Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Өнегелі өмір шығарма тауып бере аласыздар ма?
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Өнегелі өмір

Сойқаңды соғыс- өрт, кіл апат,

Ол- қайғы, ол- үрей, алапат.

Бейбіт күн- береке баршаға,

Тыныштық, тыныштық- бір рақат!- деп ақын жырлағандай, сәулесін шашқан арайлы күн бәрімізге қымбат! Бірақ арийлік неміс ұлтының мүддесі үшін адамзаттың жарқын келешегін құртпақшы болып, тарих сахнасында Адольф Гитлер шықты. Ол арийлерді «ұлттардың төресі, барша адамзаттың бастауы» деп таныды. Бірақ әлем әміршісі атануды ойлаған адамның арманы іске асқан жоқ, себебі фашизммен күрес тек майдан даласында ғана емес, тылда да қызу жүріп жатты. Ер азаматтар соғысқа аттанғандықтан, елде еңкейген кәрі, жас бала, қыз- келіншектер еңбек етті.

         Елде бірен- саран ғана ауыр еңбекке жарамды азаматтар қалды. Солардың бірі- менің нағашы атам болған. Нағашы атам Рақымжан талай бір ұлы тұлғаларды, талай жақсылар мен жайсаңдарды дүниеге әкелген ғажап ауыл- Үлгіалған ауылында 1900 жылы дүниеге келген. Ауылының адамдары да елінің атына лайық қте бір тамаша жандар. Осындай бір тамаша адамдар ортасында өмір сүрген атам 1933 жылы Нұрыш деген молданың қызы Биғалимаға үйленеді. Ақар- шақар бір шаңыраққа айналып, біреуден ілгері, біреуден кейін болып, бақытты өмір сүріп отырғандарында екінші дүниежүзілік соғыс басталады. Ауылдағы тракторды жүргізе алатын жалғыз механизатор болғандықтан, басшылар Рақымжан Жәкуұлын соғыстан броньмен алып қалған. Рақымжан атам күндіз- түні еңбек етіп, Жеңісті жақындатуға өз үлесін қосты. Отан алдындағы парызына адал болғандығы үшін үкімет тарапынан үнемі сыйлыққа ие болған. Еңбегі үшін бірде мата, бірде азық- түлік береді екен. Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерен еңбегі ескеріліп, үкіметіміз бірнеше рет медальдармен марапаттаған. Соғыстан кейінгі ауыр жылдарда да ауыл шаруашылығын көтеруге өз үлесін қосты.  Кейіннен ауылдың малын бақты. Бойында емшілік қасиеті бар нағашым ауырған малдарды да емдеп жазатын. Малмен күнін көрген қазаққа мұндай адамдар өте қажет еді. Көмегіне зәру адамға қол ұшын беруге жалықпайтын атамды үлгіалғандықтардың бәрі де сыйлап, құрметтейтін. Осылайша бар саналы ғұмырын еліне еңбегін сіңірумен өткізген ата дін жолына да адал болып, бес уақыт намазын қаза қылмайтын. Киіміне кіршік қондырмайтын өте таза адам еді. Біз кішкентай болсақ та үнемі бізге үлгі- өнеге боларлық әңгіме айтудан жалықпайтын.

         Нағашы әжеміз Биғалима ата- анасының алақандарына салып өсірген жалғыз қызы болса да қиындықтан қаймықпады. Ел басына күн туған уақытта ерлермен бірдей еңбек етті. Сұрапыл соғыс жылдарында үнемі ауыр жұмыстарда жүрді. Қолы қалт еткен уақытта ісмерлікпен айналысып, ауылдастарына қолынан келген көмегін аямаған. Атам мен әжем 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірді. Үлкен қызы Рысжан ауылдағы мектепті бітіргеннен кейін кітапханашылық оқуға түскен, бірақ ең кіші інісін сағынып, оқуды тастап, ауылға келіп сауыншы болған. Жемісті, қажырлы еңбегі үшін бірнеше рет облыстық және аудандық кеңеске депутат болып сайланған, жоғары наградаларға ие болған. Қарабұлақ ауылына, яғни менің әкеме тұрмысқа шыққаннан кейін де сауыншы болды.

         Бұл жұмысында да абыройлы болып, үнемі басшыларынан алғыс, ақшалай сыйлықтар алды. Аудандық, ауылдық кеңеске депутат болып сайланды. Екінші қызы Нәсіпжан «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, тігіншілікпен айналысты. Ұлдарының бірі- Төлеміс өзі сияқты механизатор болса, ең кіші ұлы- Амантайы- жоғары білімді ұстаз.

         Жүзінен мейірім шуағы есіп тұратын әжем барлық немерелерін бірдей көріп, айналып- толғанып отыратын. Ықылас- пейілі кең апамның дастарқаны да мол болатын. Қымызын, айранын ішкен сайын ішкің келе беретін. Сондықтан да болар бұл үйден қонақ үзілметін. Осы дәстүр балаларына да бірлгендіктен, қазіргі кезде де қара шаңыраққа кез келген уақытта барып тұрамыз. Ата- әжеміздің көзін көрген, үлгі- өнеге алған Асылтас тәтеміздің жарқын қабақпен қарсы алатындығына сенімдіміз.

         Бізді еңбексүйгіштікке, адалдыққа, үлкенді құрметтеуге баулыған нағашы ата- әжемді үнемі еске алып, аруақтарына ризалықпен бас иемін!
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
5 ответов
0 голосов
0 ответов
спросил от Saiynbek_pro в категории Музыка
0 голосов
0 ответов
спросил от Saiynbek_pro в категории Музыка
0 голосов
0 ответов
0 голосов
8 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы