Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Павлодар облысы

Екібастұз қаласы

№28 Абай атындағы жалпы

орта білім беретін мектеп

10 сынып

Авторы:

Усманов Ильяс Ринатұлы

Жетекшісі:

Абилгаламова Айжан Кенжеханқызы

Қазақ тілі мен қазақ әдебиет пән мұғалімі

Тақырыбы: Абай қара сөзі — тәрбиенің көзі

Этномәдениеттану (Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәнін ашу)

Ұлы Абай қарасөздерінің негізі

Абай қарасөздері жеке–жеке жазылған қырық алты шығарма, оның алтау-

жетеуі қысқа түрде берілген. Бұған он алтыншы, он сегізінші, он тоғыз, жиырма, жиырма төрт, отызыншы сөздерін жатқызуға болады. Қарасөздерінің ішінде тәрбиелік мәні мен мазмұны жағынан тереңірек тұратын қырық алтыншы сөзі. Оны кейбір ғалымдар очерк деп те атайды. Өзге қырық бес сөзінің ішіндегі көлемі жағынан мораль жөніндегі ой толғауы берілмеді. Абайдың қара сөздерін оқыған адам Абаймен сөйлесіп, пікірталаста отырғандай сезінеді. Өлеңіңдегі бір өзгешелік отыз жетінші сөзінде мазмұн жоқ. Абайдың қарасөздерінде жиырма үштен астам афоризмдер жинағы бар.

«Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің.

Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп

болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің

дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады.

Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласы адам баласына дұшпан болса,

бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады. Бұл жерде «хисабына» – қатарына, есебіне деген мағынада. Абай жат қылықтарды санамалап айтып береді.

Әрбір елде сонымен қатар қазақ халқында адамдардың бір-біріне деген іштарлығы, бір-біріне көре алмаушылығы көптеп кездеседі. Абай атамыз өзінің «Үшінші сөзінде осы жайды қозғаған». Әрбір жалқау кісі қорқақ, ақылсыз, надан келеді. Әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді. Әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады. Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейткенінен басқа ойының жоқтығынан өзге егін, сауда, өнер, ғылым сияқты нәрселерге салынса, бұлай болмас еді. Әр адам малым көп болса екен, өзімдікі болса дейді осының бәрі адамның көзінің тойымсыздығы. Үлкен болыстыққа таласып бір-бірінен асып түсем дейді. Малдары көбейсе билікке таласады. Елдегі жақсы адамдарды көре алмай үстеріне арыз беретіндер де аз емес. Билікке жетем деп іші тар болған адамдар өтірік болыс, билерге жағынып, олардың айтқанын істеп жүреді де, күндердің күнінде өзі болыс болып шыға келеді. Билік құру әр адамның қолынан келе бермейді. Бұған бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы», Әз Тәуке ханның Күлтөбенің басында күнде кеңес болғанда «Жеті жарғысын» бөлмек керек. Әлі, ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергендікпен ескіріп, жаңа заманға келіспейтұғын болса, оның орнына тартымды толық билік шығарып, төлеу соларға жарарлық кісі болса керек еді, бірақ ондай кісі аз. Бұрынғы қазақ жайлы білген адамдар айтыпты «Би екеу болса, дау төртеу болады» деп. Оның мәні-тақ болмаса, жұп билер таласып, дау көбейте береді дегеннен айтылған сөз. Сөйтіп, би көбейткенше, әрбір болыс елден толымды – білімді үш-ақ кісі билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе, жаманшылығы әшкере білінбегендіктен түссе, әйтпесе түспесе. Ол билерге даугер адамдар қарамай, екеуі екі кісіні билікке таңдап алып, үстіне біреуді посредникке сайлап алып біте берсе, яки оған да ынтымақтаса алмаса, бағанағы үш бидің біреуін алып, жүгінсе, сонда дау ұзамай бітім болар еді.Адамдар арасында бірлік болмай ешқашанда тірліктің болуы мүмкін емес деген сөз тараған. Ақын қазақтың «Өнер алды-бірлік, ырыс алды-тірлік» деген мақалы төңірегіндегі философиялық мәнде ойды алтыншы сөзде өрбітеді.Яғни адамдар мол егін салуда бірге бас қоспаса, жұмыстың өнімсіз болуы мүмкін, яқи ертеңгі еліне жау шапса да, олар бірге қару ұстап алға шығу керек. Абайдың «Жетінші қара сөзінде» бала ата-анадан екі түрлі мінезбен туады:біреуі-ішсем,жесем,ұыйқтасам дейді. Яғни, мұндай өмірде мақұрымсыз өтуі мүмкін. Таң атқаннан кеш батқанға дейін ойлайтыны ұйқы. Бұндай адамдардың көкірегінде сәуле, көңілінде сенім жоқ, яғни олар малмен тең келеді.Екіншісі талаптансам,білсем, үйренсем дейді. Бұндай адамдар әр нәрсеге сын көзбен қарайды. Үлкен адамдардың ақылын есте сақтап кейінгілерге мұра етеді. Алдарына келген астың қандай қиыншылықпен келгенін түсінеді. Бұндай адамдардың жалқауларға деген жаны қас келеді. Ертеңгі ел басына түсер қиыншылық кезде, содан шығарлықта ақыл айтып жол табуға тырысады.

Өмірге адам не үшін келеді? Ол өз ұрпағын ары қарай дамытып, жалғастыру үшін келеді. Абай атамыздың «Оныншы қарасөзінде» адам баласы дүниеге неліктен келеді деген сұраққа жауап іздеген. Көбі өз орнын бассын дейді,қартайған күнімде асырасын дейді. Бірақ дүниеге келген бала осыны орындай қояр ма екен? Бар адамның құдайдан тілейтіні бала, оның денсаулығы. Ата-ана баласы ауырып жатқан кезде құдайға жалбарынады. Бұдан ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін көреміз.

Абай еңбектің адам баласының игілігі үшін қажетті іс-әрекет екенін айта келіп, оны жоғары адамгершілік қасиетпен байланымстыра қарастырады. Мәселен, өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Адамгершіліктің қарызы үшін еңбек қыласың, алланың сүйген құлының бірі боласың, әкесінің баласы адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың, деп бүкіл адам баласын сүю, халыққа, көпке пайдасын тигізу сияқты ұлы гуманистікқасиеттерді дәріптейді. Ар – ұят, адамгершілік мәселелері, бесінші, он бірінші, он сегізінші сөздерінде әңгіме болады. Отыз үшінші сөзінде мал табудың жолдарын өнерден іздеу туралы өсиет айтады. Мал жұтайды, өнер жұтамайды деген.

Отыз үшінші сөзіндеқазақтың өнерлі адамын Абай әулие санайды. Бірақ сол өнерлі қазақтың бойында болатын кеселдерін атап береді.

Абай естіген, білген нәрселерді еске сақтаудың, есті тәрбиелеп, жетілдірудің жолдарын да сөз етеді.

Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жияр қыла алмайсың…. Одан да алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық.

Қазақтың өнерлі адамын Абай әулие санайды. Бірақ сол өнерлі қазақтың бойында болатын кеселдерін атап береді.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Көпшілік қарасөздерінде философиялық сұрау беріп, сол сұрауға өзі жауап беруге тырысады, немесе өзімен өзі кеңесу, ой-пікір білдіру үлгісінде құрылады. Абай жиырма сегізінші қарасөзінде тамам жұртқа бұзық болма, түзік бол деп жарлық шашып, жастарға тәлім-тәрбие беру үшін жол салады. Әрбір ақылы бар кісіге иман парыз, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз керек екендігі туралы айтады. Және де әрбір рас іс ақылдан қорықпаса керек. Өзінің тәрбиелік мәні зоор қарасөздерінде, адамгершілікті, ар-ұятты, намыситы, қайратты, батыл әрі сыншфыл болуды көрсетеді. Оитыз сегізінші қарасөзінде ғылым-білімді әуел бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпен яки алдаумен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша.

  • Міне, осындай ақыл сөздерімен қазақ халқына ой салған Абай атамыз ешбір жанның есінен кетпес. Абайдың осы қарасөздерін оқығанда адам белгілі бір толқу үстінде отырады. Адам баласының білмегенін білдіріп, еріккенге ермек деп жаза асалған жоқ, ол дама баласы өмірге келгеннен кейін өмірдің бар жақсысы мен жаманын айыра білсе екен деді. Адамның жеп отырған нанының өзі қаншалықпен алға келеді. Адам өмірде тек түзу жолмен жүру керек дейді. Ұрлық, алдау, арбауға үйренген адамға одан шығу қи ын. Адам баласы тек білім, оқу, іздену, ғылым арқылы өз ісін алға қарай жалғастыра алады. Абай қарасөздері – оның ақындық мұралығына қосылған бағалы қазына. Ұлы ойшыл қарасөздерінде «артқа лаң болмай» алға ілгері басуды арман етті. Қазақтардың тарихи бетін дұрыс жолға бұрды. Ол өмірдегі құбылыстарды жіті қабылдап, өмірдің мерездеріне жирене қарады, оқырманын солардан безіндірді.
  • Ұлы ойшылдың ғақлиясын, ақыл кеңестер деп ұғынған жөн. Абай қарасөздеріндегі құдіретті болашақ жас жеткіншектерге өзіміздің санамызға ұялатып, әрі оны өмірлеріміздің ұстанымымызға айналдыра білсек, кәделі іс оның тындырған болар едік деп ойлаймын.

Абайдың қарасөздері соңғы туындылардың қатарына жатады. Абайдың қарасөздері кейін «қазақ әдебиетінде» афоризмдерді жинақтау басталды.

Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу.

Абай «Жиырма тоғызыншы» қара сөзі арқылы кез-келген нәрсені сол

қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады.

Абайдың өз сөзімен айтсақ: Терең ойдың түбінде теңізі бар,

Тесіле көп қараса, көңіл ұғар

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ