Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

МҚҚҚ «Сандуғаш» балабақшасы

Бекітемін:______ «____» «____» 2016ж

Әдіскер Дәуленова. А.

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы:«Үй жануарларының төлдері»

І-сәбилер

«Балапандар» тобы

Тәрбиеші:Жұбанова .Ұ.М.

2016 ж

№17 Технологиялық карта ___ «___»__ Келісемін ___________ «___ »____

Білім беру саласы:Қатынас.

Бөлімі:Тіл дамыту.

Тақырыбы:Үй жануарларының төлдері.

Мақсаты:үй жануарларының және оның төлдері туралы алған білімдерін толықтыру.Жануарлардың төлдерін ажырата білуге үйрету және сурет бойынша әңгіме құрату арқылы ақыл –ойларын дамыту.

Көрнекіліктер:жануарлардың суреті,үлестірмелі суреттер( үй жануарлары мен төлдері).

Сөздік жұмыс:төлі.

Іс-әр/т кез/і

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Балалардың назарын жайлау көрінісі бейнеленген суретке аударады.

-Балалар,мынау-жайлаудың суреті.Жайлауда малдар жайылып жүр.Мынау қандай жануар?Ал мынау ше?Бұлар қандай жануарлар?

-Дұрыс айтасыңдар,үй жануарлары.

-Неге үй жануарлары деп атаймыз?

-Қандай пайдасы бар?

-Сиыр не береді,қойдан не аламыз,жылқының не пайдасы бар?

-Ит үй жануарларына жата ма?

Суретке қызығушылық танытады.Сұрақтарға жауап беруге талпынады.

-Үй жануарлары.

Балалар жауап береді.

-Ит- үй жануарлары,себебі:

үйді күзетеді,адамға көмектеседі.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Бүгін үй жануарларының төлдерімен танысамыз.Үй жануарларының балаларын,яғни жылқы,сиыр,,қой, ешкі,түйенің балаларын –төлдер деп атайды.

Төлдерді суреттен көрсетеді:

-Сиырдың төлі-бұзау,қойдың төлі-қозы,жылқының төлі-құлын,

түйенің төлі-бота,ешкінің төлі-лақ.

Балаларға қайталатады.Қойдың,сиырдың қалай дыбыстайтынын естеріне түсіреді.

Сергіту жаттығуы.

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың?

Томпиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың?

«Төлдерін тап!»дидактикалық ойыны.

Суреттен төлдерін табады.

Балалар төлдермен танысқандарына қуанады.

Төлдердің аттарын білуге,ажаратуға тырысады.

Балалар тәрбиешімен бірге қимыл қозғалыстар жасайды.

Төлдердің суреттерін енелерінің тұсына қояды.

Рефлексиялық

түзетушілік

Сұрақтар бере отырып,оқу іс-әрекетін қорытындылайды.Тәрбиеші балаларды мақтап,мадақтайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.Үй жануарларының төлдерінің аттарын үйренеді.Төл сөзін үйренеді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:үй жануарларының төлдерін;

Игереді:үй жануарлары төлдерін бір-бірінен ажырата білу дағдысын;

Меңгереді: төлдер туралы жалпы түсінік болады.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ