Негізгі мақсат
|
·
Оқушыларға батырлық туралы мағлұмат беру, оның
мазмұны туралы ұғым қалыптастыру. Батырлықтың
мәдениетіміздегі орны мен маңыздылығы туралы ұғым қалыптастыру.
·
Елін, жерін, тілін сүйе білеуге, Ұлттық
дәстүріміз бен мәдениетімізді құрметтеуге, бағалауға тәрбиелеу.Ұлт жанды
болуға тәрбиелеу.
·
Сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы,
оқушылардың есте сақтау, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, өз
көзқарастарын білдіруге машықтандыра отырып, өз пікірін дәлелді жеткізуді
үйрету және сөздік қорларын жаңа терминдермен толықтыру.
|
3- тапсырма.
«Соңғы сөзді мен айтайын»
әдісі .
|
Батырлық, қаһармандық туралы ақпарат
ұсыну.Ақпаратты оқып өздерінің батырлық туралы ойын ақпаратпен байластыра
отырып, аудиторияда хабардар ету.
Батырлық, қаһармандық–дәстүрлі
қазақ қоғамында болған ерекше әлеуметтік топ – батырларға тән қасиеттер мен
өмір салты. Қазақ батырларының өзіндік қоғамдық қызметі, басқа қоғамдық
топтармен ара-қатынасын реттейтін этикасы, тағы басқа ерекшеліктері болған.
Батырлар әулетінде туған бала жастайынан әскери
кәсіппен айналысуға міндетті болды. Тұқым қуалаған батырлар «шынжырлы тұқым»
деп аталған. Ерасылдың Қабанбай, Дарабоз; Әбілмансұрдың Абылай Еспембеттің Адақ аталуы, Ағыбай батырдың есіміне Ақжолтайатының қосылуы – сол көне дәстүрдің жалғасы. Әскери
әулеттен болғандықтан батырлар алғашқы ерлік жолын көбіне соғыста өлген
әкесінің, туысының кегін алудан бастаған. Әке кегін қумау батыр үшін ұят.
Артында ұл болмаса, кек алу қызына да міндет болған. Батырлар ата кегін қууды
кең ұғымда, жалпы халықтың, елдің кегін қуу мағынасында да түсінген.
Көшпелі халықтарда хандар, әміршілер, ел билеушілер
батырлар әулетінен шыққан, осы қоғамдық топтың өкілі болған. Шыңғыс хан,Әмір Темір, Едіге, Мамай,
Абылай,Кенесары,
т.б. батыр болған және батырлар әулетінен шыққан. Олар өздерінің жұрттан
асқан ерлігінің арқасында билеушілік дәрежеге көтерілген.
Батырлардың өздеріне тән жауынгерлік этикасы,
адамгершілік ережесі, діни ырымдары мен салттары болған. Жауынгерлер
қару-жарағын, киімдерін өз руларының, өз әулеттерінің тотемдік бейнелерімен
әшекейледі. Батырлардың, жалпы аруақты адамдардың киесіне сену халық жадында
әлі күнге сақталып келеді. Батырлардың қаруы өзіне арналып соғылып, түрлі
магиялық ырымдар жасалып, кететін уақытты анықтауға киелі сандарды қолданған.
Мысалы, қырық ұстаға соқтыру, қырық күн кептіру, қырық түрлі сұйыққа суару,
т.б. Ата кәсіп ұрпаққа жалғасатындықтан, батырлар әулетінің қару-жарағы
атадан балаға мұра болып, егер мұрагері қалмаса, батыр өлгенде қаруын бірге
жерлеген. Жауынгердіңшын мәніндегі батыр атануы осы
жекпе-жекте жеңіске жетуден басталды.
|
Батырлық, қаһармандық туралы ақпаратпен
танысады.Ақпаратты оқып өздерінің батырлық туралы ойын ақпаратпен байластыра
отырып, аудиторияда хабардар етеді .
|