Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
табиғат туралы шығарма керек. Өтініш тауып беріңіздерші
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов
Табиғат,таңғаламын тамашаңа!

Ана құрсағынан шыр еткен сәби жарық әлемге келісімен көрікке тұнып тұрған тартымды ағаштарды, мөлдір таза тұнық тұрған қарқынды бұлақтарды,  ағып жатқан бұлақтың сыбдырын, айналада болып жатқан жұмыстың сыңғырын, құстардың бұлбұлдай әсем үнін, әлемнің нұр сыйлаған жарық күнін естіп-көріп ерекше ерендей күйге түседі, бұл күй – табиғат күйі.

Осы бір парақ ақ қағазда менің екінші анам жайында әңгіме қозғалмақ. Сізге қызығырақ болса,жайғасып отырып,асықпай деміңізді тартып,жаңа бір тың дүниемді оқуды жалғастырыңыз.

Қойнауында жер басып жүргенімді біле тұра табиғатты неге анам демеске?! Осы бір тылсым сөзді айтқанда,көкейімде бір-ақ сұрақ мазалайды да тұрады. Табиғат неге өз перзенттерін таңғалдырудан жалықпайды екен?

   Ана ,шіркін,қашан да Ана ғой! Құрсағынан өсіп-өнген балаларын ойлайды да тұрады. Қай мезгіл болмасын, табиғат-анам менің жанымда. Анамның ғажайып әсемдігіне тамсана отырып,керемет сезімге бөленем де кетем.

    Жан дүниемдегі сұлулық табиғат-анамнан тараған десем, сенесіз бе?Оның бұл қылығын ерке қызына берген сыйына балар едім. Мен табиғатқа деген ыстық махаббатымды өшіре алар емеспін. Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық.

      Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, сондықтан халқымыз: «Табиғат -  адамзаттың өмір нәрі,  қажеттінің табылар содан бәрі» - деп бекер айтпаған.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ....

Адамзат тіршілігінің дамуын академик Вернадский «екі жақты апаттың аралығы» деп сипаттайды. Мұның мәні өмір сүру үшін жанталасу, ғылым мен техниканы пайдалана отырып табиғатын өз ризығын алу жолында адам сол табиғатқа орасан зор зиян келтіріп, «жазылмастай етіп жарақаттайды, экологиялық апат қаупін тудырады екен. Ал бұл әрекеттің зиянды екенін біліп, бәріне тоқтау салу қазіргі заман үшін – қол қусырып қарап отыру өлумен бірдей. Басқаны басқа дейік, күллі тіршілік атаулының тірегі қара жердің өзін жегідей жеп, аздыруға айналдырыппыз. Адамның ақыл – ойы жетіліп, қоршаған ортаның құпия сырларына қаныққан сайын, олардың төл табиғаттан ажырап қалу қаупі төніп тұрғанын білгеніміз жөн.
Қарап отырсақ, табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Жер бетіндегі сананың ең биік шыңы – адам десек, ең төменгі сатыдағы құрт – құмырсқаға дейін табиғаттың тең құқылы мүшесі. Тіршілік атаулының бәрі тұтасып келіп, үлкен биологиялық жүйені құраса керек. Осының кез  келген буыны құрып кетсе, ішкі байланыс үзіледі де, қоршаған ортаның тепе – теңдік заңы бұзылады екен. Жер бетінде барлық тіршілік иесінің жаны бар десек артық кетпеспіз. Өйткені ғалымдардың зерттеуі бойынша, жан – жануарлар мен жәндіктер тұрмақ, тіпті көктемде көктеп, күзде қурайтын өсімдіктің де өзіне тән жаны, мінезі бар көрінеді. Өсіп, жайқалып тұрған жапырақтарға биолог ғалымдар ультра жазу аппараттары арқылы тәжірибе жазағанын газет – журналдардан оқып білуімізге болады. Сондағы өсімдіктің сабағына арнайы байланыс құралын орнатып, бір жапырағын жұлуға қол созыпты. Сөйтіп, жапырақты ұстағанда экранда қорқыныш дірілі пайда болған екен. Жансыз деп есептейтін қарапайым жапырақтың өзіне осынша сезім берген тіршіліктің ғажаптығына неге таң қалмасқа? Ал біз жапырақ тұрмақ, бүкіл орманды да ту - талақай ете аламыз. Адамдардың басты қателігі дәл осында, яғни, өзге тіршілік иелерінің сезімімен санаспайтындығында.
Тіршілік атулының бәрінде өзіндік «Мен» бар. Жан – жануарлардың белгілі дәрежеде ой өрісі қалыптасқанын аңғаруға болады. Олардың өзіндік жақсы көру, жек көру секілді сезімдері жоқ десек артық кеткеніміз. Тіпті олардың арасында адамзатқа үлгі боларлық, таңғаларлық мінездер ұшырасады.
Халқымыз қасиетті құс деп ардақтайтын аққу да қалған ғұмырын аса тату бірлікте өткізетін көрінеді. Олардың бір – біріне деген махаббаты соншалық, жұптың бірі қапияда қаза тапса, екіншісі қайғыға шыдамай жантәсілім ететіні бәрімізге аян. Оны біз ақынымыз Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» атты романынан байқауымызға болады.
Су, ауа, топырақ, өсімдік, жан – жануарлардың – бәрі де біздің теңдессіз байлығымыз. Осылардың бәріне қамқор болып, өркениеттің дамуына және жер бетіндегі тепе – теңдіктің бұзылмауына өз үлесімізді қосуымыз қажет.
ответил от Batyirxanov
0 голосов
Табиғатқа қиянат жасама , Адамзат!
                                                                                                                                Адам- табиғат перзенті...
      Адамның табиғатқа тигізер пайдасы да , зияны да көп.Табиғатты қорғау- адамзаттың парызы.Адам табиғатқа  қандай көзқараспен қараса,табиғат та адамға сондай жауап қататын сияқты.Адамдардың ойланбай табиғатқа жасайтын қиянаттарын айтар болсақ,жетіп жатыр.Мысалы: М.Әуезовтің "Көксерек" әңгімесін алайық.Осы әңгімеде адамдар көзін әлі ашып үлгермеген  қасқырдың күшіктерін іннен сұрып алып,жартысын өлтіреді.Қасқырлар жыртқыш аң болғанымен ,оларда адам баласы сияқты.Өйткені адамдар өзінің баласын,бағып - қағып, нанын тауып беріп,бақытты қылу үшін негеде болса барады.Қасқырларда сол сияқты, күшіктерін асырау үшін бәріне де барады деп ойлаймын.Қазіргі күні адамда өз денсаулығын өзі құртады.Кейбіреулер:неге,бұл қалай дейтін шығар.Өйткені , адам баласы мұнай,газ тағы сол сияқты ауаны ластайтын заттарды өндіріп ,экологияны ластайды. Ормандардағы ағаштарды отап,жан - -жануарлар азайып бара жатқанына қарамастан өлтіріп терісін пайдаланады.Бұл дүние жүзінде елдерде болып жатқан жағдай деп ойлаймын.Осыны түйіндей келер болсақ,егер денсаулығымызды,еліміздің экологиясын ойлайтын болсақ,онда табиғатқа жанашарлықпен қарауға тиіспіз.Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі.Табиғатпен адам қатар ұғым.Адамсыз  табиғат, табиғатсыз адам өмір сүру мүмкін емес.Адам табиғатты қасиет тұтады.Табиғат тіршіліктің құт - берекесі.Табиғатты қорғау міндеттіміз.Казіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті.Экологияны корғау, табиғатты сақтау жастардың қолында.Табиғаттың сырын қазіргі кезге дейін ғылымдар зерттеуде.Қазақ халқында табиғатты құрметтейді.Қазақтар жұлдыздарға қарап бағыт - бағдар болжаған.Табиғат біздің сұраушымыз,байлығымыз,күнделікті тынығатын сарайымыз.Табиғат адамның еңбегінсіз,адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы.Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар.Сондықтан табиғат адам  үшін-асыл ана.Өйткені, адам баласы табиғатта,тіршілікте  өсіп-өніп жетілген.Қажетін алып,өз пайдасына жаратқан. Табиғат-ырыздықтың,ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі,адам денсаулығының сенімді сақинасы.Ұрпақтан-ұрпаққа мол мұра ретінде қалушы.Табиғаттағы  жануарлардың мүйізінен  немесе өсімдік тамырынан халық емшілері  дәрі-дәрмектер жасаған сонымен қатар адам ағзасына дәрінің септігін  тиерін анықтаған.Табиғаттың сырын білмей,қалай болса солай қолдану ойға қонымсыз.Өйткені, оның салдарынан табиғат байлықтары кеми түседі.Қазіргі таңда табиғаттың ластануы үлкен,аса зор мәртебе.Бұл барлық дүние жүзінде қарастырылуда.Табиғат-сөз жетпес сұлулық,баға жетпес қазына,көз тоймас әсемдік,айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап,ластануда, соның салдарынан адам өміріне өте қауіпті жағдай тудыруда.Біз табиғаттағы әр бір жайқалып тұрған гүлге,мәуелеп тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет."  Бір тал кессең,он тал ек" демекші, айналамыздағы табиғат  лас иісті,ауру тудырушы бактерияларды жоюшы тал,жасыл желек.Егер осы мәселе қаралмай қала берсе төңірек азып кетеді.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
17 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
5 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
6 ответов