Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Астана қаласы, № 74 мектеп-гимназиясының

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

Бахытгүл Сыдыхқызы

Тақырыбы: Мемлекеттік Рәміздер –ұлт мақтанышы
Мақсаты:ОқушыларғаҚазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің мән- мағынасын ашып түсіндіру, авторларымен таныстыру.

Сөздік қорларын молайту, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Оқушыларды ел рәміздерін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Қазақстан Республикасының рәміздерін слайд арқылы көрсету.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Қуан шаттан, қуан шаттан!

Қуанатын күн бүгін,

Қайырлы күн! Қайырлы таң!

Күліп шықты күн бүгін!

- Құрметті оқушылар бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы «Мемлекеттік Рәміздер – ұлт мақтанышы» деп аталады. Бүгінгі сабақта біз сендермен Мемлекеттік рәміздеріміз жайында толығырақ білетін боламыз. Ол үшін сендер бар зейіндеріңді, бар назарларыңды сабаққа аударып , сабаққа белсене қатысып отыруларың керек.
Қазақстан туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі.
Әнұранымен айбатты ,- деп бекер айтылмаса керек, ендеше сабағымызды Әнұранмен бастайық.
Кіріспе:
- Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке 1991 жылы қол жеткізді.Егемен мемлекет болды. Әрбір азат елдің өзінің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады. Солардың бірі мемлекеттік рәміздер.1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.Олар Қазақстан Республикасының Әнұраны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы,Қазақстан Республикасының Туы.

- «Не білемін?» айдары.Әр топта отырған оқушылар алдарында тұрған плакатқа өздеріне берілген тапсырманы орындап шығады. Яғни 1-топ Елтаңба, 2-топ Әнұран, 3-топ Ту жайлы білетіндерін суреттеп, немесе білетіндерін жазады. Содан соң әр топтан бір оқушы шығып жұмыстарын қорғайды.

- «Білгім келеді»Әр топ Рәміздер жайында не білгілері келетіндерін1-2 сұрақпен жазып шығады.
Негізгі бөлім:

Балалар тудың түсі көк.Көк түс болудың себебі, адам бойына адалдық пен тазалық пен үміт сияқты қасиеттеріне сәйкестенуі тегін емес,көк түс әрқашан бейбітшіліктің,тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі.Яғни аспанымыз ашық болсын дегеннің белгісі екен.Тудың қақ ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз және оң жағында оюдың суреті бар.Күннің болуы әрқашан күндей нұрымыз жарқын болсын деген ниетпен,дала бүркіті Қазақстандықтар ұғымында дархандық пен қырағылық,биіктік пен бейнеленген.Тудың оң жағында оюдың бейнеленуі біздің қазақ екенімізді білдіретін қазақтың ою-өрнегі бейнеленген.Ал түстерінің сары болуының себебі сары түс молшылықтың байлықтың белгісі. Тудың ені мен ұзындығы – 1:2м

Республикасы мемлекеттік туының авторы - суретші Шәкен Ниязбеков.

Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков 

ҚР Мемлекеттік туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі. 1938 жылы 12 қарашада Тараз қаласында дүниеге келді. В.И.Мухин атындағы Ленинград жоғарғы көркемөнер өнеркәсіп училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі.


- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының ортасында елтаңбаныі негізі ретінде шаңырақ бейнеленген.Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын,мемлекеттік бастауы,отбасы ошағын бейнелейді.Екі жағындағы қанатты тұлпар мәңгілік өмір,болашаққа үміт артқан сендер сияқты балалардың арманы,самғау биігі. Шекесіндегі бес жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағына жол көрсетер жұлдызы.Елтаңбаның астында «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіретін айырықша белгі екен.Елтаңбаның авторлары - Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов.


ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Жандарбек Мәлібекұлы

ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторы, Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданындағы Екпінді ауылында дүниеге келді. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми-зерттеу жобалау жөніндегі бас сәулетші. Әндіжан қаласындағы әуежай, Ташкенттегі Үкімет қонақ үйі , Ферғанадағы облыстық пошта, Самарқандтағы облыстық әкімшілік үйі, Драма театры мен орталық кітапхана ғимараттарын, Ангрен, Ферғана және Самарханд қалаларындағы бірқатар тұрғын үй аудандары құрылысын жобалауға қатысқан.

Шот- Аман Ыдырысұлы Уәлиханов

ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, Мемлекеттік сыйлық иегері, белгілі қоғам қайраткері.1932 жылы Көкшетау облысының (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы) Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірді. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері, Алматы қаласының бас сәулетшісінің орынбасары, Қазақстан Сәулетшілер одағы басқармасының төрағасы болды. Республикалық тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау қоғамының төрағасы.

Мемлекеттік Әнұран
Әнұран мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс табады.Сонымен қатар асыл мұрамыз- еліміздің кең байтақтығы,жер мен ел байлығы ,біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол ашатыны көрініс тапқан.Ең бастысы-тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі-ел бірлігі баса айтылған.
- Әнұран 2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Әнұраны қабылданды.Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының Әнұраны деп жарияланды.Кезінде Жүмекен Нәжмиденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді.
Әнұран авторлары: Шәмші Қалдаяков,Жүмекен Нәжімеденов ,Нұрсұлтан Назарбаев

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

1940 жылы 6-шілдедеАлматы облысыШамалған ауылында дүниеге келді. Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым,Қазақстан Республикасыныңтұңғыш президенті.

Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов (1935 - 1983)

ҚР мемлекеттік әнұраны авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері. Атырау облысының Құрманғазы ауданыныдағы Қошалақ ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары факультетінде және Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институты жанындағы жоғарғы әдеби курстарда оқыған. «Жазушы» баспасында «Лениншіл жас» газетінде, Қазақстан Жазушылар Одағында, Баспа істері жөніндегі Мемлекеттік комитетте, «Мектеп» баспасында жұмыс істеген.

Шәмші (Жәмшит) Қалдаяқұлы (Әнәпияұлы) (1930-1992)

ҚР мемлекеттік әнұранының музыкасының авторы, көрнекті сазгер, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері.
Шәмші Қалдаяқов есімі аталғанда аузымызға бірден халқымыздың әнұраны айналған «Менің Қазақстаным» әні түседі. Иісі қазақтың көкірегінде жыр болып төгіліп, сыр болып өріліп, әндерінің қай қайсысы да халықпен бірге туғандай біте қайнасып, оның бөлінбейтін бөлшегіне айналып кеткен. Халқының жүрегін осыншалықты сыршыл да кәусар саздың құдіретімен баураған ұлы сазгер есімі ұмтылмайды. Халық жүрегінде мәңгі сақталады.

Шығармашылық тапсырма:

Әр топ рәміздерге байланысты бір шумақ өлең шығарады.

«Не білдім?»
- Оқушылар бүгінгі сабақта не білгендерін плакатқа басқа түспен жазып шығып , оқып береді.

Қорытынды:

- Құрметті оқушылар, бүгін біз сендермен еліміздің басты нышандарымен танысып біраз мағлұмат, мәліметтер алдық.
Рәміздерді құрметтеу,қастерлеу баршамыздың борышымыз. Әнұран сөзің жатқа білу міндетіміз. Себебі біз елдің болашағымыз. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, қадыр тұту ол әрбір азаматтың міндеті, борышы. Ендеше тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, ант қабылдайық.

Ант қабылдау:

«Мен ҚР- ның азаматы Отаным Қазақстанның дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы,өркениетті ел болуы үшін сапалы білім аламын. Жоғарғы мәдениетті азамат боламын. Туған халқымның ата-дәстүрін жалғастырамын. Мемлекеттің президентін құрметтеймін. Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай орындаймын. Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап қастерлеймін деп ант етемін»
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ