Астана қаласы, № 74 мектеп-гимназиясының
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Бахытгүл Сыдыхқызы
Тақырыбы:
Мемлекеттік
Рәміздер –ұлт мақтанышы
Мақсаты:ОқушыларғаҚазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің мән- мағынасын ашып
түсіндіру, авторларымен таныстыру.
Сөздік
қорларын молайту, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Оқушыларды ел
рәміздерін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының рәміздерін
слайд арқылы көрсету.
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Қуан шаттан, қуан шаттан!
Қуанатын күн бүгін,
Қайырлы күн! Қайырлы таң!
Күліп шықты күн бүгін!
-
Құрметті
оқушылар бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы «Мемлекеттік Рәміздер – ұлт
мақтанышы» деп аталады. Бүгінгі сабақта біз сендермен Мемлекеттік рәміздеріміз
жайында толығырақ білетін боламыз. Ол
үшін сендер бар зейіндеріңді, бар назарларыңды сабаққа аударып , сабаққа
белсене қатысып отыруларың керек.
Қазақстан туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі.
Әнұранымен айбатты ,- деп бекер айтылмаса керек,
ендеше сабағымызды Әнұранмен бастайық.
Кіріспе:
- Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке 1991
жылы қол жеткізді.Егемен мемлекет болды. Әрбір азат елдің өзінің тәуелсіздігін
білдіретін басты белгілері болады. Солардың бірі мемлекеттік рәміздер.1992 жылы
4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
қабылданды.Олар Қазақстан Республикасының Әнұраны, Қазақстан Республикасының
мемлекеттік Елтаңбасы,Қазақстан Республикасының Туы.
-
«Не білемін?» айдары.Әр топта отырған
оқушылар алдарында тұрған плакатқа
өздеріне берілген тапсырманы орындап шығады. Яғни 1-топ Елтаңба, 2-топ Әнұран, 3-топ Ту
жайлы білетіндерін суреттеп, немесе білетіндерін жазады. Содан соң әр топтан
бір оқушы шығып жұмыстарын қорғайды.
-
«Білгім келеді»Әр топ Рәміздер
жайында не білгілері келетіндерін1-2
сұрақпен жазып шығады.
Негізгі бөлім:
Балалар тудың түсі көк.Көк түс болудың
себебі, адам бойына адалдық пен тазалық пен үміт сияқты қасиеттеріне
сәйкестенуі тегін емес,көк түс әрқашан бейбітшіліктің,тыныштық пен жарқын
болашақтың белгісі.Яғни аспанымыз ашық болсын дегеннің белгісі екен.Тудың қақ
ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз және оң жағында оюдың суреті
бар.Күннің болуы әрқашан күндей нұрымыз
жарқын болсын деген ниетпен,дала бүркіті Қазақстандықтар ұғымында дархандық пен
қырағылық,биіктік пен бейнеленген.Тудың
оң жағында оюдың бейнеленуі біздің қазақ екенімізді білдіретін қазақтың
ою-өрнегі бейнеленген.Ал түстерінің сары болуының себебі сары түс молшылықтың
байлықтың белгісі. Тудың ені мен
ұзындығы – 1:2м
Республикасы мемлекеттік туының авторы - суретші
Шәкен Ниязбеков.
Шәкен
Оңдасынұлы Ниязбеков
ҚР Мемлекеттік туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан
дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі. 1938 жылы 12 қарашада Тараз
қаласында дүниеге келді. В.И.Мухин атындағы Ленинград жоғарғы көркемөнер
өнеркәсіп училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Елтаңбасының ортасында елтаңбаныі негізі ретінде шаңырақ бейнеленген.Ол
елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын,мемлекеттік
бастауы,отбасы ошағын бейнелейді.Екі жағындағы қанатты тұлпар мәңгілік
өмір,болашаққа үміт артқан сендер сияқты балалардың арманы,самғау биігі.
Шекесіндегі бес жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағына жол көрсетер
жұлдызы.Елтаңбаның астында «Қазақстан»
атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіретін айырықша белгі екен.Елтаңбаның авторлары
- Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман
Уәлиханов.