Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Шылау сабақ жоспары
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Сабақтың тақырыбы:Шылау

Сабақтың мақсаты:Шылау туралы түсінік беру.Өз бетімен жүмыс жасату

арқылы шылау туралы білімдерін пысықтау, толықтыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:«Шылау» туралы тірек-сызба бойынша топтастырылған ұғым қалыптастыру,

білім беру;

Дамытушылық:Оқушылардың шығармашылық қабілетін, оқу әрекетімен шұғылдану арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу қабілеттерін, ой-өрісін жетілдіре түсу, сауатты дүрыс оқып, жазуға жаттықтыру арқылы дамыту;

Тәрбиелілік:Оқушыларды адамгершілікке, ізденімпаздыққа, ұжымшылдыққа, үлкеннің

тілін алып, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:топпен жүмыс, шығармашылық ізденіс, жеке жұмыс.

Сабақтың типі:жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, көрнекілік, талдау, ажырату, салыстыру, топтау,

жинақтау, дәлелдеу, ізденушілік.

Пәнаралық байланыс:ана тілі, дене тәрбиесі.

Сабақтың көрнекілігі:тірек-сызба, интерактивтік тақта, үнтаспа, мәтін, бағалау парағы.

Сабақ барысы:

I.Алғашқы ұйымдастыру

Бағалау парағын тарату

Оқушының аты-жөні

Тапсырмалар

Ұпай саны

Бағасы

1

2

3

4

5

6

7

8

Әр тапсырмаға 5 ұпайдан беріледі. 35-40ұпай - "5", 25-34 ұпай - "4", 15-24ұпай - "3"

Топтьқ жұмыс.

Тапсырма:

1. Қарамен жазылған сөздерге мән беріп қарап, теріп жазыңдар. Олардың мағынасы бар ма,әлде жок па? Жоқ болса сөйлемде кандай қызмет атқарып түр? Оларға сұрақ қоюға бола ма?

Шығысқа да,Батысқа да

Бастап жүрді Күн мен Ай.

Жермен, көкпен, Серуендеткен

Каникулдың күндері-ай!

(Оспанхан Әубәкіров)

2./ІЖұппен жұмыс/Берілген мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, олардың жеке түрғанда мағынасы бар-жоғын айтыңдар.

Бала мен дәрігер

Дәрігер: - Не себеппен келдің, балакай, айта ғой!

Бала: - Шешем балмұздақ жемей-ақ кой деп еді. Мен тыңдамай жеп, тамағым ауырды.

Дәрігер: - Әке-шешенің айтқанын әрқашан орындау керек қой! Олар сен үшін

айтады.

Бала: - Әрқашан тыңдаушы едім, кеше ғана тыңдамай жеп қойып едім.

Дәрігер: - Бұл енді соңғы рет болсын. Мына дәрілермен 1 сағат сайын тамағынды

шайқа.

- Да, де, мен, пен, бен, қана, ғана, -ак, қой, ғой, үшін, сайын - бұлар

- ШЫЛАУЛАР.

II. Жаңа сабақ.

Тірек-сызбаменжұмыс:

image

Жалғаулықтар

Септуліктер

Демеуліктер

Және, мен, бен,

пен, тағы, әрі, да,

де, та, те.

Үшін, кейін, шейін, сайын, сияқты, туралы, арқылы, т.б.

Ма, ме, ба, бе, па, пе, ша, ше, -қой, -ғой, -ау, -ақ, -ай, -мыс, -міс, -қана, -ғана

- Жазған сөздеріңді мағыналық түрлеріне карай, сызбаға салатын болсақ,

ШЫЛАУЛАРДЫҢ қай түріне жатқызуға болады?

- Неге ол топқа жатқызғаныңды сызбаны пайдаланып, дәлелдеп, түсіндіріңдер.

Олар қандай мағына беріп тұр.

жалғаулық-сөз бен сөзді байланыстырады, өзі тіркескен сөзіне қосымша мағыналар

үстейді /да,де,та,те/;

септеулік-өзі қатысты сөзге үстеме мағына береді. Бұл шылаулар өздері қатысты

сөздің септік жалғауында тұруын қажет етеді. Үшін, туралы атау септіктегі, дейін,

шейін барыс септіктегі сөздермен тіркеседі;

демеулік-өздері қатысты сөздерге сұрақ мағынасын үстейді. Қой (ғой), қана (ғана), -ақ шылаулары өздері қатысты сөздерінеөтініш, шектеу,даралау т.б. мағыналар

үстейді. Қой (ғой) өзі қатысты сөзбен бірге сөйлемде баяндауыш болады. - ақ дефис

арқылы жазылады.

Оқушыларға ой тұжырымдамасын жасатып, ереже шығарту.

ӨЗ АЛДЫНА ТОЛЫҚ МАҒЫНАСЫ ЖОҚ СОЗДЕРДІ шылау дейміз.

Оқулықпен жұмыс:

526-жаттығу.Өлеңді жатқа жаз. Өзіндік мағынасы жоқ сөздерді тап. Қандай қызмет

атқарып тұрғанын байқа.

Барлығы - Қазақстаным!

Сүйкімді маған құмың да,

Сонау бір қарлы биік те,

Жотада жүрген кұлын ла,

Жапанда жүрген киік те.

Тау шыңы, теңіз айдыны,

Қырларың, әнші құстарың,

Бақытым менің - барлығы,

Барлығы - Қазақстаным!

(С.Жиенбаев)


ответил от Surak_zhauap
0 голосов

527-жаттығу.Сөйлемдерді оқы. Қарамен жазылған сөздерді көшіріп жаз. Олардың жеке тұрғанда мағынасы бар-жоғын айт.

Олар: де, пен, мен, ғана, туралы, және, дейін, үшін, -ақ.

529-жаттығу. /тақтаға орындату/Көпнүктенің орнына тиісті шылауларды қойып, көшіріп жаз. Шылаулардың астын сыз. Олардың сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын байқа. (пен, мен)

Сергіту жаттығуы:Ойын «Біз де»

Бастаушы топ екінші топка бір сөйлем айтады, соған 2-ші топ оқушылары мағыналарына қарай сәйкес келсе, «біз де» деп жауап береді. Егер жауаптары сәйкес келмесе, онда үндемей қалу керек. Мысалы:

- Мен бүгін таңертең мектепке келдім.

- Біз де.

- Автобусқа мініп едім, адамдар көп екен.

- (үндемей қалады)

- Бүгін сәуірдің 26-сы.

- Біз де.

- Жаңбыр жауды.

- (үндемей қалады)

- Мен түйемін.

(үндемей қалады) т.б. Осылай жалғаса береді.

Сұрақ: - балалар, «біз де» дегенде «де» - жалғау ма, әлде шылау ма?

Терме диктант. (үнтаспадан беріледі).

Сөйлемдерді мұқият тыңдап, ішінен шылаударды теріп жазыңдар. Тірек сызбаны пайдаланып, түрлеріне қарай ажыратындар.

1. Сәкен жаз бойы аңыздар менертегілер окып, жұмбақ пенмақалдарды жаттап алды.

2. Ол қысқа ғанажауап берді.

3. Мен онымен телефон арқылы сөйлестім.

4. Ауылда менің атам жәнеәжем тұрады.

5. Қонақтар үйге келе ме?

6. Қазір үй сайынтеледидар бар.

7. Олар жақсы оқығаны үшінсыйлық алды.

8. Сабақтан кейінүйге тез бару керек.

Өзіндік жұмыс.Берілген создердің мағынасына қарай арасына шылау қосыпжазыңдар. Жазған шылауларың не үшін қолданылып тұрғанын түсіндіріңдер.Олармен сойлем құрастырыңдар.

Жаз ... күз, бүгін ... ертең,

қыс ... көктем, сені ... мен,

сіз ... біз, оң ... сол,

орман ... тоғай, алыс ... жақын.

Ойын: «Шахмат атының жүрісімен».

ІІІарты:Төмендегі сөздерді шахмат атының жүру тәртібі бойынша оқысандар, ой, пікір туралы айтылған халық мақалы шығады.Сонда қай сөзден бастап оқукерек.

Уайым

өтесің

теңіз

батасың

Қайык

кетесің

тәуекел

Түбі

де

мінесің

Да

түбі

Жауабы: Уайым түбі теңіз, батасың да кетесің

Тәуекел түбі қайық, мінесің де кетесің.

III.Бекіту.

Өлеңнің мазмұнынамән беріп оқыңдар. Өлеңнен шылауларды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңдар. Неге сол топқа жатқызғаныңды дэлелдеңдер.

ШИМАЙБЕК

Сырмайбек деген бала болды,

Не көрінсе кесті-жонды:

Өзінің атын партаға да,

Қабырғаға, картаға да,

Бормен де жазды,

Сиырмен де жазды,

Ойып та жазды,

Қиып та жазды.

«Атымды жұрт білсін», деді,

«Еске сақтап жүрсін», деді.

Даладағы тал-терек,

Сау қалмады не керек.

Жұрт осыдан кейін Сырнайбекті

«ІІІимайбек» деп атап кетті.

Ойын «Тамшыларды көлшікке түсір»

Тапсырма: (сурет)Аспанды бұлт торлаған.Жаңбыр жауып тұр. Жаңбыр тамшыларына шылаулар, жалғаулар жазылған. Солардың ішінен шылауларды тауып, көлшікке түсіру керек. (де, пыз, дың, ғана, гіш, -ақ, ды, лар, мен т.с.с.)

- түсірген шылаулардың дұрыстығын дәлелдеңдер.

Олар шылаудың қай түріне жатады? Кейде шылау, кейде жалғау болатындары бар ма?

IV.Қорытындылау.

· ІІІылаудың басқа сөз таптарынан қандай айырмашылығы бар?

· Ие себепті шылау сөйлем бола алмайды?

· Шылау қандай сипатына қарай 3-ке бөлінеді? Оларды ата.

· Олардың айырмашылығы неде?

V. Бағалау.

Сабақтың барысында үлестірілген «өзін-өзі бағалау»парағы бойынша оқушылар (өз білімдерін әрбір берілген тапсырмаға ұпай қою арқылы) өзін-өзі тану бағалайды.

IV. Үйге тарсырма.

1. Оқулықтағы 528-жаттығуды орындау. /жұмбақты оқы, шешуін айт, шылауларды тап, олардың қандай мағына үстеп тұрғанын айт/

2. Ішінде шылаулары бар Абай өлеңдерін жазып келу.

3. Шылауларды пайдаланып, «Досыңа хат» жазып келу.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов