Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан

Міне, бүгін еліміз тәуелсіз мемлекет ретінде жаңа өмір салтына қызмет ете бастады. Ғасырлар бойғы халықтың арман, мақсаты орындалды, ата - баба алдындағы парызы өтелді. Дүниежүзілік ірі ұйымдарға мүшелікке қабылданып, ерекше қарқынмен дамып келеміз.
Түсіне білген адамға қазіргі Елбасымыздың орны ерекше. Біріншіден, ол – біздің тұңғыш Президентіміз. Елді ауыр кезеңнен алып шықты. Екіншіден, мемлекет ретінде тұғыры бекіп, дүниежүзі мемлекеттерінің арасында зор беделге ие болды. Ол кісі бүгінгі күнді ғана ойлап қоймай, болашақта гүлденген Қазақстанды өркениетті елдер қатарына қосуға көп еңбек сіңіруде.  
Астананың ауысуы – тарихта алтын әріппен жазылатын үлкен тарихи оқиға. Астана қаласы біз үшін Қазақстанның жаңа айнасы. Астанамыз – болашаққа баспалдақ болуымен бірге жаңа табыстарымыздың бастауы. Мұны болашақ ұрпақ бағалай білді. Қазақстан – жаңа, рухани өркениеттің бесігі. Қазақ халқы көп қасиет шеккен халық. Біршама қиналса да, бәріне шыдап, шыңдалып өтті. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы өзінің елдігін ынтымақ пен бірліктің арқасында сақтай білді. Атам қазақ қиындықтың артынан жақсылық келеді деп бекер айтпаған. Елбасымыздың арқасында дүниежүзіне үлгі боларлықтай мемлекет дәрежесіне жетті.
Жүз отыз алты ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында жиналуы да кездейсоқ емес. Мысалы, Қазақстанның байрағының түсі көк. Оның үстіне сары түсті сурет салынған. Ал көк пен сарыны араластырса – жасыл түс беретіні белгілі. Жасыл түс – ол бүкіл жер бетінің жап – жасыл гүлденген аймаққа айналуы. Жаңа дәуірдегі Қазақстанды көзге елестетсек, сіз таңғаласыз, Асан қайғының Желмаясына мініп, іздеген Жерұйығы осы тәуелсіз Қазақстан мемлекеті.
Осындай заманда өмір сүріп жатқанымыз үшін Жаратушыға ризашылық білдіріп, бар жан – тәнімізбен қызмет етіп, жеріміздің Жерұйыққа айналуына тырысуымыз қажет. Үміт – болашақ тірегі. Ақын атамыз Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ жоқшы, жоғын іздеген қуғыншы» - деген көсемсөзін еске алып және Елбасының бағдарламасын бірге жүзеге асырсақ, Қазақстан халқы жоғын табады. Тек басқа елдерде болып жатқан соғыстан, табиғат апатынан халқымызды аман қылғай деп ойымды тұжырымдайын.
ответил от Batyirxanov
0 голосов
Сәлеметсіз бе.Спорт әрқашан жақсы, бірақ маған жақын досыңызды айтыңызшы, спорттық ставкалар туралы не айтасыз? Тек сенімді түрде ойнаңыз . Бұл спортқа бәс тігуге және ақшаңызды жоғалтудан қорықпауға болатын дәлелденген букмекерлік кеңсе. Қалағаныңызша ақша табыңыз, ешқандай шектеулер жоқ. Ең жақсы спорттық матчтар!
ответил от БорисЛеонидович

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
8 ответов