Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

БАТЫР – ЕЛДІҢ ҚОРҒАНЫ

Жетібаева Динара Сейітқожақызы

Алматы облысы, Райымбек ауданы

«Өжек Жаңабаев атындағыорта мектеп»КММ

қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы

Шығармашылық жұмыс ««Батыр – елдің қорғаны»
«Батыр – елдің қорғаны»
«Батыр – елдің қорғаны»
«Батыр – елдің қорғаны»
«Батыр – елдің қорғаны»
Батыр-елдің қорғаны

Негізгі мақсат

· Оқушыларға батырлық туралы мағлұмат беру, оның мазмұны туралы ұғым қалыптастыру. Батырлықтың мәдениетіміздегі орны мен маңыздылығы туралы ұғым қалыптастыру.

· Елін, жерін, тілін сүйе білеуге, Ұлттық дәстүріміз бен мәдениетімізді құрметтеуге, бағалауға тәрбиелеу.Ұлт жанды болуға тәрбиелеу.

· Сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы, оқушылардың есте сақтау, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, өз көзқарастарын білдіруге машықтандыра отырып, өз пікірін дәлелді жеткізуді үйрету және сөздік қорларын жаңа терминдермен толықтыру.

Оқу нәтижелері

· Оқушылар батырлық туралы мағлұмат алады, оның мазмұны туралы ұғым қалыптастырады.Өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге машықтанады.Оқушылар ой-өрісін , дүниетанымын кеңейтеді, ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіреді.Шағын топтарда жұмыс істеу арқылы бірін-бірі оқытуы қалыптасады.

Іс- әрекет түрлері

«Сұрақ тағы да сұрақ», «топтастыру», «Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі , «РАФТ» әдісі, «Бес жолды өлең» әдісі

Ресурстар:

Оқулық (оқу құралдары), интербелсенді тақта, эксперт парақтары, стикер, даналық ағашы, маркер, А4.

Сыныпты ұйымдастыру:

Сәлемдесу, түгендеу және зейіндерін бір ортаға тоғыстыру.

Тапсырма

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

ОЖТ

Сергіту жаттығуын жасату

Сергіту жаттығуын жасайды

Топқа бөлу.

Батырлық, елдік тақырыбындағы мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлінеді.

Мақал-мәтелдердің мазмұнына сай топқа бөлінеді.

Топты таныстыру.

Әр топ өз тобын таныстыру тапсырады,

топты таныстыру үшін берілген топ атауларынның мазмұнын ашуы тиіс.

Оқушылар топтарын топ мазмұнын ашу арқылы таныстырады.

1-тапсырма.

«Сұрақ тағы да сұрақ»

«Сұрақ тағы да сұрақ» әдісі арқылы мұғалім оқушылардан «Қамбар батыр жыры» туралы алған ақпараттарын сұрау арқылы үй тапсырмасына дайындықтарын тексереді.

Өткен сабақтағы Қамбар батыр жыры туралы не білетіндіктерін, халқымыздың тарихи тұлғалары туралы не білетіндерін айтады.

2-тапсыпма

Топтастыру

«Батырлық» сөзі туралы не білетін бұрынғы ақпараттарын ояту үшін топтастыру әдісін ұсыну.


3- тапсырма.

«Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі .

Батырлық, қаһармандық туралы ақпарат ұсыну.Ақпаратты оқып өздерінің батырлық туралы ойын ақпаратпен байластыра отырып, аудиторияда хабардар ету.

Батырлық, қаһармандық–дәстүрлі қазақ қоғамында болған ерекше әлеуметтік топ – батырларға тән қасиеттер мен өмір салты. Қазақ батырларының өзіндік қоғамдық қызметі, басқа қоғамдық топтармен ара-қатынасын реттейтін этикасы, тағы басқа ерекшеліктері болған.

Батырлар әулетінде туған бала жастайынан  әскери кәсіппен айналысуға міндетті болды. Тұқым қуалаған батырлар «шынжырлы тұқым» деп аталған. Ерасылдың Қабанбай, Дарабоз; Әбілмансұрдың  Абылай  Еспембеттің Адақ аталуы, Ағыбай батырдың есіміне Ақжолтайатының қосылуы – сол көне дәстүрдің жалғасы. Әскери әулеттен болғандықтан батырлар алғашқы ерлік жолын көбіне соғыста өлген әкесінің, туысының кегін алудан бастаған. Әке кегін қумау батыр үшін ұят. Артында ұл болмаса, кек алу қызына да міндет болған. Батырлар ата кегін қууды кең ұғымда, жалпы халықтың, елдің кегін қуу мағынасында да түсінген.

Көшпелі халықтарда хандар, әміршілер, ел билеушілер батырлар әулетінен шыққан, осы қоғамдық топтың өкілі болған. Шыңғыс хан,Әмір Темір, Едіге, Мамай, Абылай,Кенесары, т.б. батыр болған және батырлар әулетінен шыққан. Олар өздерінің жұрттан асқан ерлігінің арқасында билеушілік дәрежеге көтерілген.

Батырлардың өздеріне тән жауынгерлік этикасы, адамгершілік ережесі, діни ырымдары мен салттары болған. Жауынгерлер қару-жарағын, киімдерін өз руларының, өз әулеттерінің тотемдік бейнелерімен әшекейледі. Батырлардың, жалпы аруақты адамдардың киесіне сену халық жадында әлі күнге сақталып келеді. Батырлардың қаруы өзіне арналып соғылып, түрлі магиялық ырымдар жасалып, кететін уақытты анықтауға киелі сандарды қолданған. Мысалы, қырық ұстаға соқтыру, қырық күн кептіру, қырық түрлі сұйыққа суару, т.б. Ата кәсіп ұрпаққа жалғасатындықтан, батырлар әулетінің қару-жарағы атадан балаға мұра болып, егер мұрагері қалмаса, батыр өлгенде қаруын бірге жерлеген. Жауынгердіңшын мәніндегі батыр атануы осы жекпе-жекте жеңіске жетуден басталды.

Батырлық, қаһармандық туралы ақпаратпен танысады.Ақпаратты оқып өздерінің батырлық туралы ойын ақпаратпен байластыра отырып, аудиторияда хабардар етеді .


ответил от Surak_zhauap
0 голосов

4- тапсырма.

РАФТ әдісімен жұмыс

«Азамат туған жерімен тұғырлы, халқының салт - дәстүрімен ғұмырлы» ,«Батырлық – халық үшін мұра, ұрпақ үшін үндеу» мақал-мәтелін ұсыну, РАФТ әдісімен жұмыс жасату.

РАФТ (Әр қалыпта жазу)

Рөл

(жазушының рөлі)

Аудитория

(жазудың обьектісі кімге?)

Формат

(жазудың түрі)

Тақырып

(қандай тақырып)

«Азамат туған жерімен тұғырлы, халқының салт - дәстүрімен ғұмырлы» ,«Батырлық – халық үшін мұра, ұрпақ үшін үндеу»

«Азамат туған жерімен тұғырлы, халқының салт - дәстүрімен ғұмырлы» ,«Батырлық – халық үшін мұра, ұрпақ үшін үндеу» мақал-мәтелін ұсынады, РАФТ әдісімен жұмыс жасайды.

Қорытындылау «Бес жол өлең» әдісі

«Бес жол өлең» әдісі
1. Зат есім(1сөз)
2. Сын есім(2 сөз)
3. Етістік (3 сөз)
4. Тақырыпқа байланысты 4 сөзден тұратын фраза.
5. Зат есімге синоним сөз.

«Бес жол өлең» әдісі жұмыс жасайды, сабақты қорытындылайды.

Үйге тапсырма беру

«Батыр-елдің қорғаны» тақырыбында ой-толғау жазу.

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі мен жауаптарының сауаттылығы мен ғылымилығы ескеріле отырып формативті бағалау жасалады.

Кері байланыс

· Стикерге өздерінің бүгінгі сабақтан алған әсерлері, алған ақпараттарының құндылығы мен маңыздылығы туралы ойларын білдіреді.

Жаңа сабақты қаншалықты түсінгендерін, көкейдегі сұрақтарын жазып «Даналық ағашына» іледі.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
5 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ