Бөлім бойынша бұйрықпен күнделікті тағайындалатындар;бөлім бойынша кезекші,бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі;қарауылдың бастығы,парк бойынша кезекші,кезекші бөлімше,сондай-ақ тәуліктік наряд бөлінетін бөлімшелер.Қажет болған жағдайда,бөлім командирінің тәуліктік нарядтың құрамын өзгертуге құқы бар.
Рота бойынша тәуліктік кезекшінің тағайындалуы, құрамы және
қарулануы.
Тәуліктік кезекші қызмет атқаруға арналған орнының жабдықталуы.
Ротаның тәуліктік нарядына:
-рота бойынша кезекші; - 1 адам
-рота бойынша тәуліктік кезекшілер – 2 адам тағайындалады;
Рота бойынша кезекті тәуліктік кезекші казармалық үй-жайдың ішінде кіреберіс есіктің жанында, қару-жарақты сақтауға арналған бөлменің жанында қызметін өткереді.
Тәуліктік наряд сүңгі – пышақтармен қаруланады. Сүңгі пышақ белдік белбеудің сол жағында тоғадан алақан еніңде болуы тиіс.
Ротадағы тәуліктік кезекшілердің ауысым санын бөлім командирі белгілейді. Қажет болған жағдайда,Қазақстан Республикасы Қорғаныс министірінің бұйрығымен кейбір әскери бөлімдерде тәуліктік кезекші мен бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшісі,ротаның тәуліктік нарядмен парк бойынша тәуліктік кезекшілер жабдықталған екі оқжатары бар автоматтармен қарулануы мүмкін.Қаруды ұстаудың,сондай-ақ оны қолданудың тәртібі осы жарғы талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Рота бойынша кезекшінің міндеттері
Рота бойынша тәуліктік кезекші жауынгерлерден тағайындалды.Ол өзінің қол астында күзетуге тұрған қару-жарақтың,тапаншалар тұрған шкафтардың (жәшіктердің), оқ-дәрі салынған жәшіктердің, рота мүліктерінің және жауынгерлер мен сержанттардың жеке заттарының сақталуы үшін жауап береді. Рота бойынша тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшіге бағынады.
Рота бойынша кезекті тәуліктік кезекшінің міндеті:
-рота бойынша кезекшінің рұқсатынсыз үй-жайдан шықпауға,қару-жарақ сақтауға арналған бөлмені үнемі қадағалауға;
-бөтен адамдарды осы үй-жайларға кіргізбеуге,сондай-ақ рота бойынша кезекшінің рұқсатынсыз казармадан қару-жарақты,оқ-дәрілерді,мүліктер мен заттарды алып шығуға жол бермеуге;
-ротадағы барлық оқиғалар туралы,жарғыларда белгіленген рота әскери қызметшілері арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін бұзушылық,байқалған ақаулар және өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылғандығы туралы дереу рота бойынша кезекшіге баяндауға,оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға;
-жеке құрамды таңертеңгі тұру уақыты кезінде,сондай-ақ дабыл немесе өрт болған жағдайда түнде оятуға,күн тәртібіне сәйкес өз уақытында пәрмен беруге;
-үй жайлардағы тазалық пен тәртіпті қадағалауға және әскери қызметшілердің оларды сақтауын талап етуге;
-әскери қызметшілердің салқын кезде,әсіресе түнгі уақытта киінбей үй-жайдан шығуына жол бермеуге;
-әскери қызмешілердің темекі шегуін,аяқ киім мен киімдерін тазалауын осыларға арналған орындарда жүзеге асыруына бақылау жасауға;
-ротаға тікелей бастықтары-рота командирінен бастап,одан жоғары бастықтары,бөлім бойынша кезекші келген кезде:"Тік тұр!" деп пәрмен беруге,ротаға басқа ротаның офицерлері келгенде, сондай-ақ басқа ротаның старшиналары мен әскери қызметшілері келгенде,кезекшіні шақыруға міндетті. Мысалы: «Рота бойынша кезекші, шығыңыз!»
Бос ауысымның тәуліктік кезекшісі рота үй-жайларындағы тазалық пен тәртіпті сақтауға және рота бойынша кезекшінің рұқсатынсыз ешқайда кетпеуге,әскери жарғыларды белгіленген рота жауынгерлері мен сержанттары арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін бұзған жағдайда оған тәртіпке шақыру шараларын қолдануға көмектесуге,рота бойынша кезекшінің орнына қалғанда,оның міндеттерін орындауға тиісті.
Тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшінің қайда жүргенін әрқашан да білуге және әскери қызметшілердің қоғамдық тәртіп мен әскери нысанадағы киім кию ережелерін сақтауын қадағалауға міндетті.Байқалған барлық тәртіп бұзушылық туралы ол рота бойынша кезекшіге баяндайды.
Қорытынды бөлім
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Рота бойынша тәуліктік кезекші қандай мақсатта тағайындалады?
2. Тәуліктік кезекшінің құрамына кімдер кіреді?
3. Рота бойынша кезекшінің міндеттері қандай?
4. Рота бойынша кезекті қызмет атқаруына арналған орын қалай жабдықталады?
5. Рота бойынша тәуліктік кезекшіде қандай құжаттар болу тиіс?
Үйге тапсырма. Бағалау.