Оқушылардың физикадан және
информатикадан білім деңгейін арттырудың басты мақсаты─оның пәнге деген
қызығушылығын арттыру. Алған білімдерін пысықтау, пәнге деген қызығушылықтарын
тудырудың бірнеше тәсілі бар. Оларға кештер, эстафеталар, үйірме жұмыстарын жүргізу,
олимпиадалар өткізу және тағы басқалары жатады.
Ойын түрінде қызғылықты өтетін
жарыс оқушылардан мектеп оқулықтарынан тыс қосымша әдебиеттермен өз бетінше
жұмыс істеуді талап етеді. Жарысқа бір немесе бірнеше сынып оқушылары қатыса
алады. Біздің ойынымыздың өткізілуінің мақсаты- оқушылардың білімі мен
жан-жақты ойлау қабілеті мен ой-ұшқырлығын сынау болады. Сыныптан тыс жұмыс
жүргізудің бір түрі танымдық ойын кештерін өткізу. Төменде осындай бір ойын кешінің
жоспарын ұсынамыз. Ойын “Физикте, информатикте менмін... ” деп аталады.
Жүргізуші
Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қостайық,
Кешіккендерді тоспайық
Ғылымдардың ғылымы,
Физикамыз жайында
Кешімізді бастайық.
Қайырлы
күн құрметті көрермен!
Сөз
бастайын термелейтін өлеңмен.
Тәрбиелі,білімді
боп әрқашан
Өс, өркенде, қанат
жайып кемелден.
Жүргізуші
: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қадірлі көрермендер!
Баршаңыз да «Физикте, информатикте менмін...» атты
ойын-сауық кешіне қош келдіңіздер!
Біз бүгінгі кешімізді 7-10-ші сыныптардың
арасында сайыс түрінде жүргіземіз. Бұл ойынға әрбір сыныптан 1-2 оқушылардан
құрылған топтар қатысады. Ендеше, ортаға
ойыншыларымызды шақырамыз. Ал, қазір ойын шартымен таныстырып өтейік. Жалпы
ойынымыз 9 кезеңнен тұрады.
1.
Сәлемдесу.
2.
Шамаға немесе құбылысқа
сипаттама.
3.
Формула сыры.
4.
Қонақтарға жұмбақ.
5.
Физика заңдарын білесіз
бе?
6.
Сиқырлы пернелер.
7.
Кім жылдам?
8.
Шешендік (топ басшысы)
сайысы .
Жүргізуші:
Армысыздар, қымбатты төрешілдер.
Сайысын әрбір топтың көрерсіздер
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздер де әділ баға берерсіздер-
дей келіп сайыскерлердің білімі
мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен танысамыз.
{Алдымен жарысқа төрелік ететін
әділ қазылар алқасы сайланады. }
Ең жоғарғы бал - 10 балл
1-кезең. Сәлемдесу
Жүргізуші:
Кезек келіп, өжеттеніп, сөз
аппын.
Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн!
Тегіміз бір-батырақ та,бай да
емес,
Емеспіз бе, азаматы
қазақтың!-демекші
Мұнда әрбір топ өздерін таныстырып, әділ қазыларға
өздерінің эмблемаларын ұсынады.. Ал енді сөз кезегін ойыншыларымызға берейік.
2-кезең. Шамаға немесе құбылысқа сипаттама.
Әрбір топқа сұрақтар кезек-кезек беріледі. Топ өз
сұрағына жауап бере алмаса, сұраққа
қарсыластары жауап бере алады.
1. Ақпаратты енгізу
құрылғысы? (пернетақта)
2. Тербелістердің уақыт
бойынша кеңістікте таралуы қалай аталады? (толқын)
3. Радионы ойлап тапқан
ғалымды ата. (Попов)
4. Ақпаратты өңдеу құрылғысы?
(сканер)
5. Вирустың кері әсерін
жоятын бағдарлама? (антивирус)
6. Ақпараттың өлшем бірлігі. (байт)
7. Деректерді сақтауға арналған құрылғы. (дискжетек)
8. Дыбыс жазу құрылғысы. (колонка)
9. Ақпаратты қағаз бетіне шығару құрылғысы. (принтер)
10.
Физика не
туралы ғылым? (табиғат)
11.
Заттың ең
кішкентай бөлігі? (атом)
12.
Заттың үш
күйін ата. (қатты, сұйық газ)
13.
1961 жылы
12 сәуірде қандай оқиға болды? (адам ғарышқа ұшты)
14.
Бір дененің
екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп аталады.
(диффузия)
15.
Су мен
күнбағыс майы неге араласпайды? (тығыздықтары әртүрлі)
16.
Бірлік
ауданға түсірілетін күш. (қысым)
17.
Табиғат
туралы ғылым. физика)
18.
Ұзындықтың
халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? (метр)
19.
Геоцентрлік
жүйе бойынша әлемнің центрінде не тұрады? (жер)
20.
Астероидтар қатарына жатқызылған планета.
(Плутон)