МҚҚҚ «Сандуғаш» балабақшасы
Бекітемін:______
«____» «____» 2016ж
Әдіскер
Дәуленова. А.
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Тіл
дамыту.
Тақырыбы:«Үй
жануарларының төлдері»
І-сәбилер
«Балапандар» тобы
Тәрбиеші:Жұбанова .Ұ.М.
2016 ж
№17 Технологиялық карта ___ «___»__
Келісемін ___________ «___ »____
Білім беру саласы:Қатынас.
Бөлімі:Тіл дамыту.
Тақырыбы:Үй жануарларының төлдері.
Мақсаты:үй жануарларының және
оның төлдері туралы алған білімдерін толықтыру.Жануарлардың төлдерін ажырата
білуге үйрету және сурет бойынша әңгіме құрату арқылы ақыл –ойларын дамыту.
Көрнекіліктер:жануарлардың
суреті,үлестірмелі суреттер( үй жануарлары
мен төлдері).
Сөздік жұмыс:төлі.
Іс-әр/т кез/і
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық - қозғаушылық
|
Балалардың
назарын жайлау көрінісі бейнеленген суретке аударады.
-Балалар,мынау-жайлаудың
суреті.Жайлауда малдар жайылып жүр.Мынау қандай жануар?Ал мынау ше?Бұлар
қандай жануарлар?
-Дұрыс
айтасыңдар,үй жануарлары.
-Неге
үй жануарлары деп атаймыз?
-Қандай пайдасы бар?
-Сиыр не береді,қойдан
не аламыз,жылқының не пайдасы бар?
-Ит
үй жануарларына жата ма?
|
Суретке
қызығушылық танытады.Сұрақтарға жауап беруге талпынады.
-Үй
жануарлары.
Балалар
жауап береді.
-Ит-
үй жануарлары,себебі:
үйді
күзетеді,адамға көмектеседі.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
-Бүгін
үй жануарларының төлдерімен танысамыз.Үй жануарларының балаларын,яғни
жылқы,сиыр,,қой, ешкі,түйенің балаларын –төлдер деп атайды.
Төлдерді
суреттен көрсетеді:
-Сиырдың
төлі-бұзау,қойдың төлі-қозы,жылқының төлі-құлын,
түйенің
төлі-бота,ешкінің төлі-лақ.
Балаларға
қайталатады.Қойдың,сиырдың қалай дыбыстайтынын естеріне түсіреді.
Сергіту
жаттығуы.
Қошақаны
қойдың,
Қайда
қалып қойдың?
Томпиып
тұр бүйірің,
Қай
өрістен тойдың?
«Төлдерін
тап!»дидактикалық ойыны.
Суреттен
төлдерін табады.
|
Балалар
төлдермен танысқандарына қуанады.
Төлдердің
аттарын білуге,ажаратуға тырысады.
Балалар
тәрбиешімен бірге қимыл қозғалыстар жасайды.
Төлдердің
суреттерін енелерінің тұсына қояды.
|
Рефлексиялық
түзетушілік
|
Сұрақтар
бере отырып,оқу іс-әрекетін қорытындылайды.Тәрбиеші балаларды
мақтап,мадақтайды.
|
Балалар сұрақтарға жауап береді.Үй жануарларының
төлдерінің аттарын үйренеді.Төл сөзін үйренеді.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі:үй жануарларының төлдерін;
Игереді:үй жануарлары төлдерін бір-бірінен
ажырата білу дағдысын;
Меңгереді: төлдер туралы жалпы түсінік
болады.