Ақмола облысы Көкшетау қаласы
"№10 орта
мектеп"КММ
Бастауыш сыныптар мұғалімі
Зикирина Гульдана Токеевна
Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың ауданы
Сабақтың мақсаты:
1.Тік
төртбұрыштың ауданы жайында түсінік қалыптастыру және оның мәнді белгілерін тағайындау; есепті әр түрлі
тәсілмен шығару, үш амалдан тұра-тын өрнектерде арифметикалық амалдардың
орындалу реті, тік төртбұрыш пен шаршының ауданын табу және олардың мәндерін
салыстыру барысын-да машықтандыра түсу.
2.
Оқушыларға саналылыққа, зеректілікке достыққа тәрбиелеу, экономика-лық тәрбие
беру. Білімге деген қызығушылығын, жылдамдыққа, тапқыр-лыққа, дәлдікке баулу.
3.
Оқушының логикалық ой-өрісін, есептеу дағдысын дамыту.
Сабақтың
түрі:Сын тұрғысынан ойлау
технологиясы элементтерін қолдана отырып, жаңа білім беру.
Сабақтың
әдістері:Сөзжұмбақ, сұрақ-жауап,
ойын «Түртіп алу», «Ой топ-тау» стратегиясы, ВЕНН диаграммасы.
Пәнаралық
байланыс:ана тілі, қазақ тілі,
дүниетану, бейнелеу, дене тәр-биесі.
Көрнекілігі: Кеспе
қағаздар, кесте, кескіндер қимасы, «Салауаттылық – саулық негізі» бүктемесі,
үлестірмелі қима қағаз, диаграмма сызбасы.
Барысы:1. Ұйымдастыру.
2.Үй
тапсырмасын тексеру.
№8.
а) 51: 5 = 10 (қалд. 1)
|
52 : 5 = 10 (қалд. 2)
|
53 : 5 = 10
(қалд. 3)
|
54 : 5 = 10 (қалд. 4)
|
55 : 5 =
11
|
56 : 5 = 11 (қалд. 1) |
ә) Шаршының
периметрін алдымен қосу амалы арқылы, содан соң көбейту амалы арқылы тап.
б) Амалдардың
орындалу ретін сақтай отырып есепте:
600:6 +9.10
(Әр тақырып бойынша қорытынды
жасату).
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Ой ашар (қызығушылықты ояту).
Ребус шешу».
ә) «Түртіп алу»
жүйесі «Тік төртбұрыштың ауданы» туралы білімді анықтау.
Білемін
|
Білмеймін
|
Мен үшін жаңалық
|
|
|
|
б) «Жұпта
талқылау» кезеңі.
Әр оқушы өзінің партамен жұбымен әр түрлі кескіндер
арасынан тік төрт-бұрыштарды тауып көрсетеді.
2. «Ой қозғау» (мағынаны тану)
Оқулықпен жұмыс.
№1.
а) 1) Тік
төртбұрышта неше шаршы бар?
2) Неше қатар бар? Неше баған бар?
3) Қалай тез есептеуге болады?
ә)
Қорытынды: Тік
төртбұрыштың ауданы дегеніміз не?
Оқушы жауабы:
Тік төртбұрыштың ауданы бірдей бірлікпен алынған оның ұзындығының еніне
көбейтіндісіне тең.
№3. Схема
бойынша көбейту амалына теңдік құр.
Қорытынды:Көбейтуді бөлу
арқылы тексеруге болады. Бөлу мен көбейту – кері амалдар.
№4.
Тік төртбұрыштың ұзындығы
|
Тік төртбұрыштың ені
|
Тік төртбұрыштың ауданы
|
6 см
|
4 см
|
? см2
|
бірдей
|
? см
|
3 см
|
? см2
|
Қорытынды: Тік төртбұрыштың
ауданы – ұзындығы мен енінің көбейтінді-сіне тең.
Тік төртбұрыштың ұзындығы – ауданы мен енінің бөліндісіне тең.
№5. Амалдарды орында:
24 : 4 + 6× 3 = 24 500 : 5 – 50× 2 = 0
200× 4 : 8 –
50 = 50 30× 8 + 160+200 = 400
Қорытынды:
Жақшасыз өрнекте алдымен көбейту мен бөлу, содан кейін қосу мен азайту амалдары
орындалады.
Сергіту сәті.
Біздер тату баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
Өсіп алға басамыз,
Біз де азамат боламыз.
№6. Мәселе
есепке дайындық сұрақтары:
-
Тұскизді неден жасаймыз?
-
Қойдың жүнінен
-
Тұскиіз неден жасалады?
-
Қойдың жүнінен жасалады.
-
Олай болса, тұскиізді кім жасап, тігеді?
-
Фабрикада, суретші, оюшы апаларымыз.
-
Тұскиіз туралы қандай нақыл, ақыл
сөздерді білесіңдер?
1) Киіз
кімдікі болса,
Білек сонікі
|
4) Мал өсірсең
қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір.
|
2) Өзімдікі
дегенде,
Өгіз қара күшім бар.
Кісінікі дегенде,
Анаң-мынау ісім бар.
|
5)Малды
бақсаң, қойды бақ,
Май кетпейді шарадан.
|
3) Ала қойды
бөле қырыққан,
Жүнге жарымайды.
|
|
Дұрыс айтасыңдар, балалар!
Ұлттық тәрбие жөнін сөз еткенде қазақ халқының мал шаруашылығы мен көшпелі
өмір салтына байланысты еді. Киіз үйдің ішіндегі жүннен жасалған заттар: тұскиіз,
алаша, текемет, кілем т.б. ұлттық үлгілерінен ата-әжелеріміз машығын, дәстүрін
үйренейік. Ендігі орындайтын есебіміз тұскиіз жүніңде болмақ.
а) Есептің
берілгенін оқу.
ә) Шартын анықтау.
б) Сұрағын
анықтау.
в) Тақтаға
орындау.
Шарты: Шешуі:
Ілулі тұскиіз
тұр
Ұзындығы – 4 м,
Ені – одан 2 м қысқа
Тұскиіздің
ауданын тап.
|
4 м – 2 м = 2 м.
4 м× 2 м = 8 м2
Жауабы: 8м2
|
№7. Мысал есеп
ауызша орындалады.
Шарты: Тік төртбұрышты
еденнің ұзындығы 6 м.
Ені – 5 м.
Сатушының жүретін жері сол ауданның үштен біріне тең. Сатып алушыға неше
квадрат метр жер қалдырылған?
Шешуі: 6 м× 5 м = 30 м2
30 м2 : 3 = 10 м2 30 м2 –
10 м2= 20 м2.
Жауабы:20 м2.
№8. Өрнектердің
мәндерін дұрыс тапсаң, киіз кілемінің аты шығады.
3. «Ой толғаныс» кезеңі.
-
Шаршының неше қабырғасы бар?
-
Шаршының қабырғалары қандай?
-
Шаршының неше бұрышы бар?
-
Бұрыштары қандай?
-
Өлшем бірлігі қандай?
-
Ауданын қалай табамыз?
-
Тік төртбұрыштың неше қабырғасы бар?
-
Тік төртбұрыштың неше бұрышы бар?
-
Бұрыштары қандай?
-
Өлшем бірлігі қандай?
-
Ауданын қалай табамыз?
-
Шаршымен тіктөртбұрыштың қандай
ортақ белгілері мен қасиеттері бар?
Қорытынды:
1)
Сабақты қорытындылау.
Бүгін «Тік төртбұрыштың ауданын табу» тақырыбын өтіп, оның негізгі өлшем
бірлігімен, белгілерімен, қасиетімен таныстық.
2)
Оқушылар білімін бағалау.
Үйге тапсырма беру:№2, №9.