қарын шығыңқылығы қоса өлшенеді Мықын өлшемін анықтау

1 2 3 4

Бұйымның ұзындығы Бұ Белден төмен қарай бұйымға қажетті ұзындықты өлшеу Бұйымның ұзындығын анықтау

Сұрақ ?

1. Өлшем алудың қандай ережелерін білесіңдер?

VII. Қорытынды нұсқау.

Сабақтағы жұмыстың қорытындысы.

1. Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау.

2. Жұмыс жасау барысындағы жақсы нәтижеге жеткен оқушыларды мақтау.

3. Әр оқушының жұмысын бағалау.

VIII. Үй тапсырмасын беру:

1) Ғасырларға байланысты белдемше түрлерінің өзгеру жүйесін құрастыруды ұсыныңыздар

Ғасыр Стильдің атауы форма Күрделенген элементтері

2) сантиметірлік таспа, қағаз алып келу. Әр оқушы өзіне ұнайтын бір белдемше моделін салып келуі тиіс.

VIII. Жұмыс орнын жинастыру.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ