Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы

Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығы

Қазақтың ұлттық киімдері

Күрделі зат есім

Өткізілген орны:

Қарағанды қаласы, «Алтын сақа» балабақшасы

Сабақтың мақсаты:

· Тіл үйренушілерге қазақтың ұлттық киімдері мәлімет бере отырып, сөйлеу дағдыларын дамыту.

Сабақтың ресурстары:суреттер мен иллюстрациялар, слайд-шоу, ұлттық киім суреттері, аудио-бейне материалдар, қазақтың ұлттық киімдері туралы бейне-ролик.

Сабақтың әдісі:диалог, монолог, түсіндіру, интерактивті тақтамен жұмыс, топтық жұмыс.

Грамматикалық минимум:күрделі зат есім

Лексикалық минимум:сырткиім, баскиім, аяқкиім, киіз қалпақ, киіз етік, жабағы күпі, жадағай шапан, жүн қолғап, жүн шұлық; түйежүн, далбағай, түйе жүн, кеудеше, шекпен, шидем шекпен.

Күтілетін нәтиже:

· Қазақтың ұлттық киімдер туралы ақпарат ала отырып, қазақша мәтіндерді тыңдайды және түсінеді, сөйлеседі (монолог, диалог)ғ оқиды, жазады. Грамматикалық минимумды меңгеріп, сөйлеуде күрделі зат есімдерді дұрыс қолданады.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Сабаққа дайындалу.

Жаңа сабақ «Қазақтың ұлттық киімдері».

1. Жаңа сабаққа арналған слайд-шоуды интерактивті тақтада көрсету.

- «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі - жапырақ» демекші, бүгін бізде ерекше сабақ.Біз бүгін қазақтың ұлттық киімдерімен, олардың атауларымен танысамыз. Киім – адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Олардың барлығы да адамдардың ақыл-ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі. Қазақ халқының ұлттық киімдері климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сыртқы салтанат киімдері болады. Киімдерқымбат матадан тігіледі. Көйлек, желет; сыртқы киімдер: шапан, кеудеше, тон көйлек, камзол, кимешек, тақия, сәукеле, кебіс, мәсі т.б.

Киізден жасалатын киімдер: 1. Байпақ. 2. Кебенек. 3. Киіз етік. 4. Киіз қалпақ. 5. Пима.

Теріден жасалатын киімдер бірнеше түрге бөлінеді.

Сырткиімдер:Ішік;Жарғақ; Тақыршалбар;Тон.

Баскиімдер:Бөрік;Құлақшын;Малақай;Тақия;Тымақ.
Аяқкиімдер:Кебіс; Мәсі; Саптама етік;

Жүннен жасалатын киімдер: жабағы күпі, жадағай шапан, жүн қолғап, жүн шұлық, мойынша, түйежүн далбағай, кеудеше, шекпен, шидем шекпен.

Оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Қазақ халқының ұлттық киімдері. Қазақ халқы ұлттық киімдерін сәндеп тіккен. Киімдері ашық түсті болған. Көйлектері ұзын жеңді, етектері кең, желбіректер тігілген. Камзол, шапандарын ою-өрнекпен безендірген. Бас киімдері: үкілі тақия, сәукеле, бөрік, тымақ. Әжелер бастарына кимешек киген. Зергерлік бұйымдардан білезік, алқа, сырға, шолпы таққан. Қазақ халқының ұлттық киімдері өте сәнді және көрікті.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Қазақ халқы киімдерін қалай тіккен?

2. Көйлектері қандай болған?

3. Камзол, шапандарын немен безендірген?

4. Қандай бас киімдері бар?

Суретпен жұмыс. Интерактивті тақтада тақырып бойынша сурет беріледі.

Суретке қарап, танысыңдар. Сурет бойынша жұппен сұхбат құраңыз..

Жазылым

3.Сөздерді ретімен орналастырып, сөйлем құраңыз.

Үлгі: Барды, шешем, ұлттық киім, дүкеніне. - Шешем ұлттық киім дүкеніне барды.

  • Сатып алды, маған, ол, көйлек, әдемі.
  • Сары, түсі, көйлектің
  • Концертке, киді, апам, көйлек, ұлттық
  • Бар, менің, қызыл, әжемде, қамзол.

Зат есім

Дара зат есім

Күрделі зат есім

дала, бас, қалам

мекенжай, балабақша, баскиім

Тапсырма. Берілген сөздерді баскиім, аяқкиім, сырткиім түрлеріне қарай ажыратып кестеге жазыңдар. Мәсі, кимешек, тақия, тымақ, кебіс, киіз етік, киіз қалпақ, бөрік, құлақшын, малақай, шапан.

Баскиім

Аяқкиім

Сырткиім

Рефлексиялық тапсырма. Мен бүгін не білдім? Нені біле аламын?

Мен нені білемін?

Өте жақсы

Жақсы

Орташа

Нашар

1

Мен киімнің түстерін білемін.

2

Мен ұлттық киім туралы мағлұмат бере аламын.

3

Жаңа грамматиканы түсіндім.

4

Мен сәнді киім жөнінде пікірлесе аламын.

5

Мен дүкенде киім туралы сұхбат құра аламын.

Сабақты қорытындылау.

1. Қазақтың ұлттық киімдеріне байланысты мақал-мәтелдер жазу.

2. Жаңа сөздерді жаттау.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ