Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Түркістан қаласы. Абай атындағы №31 жалпы орта мектеп жанындағы шағын орталықтың тәрбиешісі Онгарбаева Бахыткуль Адилхановна

Математика
Сабақтың тақырыбы: «6 саны мен цифры».
Сабақтың мақсаты:
1. 6 санының пайда болуы, 6 цифрын жазуды үйрету, алты бұрыш туралы түсінік беру.
2. Салыстыра білуге, таза, әдемі жазуға дағдыландыру. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.
3. Тазалыққа, ұқыптылыққа, білімсүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік, ойын, т.б.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: Суреттер, кеспе сандар, қима қағаздар, үлестірмелі материалдар т.б.
Сабақ барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сабаққа назарларын аудару;
- Тренинг өткізу «Жылулық сыйлау».
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Берілген есептерді шығарып, сандар қатарын жазып келгендерін тексеру;
1-ден 5-ке дейін тура және кері санап, өткен сабақтарды еске түсіру.
III.Жаңа сабақ.
1. Кестені пайдаланып 6 санының шығару 5+1=6 болатынын түсіндіру, 6-5=1 теңдігін оқушыларға тапқызу. Сандар қатарында 5-тен кейін 6 саны болатынын, оның 6 цифрымен белгіленетінін көрсету. Ұзындығы 6 см болатын кесіндінің ұзындығын өлшеу нәтижесі де 6 санын беретінін, оның 5 см-ден артық екеніне көздерін жеткізу. Есікке салар іліп,
Мынау деген құлып.
Аузы ашылмаған қалпы
Айнылмаған «6»
2. Оқулықпен жұмыс.
№1 Көйлектерді, тігіншілерді санау арқылы теңдік құру
5+1=6 6-5=1
Кесіндінің ұзындығын өлшеу 6см 6см > 5см, 4см, 3см, 2см, 1см т.б.
№2 Алты бұрыштарды санау, түрлерін салыстыру арқылы теңдік құру, оларды оқу
6-5=1 кері амалдар құрастыру.0+5=60-1=50+1=60
№3 6 цифрының кітапта және дәптерде жазылу үлгісін көрсету. Суретке қарап 5-пен 6-ны салыстырып, >,< таңбалары арқылы жазып, оқу керек.
3. Дәптермен жұмыс.
Әрбір оқушы өз бітімен орындау. Доптардың суретін пайдалану арқылықосындылар мен айырманың мәндерін дұрыс табу, 6-ны басқа сандармен, 6 см-ді басқа ұзындықтармен салыстыру. 6 цифрын жазып жаттығу.
4. Сергіту жаттығулары.
№4. Өздік жұмыс. әйнекшелердің орнына теңдік немесе теңсіздік дұрыс болатындай етіп сандарды тауып қою. Үшбұрыштарды санау, салыстыру
IV.Қорытынды.
«Балапандарды құтқару» ойыны арқылы жұмбақ есептерді шешу
Тал басында тізіліп
6 жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып түсті үшеуі.
V.Бағалау.
VI..Үйге тапсырма беру.
6 санын жазып жаттығу, есептер шығару
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ