Туған жерім, Катоным!
Шығарма.
Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас, - демекші әр адам өзінің туып өскен жерін ерекше жақсы көреді, киелі орын ретінде санайды. Туып өскен жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да балалық шақтан бастап Отанға сүйіспеншілік, махаббат сезімі оянады.Әрбір адамзат үшін Отан отбасынан басталатыны мәлім: туған жер, туған көше, туған қала тіпті мен үшін туған ауыл. Менің ауылым кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Катон- Қарағай ауылы.
Қайран ауыл! Қасым ағамыздың осы бір өлеңі әнұрандай әр ауыл баласының ойында жаттаулы шығар. Қазақ баласының бойындағы асыл сезімдердің бірі – өзінің туған ауылына деген жүрек сыздатар ерекше бір сағынышы. Күнделікті өз көзімен көріп жүрген ауыл адамдары, әрине, оны көп ескере бермейді. Алыста жүрсе, ауылының әрбір қырқасы мен төбесін, жайнаған жазық даласын, ормандағы тоғайын, бірге өскен достарын, ағайын-туыстарын, оқыған мектебін, ұстаздарын, ауылдастарын сағына еске алатын кездерінің өзі адамның жаның бір марқайтып тастамай ма?
Катон-Қарағай табиғаты өте бай, саңғырлап аққан суы мен бұлағы, бұғылары бар. Қыста да жазда да биік таулырдың төбесінде аппақ болып қар жатады, шабындығы жайнап тұрған кең- байтақ Сары-Шоқы даласы. Бала кезден дәл осы Сары-Шоқыға әкем бізді шөп шабуға апаратуғын. Шабынды жерімізде шөбі қалың, қайың ағаштар мен Балғарағай өседі. Түскі ас кезінде кепкен ағаш бұтақтары мен кепкен шөп жинап, от жағып қазанымызға ет асып, көже пісіретінбіз. Маңайдағы өскен шөптің бәрі дәрілік шөптер. Шәйімізге маңайдағы өсіп тұрған қызылқат пен аю қарақат жапырақтарын теріп алып , хош иістерін шығарып , қайнатып қосатуғымыз.
Алланың жаратқаны Катон-Қарағай өлкесін.
Суын ішсең тоймайсың, ауасын жұтсаң таңертен,башпайына жетеді.
Сондай менің туған жерім, КАТОНЫМ!
Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалық шағым өтті.
Туған жерге, Туған елге, Туған тілге ыстық сезімнің үздік үлгісі мен үшін осындай болмақ
. Отан туралы ой толғасаң, жан толғанысын айтып тауыса алмассың, сірә. Мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным.