Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,Миялы селосы

№1 мектеп-гимназиясының мектепалды даярлық

сыныбы тәрбиешісі Жантумина Янжу Мұхамбетжанқызы

Киіз үй жабдықтары

Білім беру саласы:«Әлеумет»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты: Киіз үй жабдықтарымен таныстыру.

Білімділігі: Киіз үй және оның жабдықтары туралы білімдерін кеңейту .

Дамытушылығы: Киіз үй жабдықтары туралы айтып, балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі: Атадан-балаға мұра болып келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды сақтауға баулу.

Көрнекілігі: Киіз үй жабдықтары, компьютер, экран, мультимедиалық проектор, оқулық-дәптер.

Әдіс-тәсілдері: Ой қозғау,сурет бойынша әңгімелеу,топтастыру, миға шабул, мнемокесте арқылы тақпақтар айту,дидактикалық ойын,баланыстыру әдісі, БҮҮ стратегиясы, мадақтау.

Пәнаралық байланыс: сауат ашу, көркем әдебиет.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық- қызығушылық

Ұйымдастырушы-ізденушілік кезең

Рефлексиялық-түзетушілік

І. Ұйымдастыру бөлімі

(шаттық шеңбері)

Армысың, шұғылалы алтын күн!

Армысың, қайырымды жер ана!

Армысыңдар, сүйкімді балалар,

Сәлеметсіңдер ме, мейірімді апайлар!

Қол ұстасып бәріміз,

Жылылықты сезейік.

Шуақ шашқан күндей боп,

Күлімсіреп жүрейік

Ой қозғау

Жұмбақтар

Жүз мүйізі бар,

Үстінде киізі бар.

(.... ..)

Ұқсайды шеңберге,

Қабырғасы жиылып, керіледі.

Жиһазы мол кең бөлме,

Төбесінен жұлдыздар көрінеді. (.... ..)

Шаңырақ

Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. Шаңырақтың көздері болады , оған уықтың жіңішек ұшы кіріп тұрады.

Кереге

Киіз үйді тіккен кезде алдымен керегені жаяды Керегенің биіктігі екі метрдей болады. Керегенің әр бөлігін - қанат деп атайды.

Уық

Уық – кереге мен шаңырақты жалғап тұрады.Уық сәл иіліп келеді.Уықтың керегеге байлайтын ұшына жіп есіп тағады, оны уықбау деп атайды.Шаңыраққа қадайтын ұшы жіңішке болып келеді

Киіз үй есігі

Киіз үйдің ағаш есігін – сықырлауық деп атайды.Ол киіз үйдің ішіне қарай ашылады.

Сықырлауықтыою- өрнекпен әшекейлейді.

"Ойлан, тап" ойыны

Киіз үй бөліктерін атап, қайда орналасатынын сызып көрсету.

Киіз үйдің ішкі көрінісімен таныстыру.

Сандық-киім-кешек, тағы басқа дазаттарды салуға арналған, ағаштан жасалғанбұйым. Сандық - халықтартұрмысында ерте кезден пайдаланылып келе жатқан ең ежелгіжиһаздың бірі.

Жастықағаш - жер төсекте жатқан адамның басын биіктету үшін жастықтың астына қоюға ыңғайлап жасалған тиянақ ағаш.

Ағаш төсек - адамның жатып тынығуы үшін пайданылатын үй жиһазы.

Сырмақ- киізден сырып, оюлап жасалғантөсеніш.

Текемет - бетіне түрлі-түстіою-өрнек басылғанкиіз. Тұскиіз – жарға ілуге арналған, бархыт матасынан ою – өрнектерді қиып, киізге көмкеру арқылы тігіп жасаған.

Сергіту сәті.

Топтастыру әдісі : киіз үй жабдықтарын топтастыру.

Миға шабул

“Буынды жалғастыр” ойыны

Шығармашылық тапсырма

1.Киіз үй жабдықтарына

байланысты не білесің?

2.Киіз үйге байланысты әңгіме

құрап айтып бер?

Қорытынды

“Қол шапалақтау” ойыны

Егер “Киіз үй жабдықтарын” айсам қол шапалақтау, басқа заттарды айтсам аяқ топылдату.

БҮҮ стратегиясы

Білемін

Үйренгім келеді

Үйренгенім

Сандық,

қоржын,

ою-өрнек түрлерін

Киіз үйдің тұрмыстағы пайдасын

Шаңырақ,уық,

кереге,сықырлауық,жастағаш төсек, текемет.

Балаларды мадақтау.

Бір -бірімен, қонақтармен амандасу.

Жұмбақтар шешеді.

Жауабы: Киіз үй

Балалар тәрбиешінің слайдпен көрсетуі арқылы киіз үйдің сүйектерімен танысады.

Киіз үйдің сүйегі: 1 – кереге, 2 – уық, 3 – шаңырақ, 4 – сықырлауық

"Ойлан, тап" ойыны

Киіз үй бөліктерін сызықпен байланыстыру арқылы қосады.

Киіз үйдің ішкі жабдықтарымен танысады.Өздері білетіндерін әңгімелейді

Киіз үй жабдықтарын топтастырады.

Сан-дық, сыр- мақ, қор-жын,у-ық,

ке-ре-ге,шаң-ыр-ақ.

Киіз үй туралы әңгімелеп айтып береді.

Жабдықтарға байланысты мнемо кесте арқылы тақпақтар айтады.

Ойын ойнайды.

Есте сақтауға талпынады

Кестені сұрақ-жауап арқылы толтыру.

Күтілетін нәтиже: киіз үйдің жабдықтарын білу.

Білуі тиіс: киіз үй жабдықтарының қалай аталатынын білу.

Түсінігі: киіз үйдің қазақ халқының тұрмысындағы пайдасын білу.

Көрсете білуі: киіз үй жабдықтарын тұрмыста пайдалана білу.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ