Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

4 Ответы

0 голосов

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сайрам ауданы

№20 С. Сейфуллин атындағы мектеп – гимназиясы

«Сезімге толы сырлы қоңырау!»атты соңғы қоңырауға арналған мерекелік іс – шара

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Конусбекова Мадина

«Сезімге толы сырлы қоңырау!» атты мерекелік іс-шараның сценариі

Мектеп алаңы мерекелік іс-шараға сай безендірілген. Музыка ойналып тұрады.

Сахнада «Қазақ биімен» 10 – сынып оқушылары билейді.

(Би биткен соң коридор болып тұрады)

Жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және қонақтар!

Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, мектебіміздің түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, Алтын ұя мектептерімен қоштасқалы тұр. Бұл күн, мектеп тарихында мектеп бітіруші түлектердің есінде мәңгі өшпейтін күн.

Мектебің – алтын ұя жарқыраған,

Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған.

Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,

Шарықта, жас қыраным, Ақ жол саған.

Өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар түлектерімізді құрметпенен қол соғып қарсы алайық.

(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)

11 «а» сынып оқушылары. Сыныпта 16 оқушы.

Сынып жетекшісі Ташева Гүлназ

11 «ә» сынып оқушылары. Сыныпта 16 оқушы.

Сынып жетекшісі Төлебаева Шолпан

11 «б» сынып оқушылары. Сыныпта 8 оқушы.

Сынып жетекшісі Дәніқұлова Амина

11 «в» сынып оқушылары. Сыныпта 14 оқушы.

Сынып жетекшісі Аллабергенова Света

Қол соғып қарсы алыңыздар!

Ұрпағын мақтануға болса лайық ,

Біз бүгін мақтанайық жар салайық .

Мектептің соңғы қоңырау салтанатына,

Арнайы келген түлектерін

Құрметпеннен қол соғып қарсы алайық .

Осыдан 20 жыл бұрын жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын сағынып келген ұл – қыздарымыз бүгінде ой толып, ер жеткен, аға – әпкелеріміз болып келіп тұр.

Ендеше 1996 жылдың 25 мамыр күні мектепті бітірген 20 жылдықтүлектерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз.

Қол соғып қарсы алыңыздар!

(барлық бітірушілер орнына жайғасады)

Салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

(Лесов Бақыт ортаға шығып өз сөзін айтады)

Оқушылар!

Түзеліңдер!

Тік тұрыңдар!

Туға қарай сап түзеңдер!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көтерілсін!

(Туды көтерушілер 11 «Ә» сыныбынан Разақ Нұрлан, 11 «А» сыныбының оқушысы Сарманова Арай, 11 «В» сыныбының оқушысы Қуанышбаева Айдана)

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер қазақты жалауынан таныған.

Өзі батыр, өзі әнші халыққа,

Жарасады жігер берер әнұран.

(Әнұран орындалады)

Жүргізуші:

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені – дей келе биылғы оқу жылында өз табалдырығынан түлектерін ұшырғалы отырған Алтын ұя мектебіміздің директорының міндетін уақытша атқарушы Нұртаев Санат Жолдасбекұлын ортаға шақырамыз!

(Түлектерге арналған тілегі мен 11 сынып бітіруші түлектерге арналған марапаты)

Жүргізуші:

Мектебім – алтын ұям, құт босағам,

Білімге бастау алдым осы арадан

Жалықпай табасың деп сен үйреттің

Шешуін қиындықтың тосар алдан.

Мектебім – жұмбақ бағым, құтты мекен,

Ұшырсаң көкке самғап менде кетем.

Анамның құшағындай елжіретер,

Шуақты сендей сұлу жер бар ма екен?

Мектебіміздің мақтаныштары Жоламанова Ланида мен Айтбаева Дильназдың орындауында «Ұстазға мың алғыс» әнін қабыл алыңыздар.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Жүргізуші:

Таң қалмасын қызықтың шағы қызған

Жана берсін бақ артып бағыңыздан

Құрметпенен ұсындық сізге сөзді

Ақтарылып көріңіз ағыңыздан – деп сөз кезегін бітіруші түлектерімізді құттықтау үшін Сайрам аудандық білім бөлімінің әдіскері Оспанова Фарида сөз беріледі және ауданнан келген қонақтарға __________________________________________________________________

_____________________________________________________ сөз беріледі.

(Ескерткіштің ашылу салтанаты)

Жүргізуші:

Аяулы әнім – мектебім,

Шуағыңда көктедім.

Жүрсемдағы қай жерда

Қиялымнан кетпедің.

Ортаға мектебіміздің жез таңдай әншісі, көптеген облыстық байқаулардың жеңімпазы Сейдуалы Ақниетті «Астана» әнімен қарсы алыңыздар.

Жүргізуші:

Қонақтар отыр ортада,

Қошемет көрсет қол соға.

«Биіктен көрінсін» дейді,

Тілеулес бізге олар да

Олай болса бүгінгі бітіруші түлектерімізді құттықтау үшін келіп отырған зейнеткер ұстаздарымызды ортаға шақырамыз.

1. Сайрамбаева Орынтай апай

2. Қыстаубаева Лескүл апай

3. Бимурзаева Уазира апай

4. Ермекбаева Тұрар апай

5. Бабашева Роза апай

6. Таева Гүлжахан апай

7. Табирова Назипа апай

8. Маймақова Күляйхан апай

9. Қойшығұлова Сырға апай

10. Амалбекова Забира

11. Қартабаева Қарлыға

12. Сарқұлова Күлзия

13. Тоқмырзаева Күлдән

14. Қамбарова Мейрамкүл

15. Сұлтанғалиева Роза

16. Мурашимова Мейірша

17. Асанова Айымкүл

18. Тұрбекова Айғаным

19. Бөлегенова Роза

20. Серікбаева Салтанат

21. Кенжеғараева Гүлбарам

22. Байысбаева Гүлнар

23. Сазабай Айымша апайларға сөз береміз.

Жүргізуші:

Абзал жандар биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып, төл мерекең қарсы алды.

Түлектерге жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды.

(Ортада 1– сынып оқушыларының қара өлеңдері (12 оқушы)

1. 1 « А » - сынып оқушысы -------------------------------------

2. 1 « А » - сынып оқушысы -------------------------------------

3. 1 « А » - сынып оқушысы -------------------------------------

4. 1 « А » - сынып оқушысы -------------------------------------

5. 1 « А » - сынып оқушысы -------------------------------------

6. 1 « А » - сынып оқушысы -------------------------------------

7. 1 « А » - сынып оқушысы -------------------------------------

8. 1 « А » - сынып оқушысы -------------------------------------

9. 1 « А » - сынып оқушысы -------------------------------------

10. 1 « А » - сынып оқушысы -------------------------------------

11. 1 « А » - сынып оқушысы -------------------------------------

12. 1 « А » - сынып оқушысы -------------------------------------

Жүргізуші:

20 жыл бұрын нұрға толы жанымыз,

Арман қуып кеткен едік бәріміз.

Сағынышпен сан жылдар өтіп арада

20 жыл бұрынғы түлегің бүгін ортада

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және қонақтар!

Бүгінгі «Сезімге толы сырлы қоңырау!» атты салтанатты жиынымызға мектебімізді 20 жыл бұрын бітірген түлектерін ортаға шақырамыз!

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

((сөз сөйлейді) 20 – жылдық түлектерден кейін)

Жүргізуші:

Тіршіліктің дүрсілдетіп жүрегін,

Мен өзіңнен қанаттанар түлегің.

Саған деген махаббаттым – әнімді,

Асқақтата шырқай салып жүремін

Ән : «Мектебім сағынышым» сахнада 11 «А» сынып оқушылары Сарманова Арай, Дулан Айша, Утинова Салтанат.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Саған деген махаббаттым – әнімді,

Асқақтата шырқай салып жүремін

Ән : «Мектебім сағынышым» сахнада 11 «А» сынып оқушылары Сарманова Арай, Дулан Айша, Утинова Салтанат.

Жүргізуші:

Сағыныштан сезімдерін шайқап ән,

Ораламыз жылда өзіңе қайтадан.

Әліппені жаттатқызған ұстазым,

Сенің ізгі көңіліңнен жай табам – дей келе сөз мектеп бітіруші түлектеріміздің алғаш қолдарына әліппені ұстатқан, қымбатты ұстаздарымыз Мыңбаева Фарида, Сәрсенова Әлия, Қалыбекова Фарида апайларымызды ортаға шақырамыз. бірге

Ұстазым ұғындырып даналығын,

Баршаның елестеткен бала күнін.

Жайдарлы көңіліңнен айналайын,

Кешірген баланың бар шалалығын – дегендей бітіруші түлектеріміздің сынып жетекшілері Ташова Гүлназ, Тюлебаева Шолпан, Дәніқұлова Амина, Аллабергенова Света апайларымызды қошеметпен ортаға шақырамыз.

(сөз сөйлейді)

Жүргізуші:

Осы бір сәт уақыт сыйы ма екен,

Өмірге аттау күрделі түйін екен.

Мектеп деген балалық шағың болса,

Балалықпен қоштасу қиын екен.

Би: «Мектеп вальсі» және «Флэшмоб» орындайтындар: бітіруші сынып түлектері.

Жүргізуші:

Орындалсын аңсап жүрген арманың,

Арайланып атсын нұрлы таңдарың.

Туған елдің көк байрағын көтеріп,

Биіктерден көріне бер, саңлағым!

Алтын ұям мектебім аялаған,

Жас жаным жапырағын саялаған.

Қарлығаш ұландарың қанат қақты,

Сыйлауын сені мәңгі қоя ма адам.

Мектепті биыл бітіруші түлектерінің құттықтау сөздері.

1. Төлеуов Ертілес – 11 «В» сынып оқушысы

2. Жұманбердиева Айдана – 11 «Ә» сынып оқушысы

3. Мырзахан Айдана – 11 «Б» сынып оқушысы

4. Байсымаков Садық – 11 «А» сынып оқушысы

( Осы кезде 1 – сыныптарға арналған сыйлықтарды тарқатады )

Жүргізуші:

Балалық, шаттық өмір, думанды кеш,

Түседі естеріңе қызықты кеш.

Сағыныш бойды билеп келгендерге,

Мектептің есіктері ашық әркез.

Сол бір кез сәтті түскен бүгінгі күн.

Қосыңыз әрқайсыңыз жақсы бір үн.

Сырласып отырайық, ән салайық,

Мауқымыз басылғанша осы бір күн.

«Сейфуллиннің түлектері» бітіріуші түлектердің мектепке арналған әні.

Орындайтындар: Мекен Нұрсейіл, Мақұл Мәулен, Қамбарбек Ілияс, Дауылов Ержан, Ізтілеуова Нурила, Мамадияр Қарлығаш, Бернақова Алия.

Жүргізуші:

Шіркін, мектеп өмірі қандай керемет. Алты жасқа толып, алғаш мектеп табалдырығын аттаған күн әр бір жас бүлдіршінге үлкен мереке күні ғой. Қалайша ұмытарсың бұл күнді?

Тарихы терең қазақ деген көне елде,

Ел белгі де ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді ту болмады дегенге ?!

Алдарыңнан арман жолы ашылады,

Түлектерге бақыт гүлі шашылады.

Қимастықпен білімнің алтын кілтін,

Ізбасар бүлдіршіндерге тапсырады.

Мектебіміздің биылғы түлегі Джұмағазиев Нұрсұлтан мен биылғы Алтын белгіден үміткер түлегіміз Тулегенова Айғаным «Алтын кілтті» қабылдап алушы түлектеріміз оқу озаттары 10 «А» сынып оқушысы Бекболатқызы Аружан мен 10 «Ә» сынып оқушысы Жанбосынов Төреханға тапсырады.

Жүргізуші:

Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,

Ұстаздарым баулыды тәртіпті қып.

Қоштасамыз біз бүгін сіздерменен,

«Соңғы қоңырау» әнін жаңғыртып айтып тұрып.

Ән: «Соңғы қоңырау» орындайтындар бітіруші түлектер Ақжол Ләзкен, Бейсенбеков Гүлсінай.

Жүргізуші:

Қоштасады алтынұя мектебің,

Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.

«Сәт – сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз,

Тілейміз біз армандарға жеткеннін.

Гүлдерге толы омырау,

Өмірде жоққой тоқырау.

Қимастық сезім оятып,

Соғылсын соңғы қоңырау.

Соңғы қоңырау соғу салтанаты мектеп бітіруші түлектеріміз

1. Есалиев Рүстем 11 «Ә» сынып

2. Түлегенова Айғаным 11 «Ә» сынып

3. Тұңғышбаев Талғат 11 «Ә» сынып

4. Ізтілеуова Нурилаға 11 «В» сынып

5. Баймырза Алмас 1 «А» сынып

6. Әділбек Гауһар 1 «А» сынып

7. Ғалымқызы Аруназ 1 «Ә» сынып

8. Нарбекова Әсілай 1 «В» сынып оқушыларына тапсырылады.

(Соңғы қоңырау соғылады)

Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,

Орындалсын өмірде тілектерің.

Үнімен соңғы естіген қоңыраудың,

Дірілдеді – ау ерекше жүректерің.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Финал. Осы әннің аясында Шарлар мен кептерлер ұшырылады.

Ән: «Қазақ елі» орындайтындар Дүйсебекова Аружан, Елтай Асылжан, Кудияров Ораз.

Жүргізуші:

Осымен түлектеріміздің Алтын ұя мектебімен қоштасуына арналған салтанатты мерекемізді жабық деп жариялаймыз!

Оқушылар, сіздерді көңілді демалыс, жайдары жарқын жаз қарсы алуда. Жазғы демалысты жақсы өткізіп, жаңа оқу жылында жаңа күш жігермен мектепке оралуларыңа тілектеспіз.

Қош сау болыңыздар!

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов