Мәтінмен жұмыс «Сары тауық пен балапандары»
Оқушылар видеодан көреді
- Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
-Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
- «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
-Күннің көзін неге ана жүрегіне теңеп отыр?
- Сендер үшін өмірде ең мейірімді жан кім?
5.Шығармашылық әрекет, топтық жұмыс.
« Арайлы таңың атты»,- деп,
Жүректен айтар ақ тілек.
Күлімдеп саған, қашанда
Тұратын бақыт, бақ тілеп,
Анадан артық жан бар ма?
1-топ "Мейірімділікті-анадан үйренеміз"
Табиғат- біздің анамыз,
Жер ана- біздің панамыз.
Таза болса табиғат,
Біз де аман боламыз.
2-топ "Мейірімділікті- табиғаттан үйренеміз"(постерде жұмыс істеп, қорғайды)
«Аяқталмаған сөйлем» тренингі
1.Мейірімділік-бұл...
2.Мейірімді сөздер...
3.Мейірімділік сезімі ғана дүниені...
(оқушылар сөйлемдерді өз ойларымен аяқтайды)
Тапсырма (жұптық жұмыс)
"Қайырымдылық, қамқорлық, жақсылық, кішіпейілділік" сөздері бойынша жұпқа бөлінеді)
1-жұп: "«Мейірімділік» кестесін сызып, толтыру. Бірінші бағанға-мейірімді істердің, екінші бағанға- мейірімді адамның қасиеттерінің тізімдемесін жасау.
2-жұп: "Жүрек жылуы" кестесін толтырады
3-жұп: Өлеңді жалғастыр
Мейірімді баламыз,
_________________________________.
Көмекке мұқтаж жандарға,
____________________________________
4-жұп : Сурет бойынша әңгіме құрастыру
6. Топтық ән "Ақ мамам"
7.Үйге тапсырма
Дәптерде берілген бос жолдарға «Мен мейірімді баламын» тақырыбында -шағын әңгіме жазу.
Қортындылау
-Балалар біз бүгінгі сабағымызда адам бойындағы жақсы, асыл құндылықтарының бірі мейірімділік жайлы әңгімелестік. Қазақ халқы баланы жасынан тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, мейірімділікке, адалдыққа,
сыпайылыққа, кішіпейілдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеген.
Балалар кімнің, ненің мейірімді екендігін мынадай сөздермен айтып жеткізеді:
- Күлімдеген күн мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
- Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен атам мейірімді!
- Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
- Тату - тәтті достарым мейірімді!
9. Жүректен жүрекке
Жылы сезім жүректерде сақталады, Мейірімділік тек жүректен басталады».- деп балаларды жүректен жүрекке шеңберіне шақырады. Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір - біріне деген жақсы тілектерін білдіреді. Балалар бәрі қосылып:
«Балалардың мейірімді жүрегі,
Сіздерге бақыт, шаттық тілейді» - деп қонақтарға өздері жасаған жүрекшелерді ұсынады.
- Жүрегіміздегі мейірім шуағы өшпесін деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.