Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Sania в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

5 Ответы

0 голосов

Тақырыбы: Мен, елімнің  патриотымын!                                                                                         Мақсаты:

1.      Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге,өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.

2.      Оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту.

3.      Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, кескіндемелер, бейне таспа                                                       Барысы:                                                                                                                                  1.Ұйымдастыру.                                                                                                                               Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз!
Ақпыз,қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

2.      Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын.» Балалар, сіздер   алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға

ответил от Sania
0 голосов

-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған-туысқаның. Отан-бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызметет етін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!

Отан деген не, кім қалай түсінеді?

.Отан дейміз кең-байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

-Қазақстан Республикасының президенті кім?                                                                              - Президент деген кім?                                                                                                                               Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал  біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында тұр.Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар. Аталған қалаларда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.

 (Осы кезде картамен жұмыс жасату). Аталған қалаларды картаға түсіріп бояңыздар.

Подпись: АстанаОписание: Image result for карта казахстана раскраска с городами

 Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. Астанада биіктігі 97 метрлік не бар? Бәйтерек. Бәйтеректі көргендерің, Астанаға барғандарың бар ма? (оқушылардың ойын тыідау). Ендеше алдымыздағы қима қағаздан не шығатынын жабыстыру арқылы көрейік. (жапсырмалау жұмысын жасату)

Подпись: шөпПодпись: күнПодпись: гүлПодпись: Бәйтерек басыПодпись: бәйтерекПодпись: бұлтОписание: Image result for карта казахстана раскраскаОписание: Image result for карта казахстана раскраска с городами

1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн.                   Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы.

Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтапұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдіртүсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі,тыныштық пен байлықтың белгісі.

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген.Шаңырақты айнала күнсәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Бес жұлдыз,қанатты тұлпар бейнеленген.Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді

            Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбәт, әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.         

   Оттай жанып жанарың

Одан қуат аламын

Әнұран ол — тынысы

Кең жазира даламның.

ответил от Sania
0 голосов

Міне, осы Қазақстандай үлкен жерімізді, елімізді, танытып, намысымызды  шет елде қорғап келген спортшыларымызды айтпасақ болмайды. Өз елінің патриот азаматы ретінде көк туымызды Риода желбіреткен спортшыларымызға мың алғыс. Қазақстан құрамасының Рио-де-Жанейро Олимпиадасынан ұтқан медальдар саны- 17.    2012-жылғы Лондон Олимпиадасының алтын ме­даль иегері, жеңіл атлет Ольга Рыпаковабұл жолы қола медаль алды. Боксшы Василий Левит күміс медальға қол жеткізді. Ауыр атлет Александр Зайчиков қола медаль ұтып алды.                                                                     Бокстан алтын медальді Қазақстан құрамасына Данияр Елеусінов тарту етті.  Еркін күрестен Эльмира Сыздықова Олимпиаданың қола медалін иеленді.

Описание: <a href=" src="file:///C:/TEMP/msohtmlclip1/01/clip_image002.jpg"> Описание: <a href=" src="file:///C:/TEMP/msohtmlclip1/01/clip_image004.jpg">

Боксшы Әділбек Ни­язымбетов осымен екінші мәрте Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Еркін күрес­тен Гюзель Манюрова – күміс, Екатерина Ларионова қола медаль ұтып алды. Бокстан Иван Дычко мен Дариға Шәкімова жартылай финалға шығып медальға ие болды.                                                                                                                                            Қазақстан спортшылары Рио-де-Жанейро Олимпиадасында жақсы өнер көрсетті, мықтылығын дәлелдеді. Осы орайда ел намысын қорғаған, көк туымызды желбіреткен  барша спортшыларымызға біз өз ризашылығымызды білдіруіміз керек. «Көк тудың желбірегені» әуенін видеосымен көрсету.                                                                                 Келешекте сіздер де осындай атақты спортшы, танымал адам болуға тырысуларыңыз керек.                                   «Мен кім болам?» тақырыбында  ауызша оқушыларға айтқызу.

Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?

§  Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш  бала болуымыз керек.

§  Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз?

«Мақалды тап» ойынын ойнайық.

Отан - Описание: Image result for огонь раскраска да ыстық.

Отан Описание: Image result for семья раскраска-нан басталады. Т.б

Қортынды:  Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.

Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі,

— деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз,Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Еліміздің  жанашыр патриоты болайық.

ответил от Sania
0 голосов

Сабақтың  тақырыбы: «Мен  елімнің  патриотымын»

Мақсаты: Балаларды Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту. «Патриот » деген сөздің терең мәнін түсіндіріп өту.
Отанды сүю – от басынан басталады.
Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл.
Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.
Мақалдардың мағынасын талқылап, түсіндіру, балалардың пікірлерін тыңдау.
Көрнекіліктер: суреттер, қарындаштар, ақ қағаз, түрлі - түсті қарындаш.
Жаңа сабақпен таныстыру.
Сұрақ - жауап.
- Балалар «патриот» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- «Патриот» қандай болу керек деп ойлайсыздар?

Тақтамен жұмыс: «Патриот» болудың өсиетті сөздері бар екен, қане оқиық: /слайд арқылы көрсету/

Бұл сабақта әрбір азаматтың қандай құқығы мен міндеті бар екендігін түсінеміз.
Азаматтың құқығы ғана емес, азаматтық парызы да бар.
Әрбір азаматтың төлемақысыз білім алуға, дәрігерге қаралуға, бір - бірімен қарым - қатынас жасауға т. с. с. құқықтары бар екен.

Менің атам айтқандай «... әрбір азаматтың бір құқығы болса, екі міндеті болады. Ол дегеніміз: қазір білім алып оқысақ, ертеңгі күні біз біріншіден Қазақстанның нағыз азаматы боламыз, екіншіден: ата - анамыз алдындағы парызымызды өтеу керекпіз. Бұл әр азаматтың борышы» деген сөзі бартын маған өсиет қылып айтып кеткен.

Бірақ нағыз азамат болу оңай емес екен. Ол үшін адамгершілік, жауапкершілік, әдептілік керек.

Еліңнің нағыз азаматы болу үшін Қазақстанның заңдарын біліп, сақтау керекпіз. Біздің елде әр азамат он төрт жастан бастап істеген ісіне жауапты болады.

Мұндай заңдылық біздің қазақ жерінде үлкен сыныптарға барғанда «ТАРИХ» сабағынан өтесіздер, сонау Әз Тәукенің тұсындағы «Жеті жарғыдан» басталған.

Ата заңын ардақтай алмаған азамат, елінің де қадіріне жете алмайды.
Сіздер кішкентай балапандар – еліміздің болашағысыздар. «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан...» деп Абай атамыз жырлағандай елін сүйген азамат болуға сіздер міндеттісіздер.

- Міне осы өсиеттерді есте сақтау әр кімге де қажет.

Ал ендігі тапсырма, отан туралы мақал - мәтелге көңіл аударайықшы:

Отанды сүю – от басынан басталады.

Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл.

Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.

Мақалдардың мағынасын талқылап, түсіндіру, балалардың пікірлерін тыңдау.

Міне енді осының барлығын біз кішкене жүрегімізге тоқып алсақ келешекте жақсы да сенімді Қазақ еліміздің нағыз "ПАТРИОТТАРЫ" боларсыздар деп үміттенем, маған бір ой келді, суретпен қалай жеткізуге болады деп ойлайсыздар?

Қорытындылау: сұрақ - жауап, сурет талдау.

 

ответил от Sania
0 голосов

Тақырыбы:    Мен өз елімнің патриотымын.

Мақсаты:  Балалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін толықтыру. Туған ел, Отан туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Еліміздің рәміздерін қастерлеп, өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет-ғұрып, салт – дәстүрлерін сақтауға, ұлтжандылыққа, достыққа, елін , жерін құрметтеуге, батыр да, батыл болуға тәрбиелеу.

Заттық дамыту ортасы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік  рәміздері. Слайдтан көрсету, кітаптар көрмесі

 І Ұйымдастыру кезеңі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалады.

Мұғалім

Қайырлы таң балалар!

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түсті даламыз

Әрбір бейбіт күн ыстық

Аман Отан анамыз - дей келе балалар бүгінгі  тақырыптық оқу іс – әрекетіміз ерекше болмақ.

Бізге қонаққа апайлар мен ата – аналарымыз келіп отыр. Сондықтанда барлығымыз сұрақтарға жауап беріп, сабағымызға толық ат салысайық.

  • Балалар сендер қай елде тұрып жатырсындар? (Қазақстан )
  • Яғни балалар біздің отынымыз қай ел ?  (Қазақстан)

Енді мына тұрған сөз жұмбаққа назар аударындар сөз жұмбақта қазақстаннын қалаларын тап делінген . Кане  кім айтады, кім жылдам екен?

Сөз жұмбақ

Қ

а

р

а

ғ

а

н

д

ы

А

л

м

а

т

ы

Қ

ы

З

ы

л

о

р

д

А

с

т

а

н

а

Т

а

л

д

ы

Қ

о

р

ғ

а

н

Ө

с

С

к

е

м

е

н

А

Т

ы

р

а

у

А

қ

т

а

у

Ш

ы

м

к

е

Н

т

Қазақстан – біздің отанымыз. Біз осы елдің өскелең ұрпағы өз еміміздің патриоттарымыз. Біздің еліміз егеменді тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің тұңғыш президентін сайлады.

  • Біздің еліміздің президенті кім? ( Н.Ә. Назарбаев)
  • Біздің ұлттық тіліміз қандай тіл? (қазақ тілі)
  • Ал еліміздің Елордасы қалай аталады? (Астана)
  • Қазақстан Рсемпубликасының мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады? кім біледі? ( Ту, Елтаңба және Гимн)

Ал кане балалар біз өз еміз жайында ой қозағағанда өз Отанымыз жайында білетін өлең шумақтарынды ортаға салындар

                       ҚАЗАҚСТАНЫМ- ҒАЖАПСТАН

Тәуелсіз елім бар,

Отаным- Қазақстан.

Кең байтақ жерім бар,

Өлкесі- ғажапстан.

Айдынды аққулы көлім бар,

Асқар- асқар тауы бар,

Мерейлі халқы бар,

Бұл өлке- Қазақстан!

Қазақстан- Ғажапстан!

                        ТУҒАН ЖЕРІМ АСТАНА

Астанам  елімізге арман болған,

Елбасы елімізге қорған болған.

Көк туым желбірейді көк аспанда,

Бейбітшілік көгершіні ұшып- қонған.

Нұрсұлтандай атамыз,

Қазақ елін басқарған.

Атамыздай боламыз,

Ел тағдырын ойлаған.

Талай жылдар аңсаған,

Еркіндікті әперді

«Туған елді, жерді сүй»,-

Деп аманат етеді

                   ОТАНЫМ- МАҒАН  ЫСТЫҚСЫҢ

Отаным маған  ыстықсың

Отан- асыл, Отан- ана мен үшін.

Жаным пида ел үшін, жер үшін.

Отан маған мұрасындай атамның,

Қымбатсың сен, қастерлісің сол үшін.

Отан, менің тұнып жатқан сырымсың.

Отан, менің айтылатын жырымсың.

Әлемдегі көрікті де, көз тартар

Ең бір ғажап, ең әдемі гүлімсің.

Отан, менің нұрын шашқан күнімсің,

Отан, менің жарқылдаған үнімсің.

Үлкен- кіші өлең құмар, джыр сүйер,

Қасиетіңді жырларымнан ұұғынсын.

Сенен асқан жерұйық жоқ әлемде,

Асқақтай бер, өркендей бер, тағы өрле.

Құрмет тұтып, қадірлейтін сүйініп,

Көшбасшы боп  көрінесін бар елге.

Отан- ана, отан- асыл тірегім

Өзің деп қана соғар менің жүрегім.

Даңқың шығып көтерілші биікке,

Осы менің жалғыз ғана тілегім.

Енді Отан, туған жер туралы білетін мақал – мәтелдер айту

1. Туған жердей жер болмас,

    Туған елдей ел болмас.

2. Туған жерге туыңды тік

3 Отан – оттан да ыстық

4. Отан үшін отқа түс күймейсін

5. Үлкенге- құрмет, кішіге - ізет.

Хор «Атамекен» әні

Мұғалім сөзі қорытындылау

    

ответил от jaki

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов