Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Тақырыбы:

• Пропорцияның көмегімен пайызы бойынша санды табу.

Мақсат:

Жаңа білім

• Алдыңғы тақырыпта өтілген пропорция көмегімен санның пайызын табуды еске түсіре отырып, пайызы бойынша санды табады.

Жаңа түсінік

• Пропорция және пропорцияның негізгі қасиеттерін пайдаланып, пайызы бойынша санды табуды түсінеді.

Қолданым әрекеті

• Мәтінді есептерді шығаруда пайызы бойынша санды табу қолданады.

Талдау әрекеті

• Пайызы бойынша санды табуда пропорцияның қасиетін қолданудың ерекшелігін айырып, қорытынды шығарады.

Шығармашылық әрекет

• Мәтінді есептерді шығаруда пропорцияның қасиеттерін пайдаланып пропорция шығару жолын түсінеді.

Бағамдау әрекеті

• Пропорция туралы жүйелі білім-білік дағдының қалыптасуының өмірдегі маңыздылығын бағалайды.

Сабақ құрылымы:

І.Ақпарат алмасу ( 7 мин.).

ІІ.Алғашқы бекіту ( 3 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (25 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (7 мин.).

V.Бағамдау-бағалау (3 мин.)

Оқыту әдісі:

Репродуктивті, ішінара ізденушілік.

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:

• Бағыт-бағдар және нұсқау береді, қажет болғанда оқушыларға көмек береді, олардың танымдық есептерді өз бетімен орындауын қадағалайды.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы:

• Белсенді танымдық.

Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру:

• Күтілетін нәтижеге (мақсатқа) қол жеткізу үшін жоспар бойынша оқулық материалын АА блогындағы слайдтарды пайдаланып меңгеру; ҚӘблогы аясында өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау; ШӘблогында топтық жұмыс істеп, тапсырма бойынша ұжымдық қорытынды шығаруға қатысу.

Оқушыда дағды қалыптастыру:

• Тақырып бойынша логикасы әр түрлі есептерді шығара білу, өзін-өзі дамыту, өзінің деңгейін бағалау. Берілген мақсатқа жету, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, өз ойын сынып алдында қорғай алу.

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

• Пропорция, пропорция санның пайызы.

Ақпарат көздері:

1. Математика. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. /Әбілқасымова, Т.Кучер, З. Жұмағұлова. Алматы: «Мектеп» баспасы, 2010ж400-б.2. Математика. Әдістемелік нұсқау: Жалпы білім беретін мектептің 5-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. /Әбілқасымова, Т.Кучер,

З. Жұмағұлова. Алматы: Мектеп,2010. 3-9-б.

3. Алдамұратова Т.А, БайшолановаТ.С.Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. 3-басылым. Алматы, Атамұра, 2011.

4.Алдамұратова Т.А., Тупаева В.И. А-40 Математика. Дидактикалық материалдар. Жалпы білім беретін мектептің6-сыныбына арналған оқулық.

5. М-29Математика жұмыс дәптері, №1: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған. Алдамұратова Т.А., Хабылбекова А.Қ., Алешина Н.Ф., Сатемирова С.Р. 2-басылым. Алматы, Атамұра, 2011. 64-б.

Сабақты бағалау:

• Негізгі баға ҚӘ блогының тапсырмаларын орындағаны үшін, ал қосымша баға (бонус)ШӘблогы үшін беріледі.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ