Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет

Мақсаты: адамгершілік туралы түсінік беріп, оқушылардың ойлау, сөйлеу мәдениетін, өз ойын еркін жеткізу дағдыларын, сыни тұрғыдан ойлау іскерліктерін қалыптастыру, бойларындағы рухани адамгершілік қасиеттерін арттырып, дұрыс қабылдай білуге тәрбиелеу.

Әдіс тәсілі: сыни тұрғыдан ойлау, топтастыру жұмысы, ой бөлісу, презентация (слайд).

Көрнекілігі: интерактивті тақта, кеспе қағаздар, суреттер, слайд
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру

А) оқушылармен амандасып, ҚР Әнұранын айтқызу.

Ә) оқушыларды 4 түрлі кәмпиттің көмегімен топқа бөлу.


2. Кіріспе

Адамгершілік парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиеттерін анықтайтын бірден – бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін ұстап тұрған ең ұлы ұстаным. Шынында айтқанда, жеке дара ұстаным емес, заңныңда, заманның да, адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш.

Қымбатты оқушылар бар назарымызды тақтаға аударайық та, адамгершілік сөзіне ой жүгіртейік.

Адамгершілік дегеніміз не?, Адамгершілік туралы біздің көзқарасымыз қандай?, Адамгершілік қандай қасиеттерден тұрады?.

Топпен жұмыс: Алдымыздағы А3 формат параққа топтар бірлесе пікірлесіп, ақылдаса өз ойларымен адамгершілік ұғымына сипаттама береді және топтан екі оқушы шығып постерлерін қорғайды.

Әрі қарай мұғалім өз ойымен толықтырады.

3 слайд:

ü Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.

ü Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.

ü Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын “Құтты білік” дастанында көрсетіп берді.

ü Шығыстың ұлы ғалымы әл-Фараби: Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін деген екен.

4 слайд: Адамгершілік бастау неде?

Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.

Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.

Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрседе ізеттілікті жоғалтпауы тиіс. Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.

5 слайд:«Ана өсиеті»

Ана айты бір өсиет баласына

Бір жолдың шығарып сап саласына.

Ей, балам шамаң келсе жақсылық ет,

Ақпейіл адамзаттың арасына.

Егерде жол үстінде тікен жатса,

Кірер деп аяғына біреу басса,

Ерінбей-ақ иіліп қолыңменен

Сол тікенді көтеріп алып таста.

Бұл еңбегің қалмасты басқа, бекер

Соны көрген соңғы жас солай етер.

Жақсы үлгіні жалпы жұрт дәстүр жасап,

Жол тазарып жолаушы жолдан өтер.

Жеке дара жұмыс:

Алдымыздағы қағазға«Мен»деген сөзге әркім өзі туралы мына сұрақтарға жауап беру арқылы толтырады (Сызба 7 слайдта келтіріледі)

Топтан 2-3 оқушыдан жауабы сұралып, қалған оқушылар тақтаға іледі.

Сергіту сәті: Музыка тыңдау

Құралбек Құралайдың орындауында пьесса «Ақ бақай» қобызбен.

Келесі кезекте топтарға шағын мәтіндер беріледі (мәтіндер оқылып, топпен талқыланып, сұрақтарға жауап береді.

1 топ:Кешірім.

Қыс күндерінің бірі. Болат сабақтан қайтып келе жатқан. Қарсы алдынан көрші үйдегі Әділ кездесті. Ол апасының нанға жұмсағанын, жүгіріп келе жатып қолындағы ақшасын түсіріп алғанын айтты.

Болат жерде жатқан ақшаны бірден байқады. Ақырын алып қалтасына сүңгітіп жіберді. Әрі іздеп, бері іздеп таба алмаған Әділ жөніне кетті. Болат досын аяп кетті.

Тәттілерге тоймақ болған. Масқара, біреудің маңдай терімен тапқан ақшасын қалай пайдаланбақ? Досының үйінен шығуын күтті. Кешірім сұрап ақшасын қайтарып берді. Әділ де досын кешірді, адалдығына сүйсінді. («Ұлан» газетінен).

Сұрақтар:

1. Болаттың қылығын ашып айтыңыз.

2. Әділ неліктен жоғалтты?

3. Әділдің орнында сіз не істеген болар едіңіз?

2-топ.Қолғанат.

Ауа райы кілт өзгерді. Күн суыта бастады. Ерланның ата-анасы жұмыста. Үй іші суый бастады. Пешке от жағу керек болды. Жапалақтап қар жауа бастады. Ерлан қойма ішінен балта тауып алып ағашты жара бастады. Атасы аяғын жай басып, терезеден сыртқа көз тастады:

- Жаным-ау, мынау Ерланның өзі гой. Азаматым менің! – деді.

- Ата, - деді бір кезде Ерлан терезеден қарап тұрған атасын байқап, - отын дайын.

- Қолғанат болды деген осы, - деп атасы Ерланның арқасынан қақты. (Н.Қыдырбаев).

Сұрақтар:

1. Ерланның атасы неге риза болды?

2. Ерланның адамгершілігі неде?

3. Сіз біреуге көмектесе алдыңыз ба?

Қайырымды бала.

Бір кісінің баласы мектептен үйіне келіп, әкесіне сабағын тыңдатты. Баласы сабағын білген соң әкесі оны қуантайын деп он тиын күміс берді. Баласы әкесінің берген ақшасына бірдеңе сатып алуға базарға барды. Жол үстінде ол аш-жалаңаш шалды көрді. Бала ойлады: «Керек нәрсем болса сатып алуға әкем ақша берер. Бұл ақшаны орынсыз жұмсамайын». Деді де әлгі шалға ақшаны берді. Үйіне келіп бұл істі әкесі мен шешесіне айтты. (С.Көбеев).

Сұрақтар:

1. Баланың қайырымдылығы неде?

2. Баланың істегені адамгершілікке жата ма?

3. Баланың орнында сіз не істер едіңіз?

Көл жағасында.

Біздің ауыл сыртында кішігірім әдемі көл бар. Жазда балалар көлге суға түседі. Көлдің суы тап-таза, мөп-мөлдір. Күнге шағылысып айнадай жарқырап жатыр.

Бірде таңертең Елнұр екеуміз көлдің жағасына келіп тынығып отырдық. Балықтар ойнап, шоршып жүр. Бір кезде Нұрлыбек аға машинасымен келіп тоқтады да, машинасын жууға кірісті. Бізді көрді де көмекке шақырды. Біз машинаны жуып болып суға бардық. Көлдің суы лай, майланған. Шоршыған балықтардың бірі жоқ.

Нұрлыбек аға мұны сезбейді. Сөйтіп басымызды салбыратып үйге қайттық. Елнұр екеуміз үлкен болғанда машинамызды ешқашан көл жағасына жумауға келістік.

Сұрақтар:

1. Олар кімге жақсылық жасады?

2. Жақсылықтары оңды болды ма?

6 слайд:Маржан сөздер сыр шертеді

Венн диаграммасы

Ақылы бар баласың,

Айтқан тілді аласың.

Намысты боп өссең сен,

Нағыз адам боласың.

Рефлексия кезеңі: оқушылар стикерге сабақтан алған әсерлерін жазады да тақтаға іледі.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ