Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Тақырыбы: Зат есімнің жекеше, көпше түрі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсініктерін кеңейте отырып сөйлем ішінен тауып сұрақ қоя білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
Дамытушылық: ойын түрлері арқылы ізденімпаздық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық іскерлік есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке бірін-бірі сыйлай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үлестірмелі қима материалдар, суреттер, слайд.

Сабақтың түрі: Бекіту сабағы. Ашық сабақ

Сабақтың барысы:

Қызығушылықтарын ояту
1.Психологиялық дайындық

Айналаға алақанмен,
Жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп, күлімсіреп,
Біз сабақты бастайық.
- Балалар, бүгінгі сабақ ерекше сабақ болады. Бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Ендеше қонақтарға бар білімімізді көрсетейік.

Өткенді қайталау:

- Балалар мына бұлттардың арасына күн жасырынып қалыпты. Енді осы күнді ашу үшін бұлттардың артындағы сұрақтарға қатесіз жауап беру керек.

- Зат есім дегеніміз не?
- Кім? Не? деген сұрақтар қай уақытта қойылады?
- Жалқы есім дегеніміз не? Мысал келтір.
- Жалпы есім дегеніміз не? Мысал келтір
- Зат есімнің жекеше түрі мен көпше түрі деген не?
- Көптік жалғауларды ата
Міне күнде ашылды.

Сурет бойынша жұмыс.Берілген заттарды атап сұрақ қою. Заттарды көпше түрде айту.

Жаңа сабақ:

1-жаттығу.

Балалар, мынау гүлдер жартылай өсіп, ары қарай өсе алмай тұр екен. Ендеше оларға өуге көмектесейік.

Сөздерге тиісті жалғауларды қосып жаз.

Іні(лар,лер), қарындаш(дар,тар), терезе(дер,лер), ағаш(дар,тар), жіп(тар,тер), жүзім(тер,дер).

Әр сөзге сұрақ қою.

2- жаттығу.

Берілген сөздерді кестедегі орындарына жаз. Жаттығу тақтада орындалады.

Әжелер, қояндар, бала, дәптер, жазушы, шелектер, шаңғы.

Кім?

Не?

Кімдер?

Нелер?

Сөздерге сұрақ қою. Туынды сөзді табу. Басқа сөздердге жұрнақ жалғап туынды сөз жасау. Балалық, шаңғышы. Сөз құрамына талдау.

Сергіту сәті

3-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, көптік жалғауы бар сөздерді көшіріп жазу.

Бұлттар, боталар, жоталар.

Боталар сөзіне дыбыстық талдау жасау

Боталар-3б. 7д. 7ә.

б-д-сыз, ұяң

о-д-ты, жуан

т-д-сыз, қатаң

а-д-ты, жуан

л-д-сыз, үнді

р-д-сыз, үнді

5-жаттығу. Өлеңді жатқа жазу. Зат есімдерді табу.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Симантикалық карта тарату.

Зат есім

Балалар

Болат

Қалалар

Есіл

Қалам

Кім?

+

Не?

+

+

Кімдер?

+

Нелер?

+

Жалпы есім

+

+

+

Жалқы есім

+

+

Жекеше

+

+

+

Көпше

+

+

Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ