Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
абай туралы шығарма жоспарымен керек. Тауып беріңіздерші жоспарымен болса жақсы болар еді.
спросил от Kuaniysh в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

4 Ответы

0 голосов
«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»
І.Кіріспе бөлім:
А) Абай поэзиясы – таусылмайтын дария.
ІІ. Негізгі бөлім:
А) «Жүрегімнің түбіне терең бойла..»
Ә) « Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз»
ІІІ. Қорытынды бөлім:
А) « Жан аямай кәсіп қыл…».

«Абай ұлттық ұранымыз болуы керек.
 Абайды таныту арқылы  біз
Қазақстанды әлемге танытамыз».

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Иә… Абай ұлттық ұранымыз болуы шарт. Әлем таныған Абайды өз елімізде өз ұрпақтарымыздың білмеуі мүмкін емес. Бүгінгі ұрпақ Абайды сүйеді, жырларынан нәр алып, ғибраттанады. Абай поэзиясы – таусылмайтын дария. Ол – терең. Қанша оқысақ та, тереңіне бойлай беретініміз анық.
            «Жүрегімнің түбіне терең бойла,
            Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
            Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
            Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!»
деп ақын өз заманының  бейнесі арқылы бүгінгі ұрпаққа мұңын шаққандай. Абай өмір сүрген заманның ұғымы басқа болды. Ол заман Абайды түсінбеді, қаралады.  Өз ортасы ақынның қарапайымдылығы мен көпшілдігіне мүлде қарсы шықты, табалады.Сондықтан ақын көбінесе жалғыздықпен серік болды.
«Жартасқа бардым,
Күнде айғай салдым,
Онан да шықты жаңғырық.
Есітіп үнін,
Білсем деп жөнін,
Көп іздедім қаңғырып..
Баяғы жартас — бір жартас,
Қаңқ етер, түкті байқамас.»-
деген өлең жолдары арқылы өзінің көп ізденісін, жан толғанысын жырлайды.
    Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданының сырт Қасқабұлағында дүниеге келген Абай заманының ащы шындығын толғана айтып, өз өлеңдеріне арқау етті. Ол өзінің әкесі Құнанбайдың да әділетсіз тұстарын  баса көрсетіп, қаталдығымен келіспеді. Сонымен қатар әкесінің ырқына көне бермей, өз шешімін әділ жасауды да мақсат етті. Бұдан ақынның жастайынан тура жолды және өз жолын қалағанын айқын көруге болады. Ақынғы би-болыс, губернаторлар да тісін қайрады. Заманының шындығын айтып, кем-кетігін бетіне басу оларға да ұнамасы хақ. Бірақ олардың Абайды халықтан бөліп алуға шамадары келмеді, халықтан қаймықты. Тіпті шалғайдан кеп Абайдың ақыл-кеңесін алып, оның билігіне жүгінетіндер де көп еді. Ал оның ақындық шығармашылығы мен әлеуметтік қызметі, әсіресе, жастардың арасында ерекше ілтипатқа ие болды.
    Өз халқының мол мұрасынан нәр алып, Шығыс классикасымен сусындаған, орыс классиктері қалдырған мұраның ерекшелігін ой сарабынан өткізіп, өзі арқылы халқына сіңірген ақынның орны әркез тұғыр екені даусыз.
            « Жан аямай кәсіп қыл,
            Еңбек қылсаң ерінбей,
            Тояды қарның тіленбей…»
деп  өз ісінің шебері  болуға шақыра отырып, жақсы өмір сүру адамның өз қолында екенін жеткізеді.
    «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» Абай – өшпес тұлға.


                        №74 жалпы білім беретін мектептің
                        қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
                        Зәкариянова Сандуғаш Зарыққанқызы
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Шығарма
«Абай дана –Абай дара, қазақта»
Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) Абай қарасөздерінің Ислам дінімен сабақтастығы
ә) Шығармалары
ІІІ.Қорытынды

I.Кіріспе.

       Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл –ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері Абай Құнанбаев – өз ұлтының реалистік гуманистік жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, қазақ поэзиясын қоғамдық дамудың озық деңгейіне бағыттап, өз кезінің ең басты мәселелерін дәл бейнелеп, дұрыс қорытынды шығара білген прогрессшіл ақын. Ол халқының болашағы үшін жан аямай қызмет етті, оны мәдениет нұрына үндеді. Белгілі бір тарихи кезеңнің алға қойған  сұрауына жауап беріп, елінің әдебиет көшін алға жетеледі.
        Кемеңгер ақынның ұлы мақсат-мүделері бізге тамаша гуманистік әдеби еңбектері арқылы жетті. Абай қалдырған бұл мұралар өз дәуірінің алуан түрлі мәселелерін қамтыды, сол кездегі қазақ елінің шын сырын аша білді. Біздің ғалымдар әлі де Абайды толық зерттеп, біліп, үлгерген жоқ. Абай –ағартушы, гуманист ақын ғана емес, сонымен бірге, ақынның кемеңгерлігін, шеберлік суреткерлігін айқындап, өз елінің өнер қазынасын зерттеуші, тарих, әдебиет ілімін үйретуші ұстаз деуге әбден болады. Абай сияқты тұлға мың жылда бір келетінін ескерсек, біз Абайтану ілімін зерттеуге бар күшімізді жұмсауымыз керек деп білемін.

II. Негізгі бөлім
        
        Дана ақын Абай 1845 жылы тамыз айында, қазіргі Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған.
       Абайдың жас кезіндегі көңіл сергітіп, жүрегін жібіткен жылы құшақ анасы –Ұлжанның мейірімді көңілі, көпті көрген әжесі Зеренің жылы жүрегі, Абайдың ақкөңіл, адамгершілік сезімі күшті, зәбір-жапа шеккен адамды, жоқ-жітікті аяғыш, сергек бала болып өсуіне де осы жайлар себеп болған.
       Сегіз жасар Абай өзінің зерек қабілетімен әке көзіне ілініп, үміт күтер, ата жолын ақтайтын бала болар деген оймен әкесі молдаға оқуға береді, одан кейін діни медреседе оқиды. Абай бұл медреседе оқуын үздік меңгеріп, өзі де көп ізденеді. Сол кезде көп тарап жүрген Орта Азия және тәжік, парсы халықтарының ұлы ақындары –Науаи, Низами, Фирдоуси шығармаларымен танысады. Бұлардың еңбектеріндегі адамгершілік идеясы, реалистік мотивтер Абайға үлкен ой салады. Оны білуге, ілгері іздене беруге ұмтылдырады. Соған орай ол көрнекі ақындардың шығармаларына үлкен назар салып, келісті сөздерін жадында сақтап жүреді. Абай тек қана діни оқу оқып қана қоймай, сонымен бірге, орыс тілін де үйреніп, оқуын оқыды. Орыстың тілін, жазуын меңгеруі арқылы Абай өзіне кең дүниенің есігін ашып, мол қазынаға қолын жеткізгендей болады. Қалалық кітапханаға барып, өз бетімен оқуға кіріседі.
        Сонымен қатар, Абай өнерлі ақындарды өзіне тым жақын тартып, олардың шешендік өнерін, шеберлік жетістіктерін меңгеруге тырысады. Классикалық әдебиеттерді оқыған сайын, көзі ашылып, өмірдің, қоғамның сырларына түсіне бастайды. Бұрын Абай өмірдегі жақсылық пен жамандық, дәулеттілік пен жоқшылық бәрі құдай ісі деген молдалардың ғана сөзін естіп келсе, енді Абай өмір туралы, ондағы қоғамдық теңсіздік туралы өзгеше ой, ақылға сыйымды, өмірге үйлесімді жаңа түсініктерге қанығады. Сөйтіп Батыс әдебиеті Абайдың дүниеге көзін ашып, көңілін сергітеді. Абайдың ықылас, ынтасы сол уақыттағы озық ойларды, ағартушылық, гуманистік түсініктерді сарқа меңгеруге итермелейді.
      Абай көптің бірі емес. Жеке дара туған талант. Ол адам баласын бөлмей түгел бауырмашылдықпен, бәрінің де бақытты болуын, бірдейлік дәрежеде өмір сүруін, ешкім қиянаттың құрбаны болмауын тілеп, адам баласының бәрі де өз бауыры ретінде қабылдады. Біз Абайдың ізденісінде білім дәрежесінде шек жоқтығын атап өттік, ол өз халқының мәдениетін біле жүріп, шығысты әбден игеріп, енді Еуропаға көз тіккен кезі басталды. Осы тұста оның ақындық творчествосының да кілті табылып, бойындағы таланттың есігі айқара ашылады. Әлемдік ілім-білімді игеріп, оның сырларын ашты. Шығысым-Батыс болуға айналды деген пікірге келуінде осындай өсу-жетілу заңдылықтары бар. Әлемдік білімге қол созып, өрісін кеңейтті.         

ІІІ.Абай Құнанбаевтың шығармалары
       
         Абайдың шығармалары –өз дәуірінің келелі мәселелерін реалистікпен суреттейтін, ағартушылық гуманистік мазмұнға бай, ізгі ниеттер мен терең ойға толы, шебер тілді көркем туындылар.
        Абайдың осы асыл, баға жетпес асыл мұралары өзі тірі кезінде жоғары бағаланып, кең танылып кете алмады. Абай шығармалары қолдан көшіріліп, қолжазба күйінде не жатқа айтылу арқылы ғана таралды. Ақын өлеңдерін шағын жинақ ретінде 1909 жылы Кәкітай Ысқақов бастырған еді. Ал одан кейін 1917 жылы Құрманов редакциясынан Абайдың таңдамалы өлеңдерінің шағын жинағы Орынборда басылып шықты.
        Кейінгі жылдары республикамыздың ғылыми-зерттеу орындары мен әдебиетшілері Абай шығармалашылығын игеруде жаңа қадамдар жасады. Баспасөз беттерінде мақалалары мен көлемді монографиялық зерттеулері де жарық көруде. Бұл еңбектер, сөз жоқ , абайтану тарихында жаңа бір белес биігін танытады.
Абай шебер өлеңді, тәтті әнді мәдениеті жоғары, білімді ақын ғана бере алатынын ескертіп, «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол –ақынның бейшарасы»деп көрсетті.
         Абай- өзі өмір сүрген дәуір шындығын ақтара зерттеп, ішкі-сыртқы сырларын жете ашқан реалист жазушы. Ол өз кезіндегі қоғам өміріне сын көзімен қарап, барлық қайшылықтарды көре білді, батыл сынады.
        Абай өзінің өлеңдерінде («Болыс болдым, мінекей», «Мәз болады болысың», «Бойы бұлғаң», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ», т.б.) өткір сыншы –сатирик жазушы есебінде бой көрсетті. Қазақтың жағымпаз, қу, бұзақы тобын өлтіре сынады, олардың екі жүзді, сүйкімсіз образдарын жасап, сол топқа қарсы шықты. Сөйтіп, ол өзінің көптеген шығармаларын сыншыл реализм сатысына жеткізді.
       Абайдың өлеңдері отты да өткір, нысанасына дәл тигізеді. Өзінің «Күз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» деген өлеңдерінде қазақ кедейлері мен байларының өмірін салыстыра бейнелейді. Өлеңдеріндегі негізгі елеулі әлеуметтік мәселелердің бірі –қазақ әйелдерінің жайы, қазақ жастарының махаббат, еркіндік мәселесі.
Абай осылайша, адамгершіліктің туын жоғары ұстаған ұлы гуманист жазушы. Ол әр уақыт халыққа: «мақтан қума, ойсыздарға қосылма!» -деп ақыл береді.
Абай шығармашылығынан ерекше орын алатын үлкен бір тақырып-оның ағартушылық идеясы. Абай –өнер-білім, тәлім-тәрбиеге ерекше көңіл аударған, ұлы ағартушы ақын.

ІV. Әл-Фараби мен Абай Құнанбаевтың сабақтастығы.
         
         Абайдың қара сөздері ғылымдар бабасы Әл-Фарабидің трактаттарына сәйкес келеді. Дәл осы баба ғалым сияқты қазақтың данышпан ойшылы Абай өз тағдырының нысанасын берік белгілеп, өмір жолын туған халқына қызмет етуге арнады.
ответил от Batyirxanov
0 голосов
Абай шығыстың ұлы ғұламасы Әл-Фарабидің «қайрат», «ақыл» және «жүрек» жайындағы философиялық ой-пікірлерін өзінің «Әсемпаз болма әрнеге»  атты өлеңінде де әрі ойшыл-кемеңгер, әрі аса дарынды сөз зергері ретінде оқырманға зор шеберлікпен жеткізген. Кез келген халық әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы сол қоғамдағы тарихи жалғастықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Әл-Фарабидің философиялық, әлеуметтік-этикалық ой-тұжырымдары өзінен кейінгі дәуірлердегі ойшыл қаламгерлердің шығармаларынан өзінің дәстүрлі жалғастығын тапты. Әл-Фарабидің «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» жөніндегі осы философиялық тұжырымы Абайдың «Он жетінші сөзінде» өзінің логикалық жалғасын тапқан сияқты. Абай осы үш категория жайында түйін жасап, Әл- Фарабидің жоғарыда айтылған пікірін өз оқырманының ұғымына лайықтап жеткізеді. Абай «Осы үшеуің басынды қос, бәрін де «Жүрекке» билет, – деп ұқтырып айтушының аты «ғылым» екен. Үшеуің ала болсаң, мен «Жүректі» жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы», – депті деген қорытындыға келеді. Әл-Фарабидің «қайрат», «ақыл» және «жүрек» жайындағы философиялық ой-пікірлерін Абай өзінің «Әсемпаз болма әрнеге» атты өлеңінде де әрі ойшыл-кемеңгер, әрі аса дарынды сөз зергері ретінде оқырманға зор шеберлікпен жеткізген. Абай ақыл мен қайраттың иесі болған адамды «жарты адам» дейді. Өйткені ондай адам тек «суық ақыл» мен «жүгенсіз қайраттың» ғана өкілі болып табылады. Ал бойына осы екі қасиетпен қоса жүрегі  бар адам ғана «толық адам» деп танылады.
        Шығыс классикасы арқылы Абай өзінің де берер күш-қуатын тапты. Тамаша сюжет образдары мен ақыл-өсиетін, өнер өнегелерін өз творчествосына сіңірген. Сондықтан, бұл мәселелерді көтеру, көңіл қоя, көз тоқтата іс қылу –болашақ зерттеушілер ісі.    
VI. Қорытынды.

Абай туралы не білгенімізді қорытындылайық.
        Абайтану қазір өз алдына бөлек бір ғылым болып қалыптасты. Жоғарғы оқу орындарында Абайтану саласы оқытылады. Бүгінде Абай мұралары жанрлық жағынан да, поэтикалық тілі, көркемдігі мен халықтығы жағынан да жан-жақты әрі тиянақты  зерттелуде. Абай шығармалары әлем елдерінің әдебиеттерімен, оның ішінде классикалық әдебиеттермен байланысты қаралып, одан ақынның үйрену, аудару тәжірибелері мол зерттеулерді қажет етеді. Абайдың дүниеге көзқарасы, қоғамдық ойлары, оның орыстың озық , ілгерішіл идеясымен байланысты. Абайды зерттеуге тілшілер де, экономистер де, философтар да, тарихшылар да, заң-құқық қызметкерлері де белсене ат салысуда. Бұлардың еңбектері өзінің жақсы нәтижелерімен жұршылық көңілінен шығып отыр.
      Абайды зерттеу ісі қазір тек қазақ ғалымдарының ғана емес, бүкіл жер жүзі ғалымдарының төл ісіне айналып отыр.
       Әсіресе, 1995 жылы ЮНЕСКО-ның Абайдың туғанына 150 жыл мерекесін тойлау туралы шешімі, оның даңқын бүкіл әлемге әйгіледі. Осы тұстағы Абай шығармаларының басқа тілде басылулары мен ақын жайында шыққан жеке мақалар мен кітаптар оны қалық қауымға бұрынғыдан да танымал етті.

VII. Пайдаланған әдебиеттер.
1. Т. Тұрсынова , «Қазақ тілі»
2. Сүйіншәлиев Х. ,«Қазақ әдебиетінің тарихы».
3. А.Құнанбаев, «Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ»
4. Ахметов З., Абайдың ақындық әлемі.- Алматы, 1993ж.
5.Әуезов М., Абай Құнанбаев.- Алматы: Ғылым, 1967ж
6.Әуезов М., Шығармалар.- Алматы, 5 том. 1961ж.
7.Құнанбаев А., Қалың елім қазағым. – Алматы: Жалын, 1995ж.
ответил от Batyirxanov
0 голосов
Қай елдің болсын мақтан тұтар ұлдары болатыны белгілі. Міне, қазақ халқының осындай бір мақтан тұтар ұлдарының бірі ғұлама ойшыл, әрі бір туар ұлы – Абай Құнанбаев. Абай атамыздың қай еңбегін алсақта, жас буынға, болашақ ұрпаққа берері көп, үлгі, өнеге деп есептеймін. Ол кісінің өмірі мен шығармасы қазақ елі үшін әлі күнге дейін биік, әрі болашақтың жарқын бағдары болып келеді. Абай атамыз көркемдік ойлау, бейнелеп айту, суреттеу тәсілі мүлде жаңа, даралық стилі еркін, икемді, поэзиядағы дайын үлгілерді қайталамайды. Қазақ поэзиясының бәйтерегі. Абайдың өлеңдері қоғам шындығын көрсетуге, адамның бойындағы жағымсыз, келеңсіз мінездерді сынауға арналады . Мысалы, «Ғылым таппай , мақтанба» өлеңінде ақын осылай бейнелейді. Сонымен қатар аударма еңбектерімен де шұғылданған . Орыс әдебиетінен аударған, олардың ішінде ерекше көңіл бөлгені: И.А.Крылов мысалдары. А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов шығармалары. Абайдың қара сөздері сыншыл, ойшыл, көбіне адамгершілік мораль мәселеріне арналған өсиет, толғау. Көлемі шағын, мазмұны мағыналы терең. Кейбіреуі сұрақ түрінде, өз-өзімен сырласу, оқырманмен кеңесу түрінде беріледі. Соның ішінде менің жаныма жақын, жатталып қалғаны « Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боларсың» Абай атамыз композитор, әрі сазгер. «Жаяу Мұса», «Біржан сал», «Ақан сері», « Тәттімбет» күйлерін сүйіп тыңдаған. Бала кезімізде әке-анамыздан естіген, есімізде қалған әндерінің бірі- «Көзімнің қарасы». Абай әндері ескірген жоқ, керісінше әлі де айтылып жалғасуда.
ответил от оркен

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
17 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
5 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
6 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
4 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов