527-жаттығу.Сөйлемдерді оқы. Қарамен жазылған сөздерді көшіріп жаз. Олардың жеке тұрғанда мағынасы бар-жоғын айт.
Олар: де, пен, мен, ғана, туралы, және, дейін, үшін, -ақ.
529-жаттығу. /тақтаға орындату/Көпнүктенің орнына тиісті шылауларды қойып, көшіріп жаз. Шылаулардың астын сыз. Олардың сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын байқа. (пен, мен)
Сергіту жаттығуы:Ойын «Біз де»
Бастаушы топ екінші топка бір сөйлем айтады, соған 2-ші топ оқушылары мағыналарына қарай сәйкес келсе, «біз де» деп жауап береді. Егер жауаптары сәйкес келмесе, онда үндемей қалу керек. Мысалы:
- Мен бүгін таңертең мектепке келдім.
- Біз де.
- Автобусқа мініп едім, адамдар көп екен.
- (үндемей қалады)
- Бүгін сәуірдің 26-сы.
- Біз де.
- Жаңбыр жауды.
- (үндемей қалады)
- Мен түйемін.
(үндемей қалады) т.б. Осылай жалғаса береді.
Сұрақ: - балалар, «біз де» дегенде «де» - жалғау ма, әлде шылау ма?
Терме диктант. (үнтаспадан беріледі).
Сөйлемдерді мұқият тыңдап, ішінен шылаударды теріп жазыңдар. Тірек сызбаны пайдаланып, түрлеріне қарай ажыратындар.
1. Сәкен жаз бойы аңыздар менертегілер окып, жұмбақ пенмақалдарды жаттап алды.
2. Ол қысқа ғанажауап берді.
3. Мен онымен телефон арқылы сөйлестім.
4. Ауылда менің атам жәнеәжем тұрады.
5. Қонақтар үйге келе ме?
6. Қазір үй сайынтеледидар бар.
7. Олар жақсы оқығаны үшінсыйлық алды.
8. Сабақтан кейінүйге тез бару керек.
Өзіндік жұмыс.Берілген создердің мағынасына қарай арасына шылау қосыпжазыңдар. Жазған шылауларың не үшін қолданылып тұрғанын түсіндіріңдер.Олармен сойлем құрастырыңдар.
Жаз ... күз, бүгін ... ертең,
қыс ... көктем, сені ... мен,
сіз ... біз, оң ... сол,
орман ... тоғай, алыс ... жақын.
Ойын: «Шахмат атының жүрісімен».
ІІІарты:Төмендегі сөздерді шахмат атының жүру тәртібі бойынша оқысандар, ой, пікір туралы айтылған халық мақалы шығады.Сонда қай сөзден бастап оқукерек.
Уайым | өтесің | теңіз |
батасың | Қайык | кетесің |
тәуекел | Түбі | де |
мінесің | Да | түбі |
Жауабы: Уайым түбі теңіз, батасың да кетесің
Тәуекел түбі қайық, мінесің де кетесің.
III.Бекіту.
Өлеңнің мазмұнынамән беріп оқыңдар. Өлеңнен шылауларды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңдар. Неге сол топқа жатқызғаныңды дэлелдеңдер.
ШИМАЙБЕК
Сырмайбек деген бала болды,
Не көрінсе кесті-жонды:
Өзінің атын партаға да,
Қабырғаға, картаға да,
Бормен де жазды,
Сиырмен де жазды,
Ойып та жазды,
Қиып та жазды.
«Атымды жұрт білсін», деді,
«Еске сақтап жүрсін», деді.
Даладағы тал-терек,
Сау қалмады не керек.
Жұрт осыдан кейін Сырнайбекті
«ІІІимайбек» деп атап кетті.
Ойын «Тамшыларды көлшікке түсір»
Тапсырма: (сурет)Аспанды бұлт торлаған.Жаңбыр жауып тұр. Жаңбыр тамшыларына шылаулар, жалғаулар жазылған. Солардың ішінен шылауларды тауып, көлшікке түсіру керек. (де, пыз, дың, ғана, гіш, -ақ, ды, лар, мен т.с.с.)
- түсірген шылаулардың дұрыстығын дәлелдеңдер.
Олар шылаудың қай түріне жатады? Кейде шылау, кейде жалғау болатындары бар ма?
IV.Қорытындылау.
· ІІІылаудың басқа сөз таптарынан қандай айырмашылығы бар?
· Ие себепті шылау сөйлем бола алмайды?
· Шылау қандай сипатына қарай 3-ке бөлінеді? Оларды ата.
· Олардың айырмашылығы неде?
V. Бағалау.
Сабақтың барысында үлестірілген «өзін-өзі бағалау»парағы бойынша оқушылар (өз білімдерін әрбір берілген тапсырмаға ұпай қою арқылы) өзін-өзі тану бағалайды.
IV. Үйге тарсырма.
1. Оқулықтағы 528-жаттығуды орындау. /жұмбақты оқы, шешуін айт, шылауларды тап, олардың қандай мағына үстеп тұрғанын айт/
2. Ішінде шылаулары бар Абай өлеңдерін жазып келу.
3. Шылауларды пайдаланып, «Досыңа хат» жазып келу.