Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Астана қаласы

№27 орта мектептің

Бастауыш сынып мұғалімі

Нағима Қапановна Булашева

Сабақтың тақырыбы:Тіктөртбұрыштың және шаршының ауданын табу

Сабақтың мақсаты:

Тіктөртбұрыштың, шаршының ауданын табудың жалпы тәсілімен оқушыларды таныстыру; Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, біліктілік дағдыларын қалыптастыру; Мәдениеттілікке, әдептілікке, адалдыққа тәрбиелеу, бір-бірінің пікірін сыйлауға баулу.

Сабақтың түрі:қорытынды сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, Ж.А. Қараев технологиясы әдістері.

Сабақтың көрнекіліктері:жеке тапсырмалар, үлестірмелі қағаздар, проектор, магнит тақта, магнит.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Өз бөлмелеріңнің ауданын есептеуге берілген. 3-4 оқушы айтады. Қалай тапқандары сұралады.

3. Проектормен жұмыс.

2 см


Тік төртбұрыштың ұзындығы - 4 см,

ені - 2 см.

Тіктөртбұрыштың ауданы

4 х 2= 8 см2

4 см 2 х 4= 8 см2

Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін оның бірдей бірлікпен алынған ұзындығын еніне көбейту керек.

Берілген жоба бойынша әр бөлменің ауданын есептен шығару.

а) Ас бөлмесінің ауданы;

ә) Холлдың ауданы;

б) Жуынатын бөлменің ауданы;

в) Ұйықтайтын бөлменің ауданы;

г) Қонақ бөлмесінің ауданы;

ғ) Балалар бөлмесінің ауданы.

4. Палеткамен жұмыс.

Оқушылар берілген сурет бойынша палетка арқылы оның ауданын есептеп табады.

5. Деңгейлік тапсырмалар.

I деңгей

1) Үшбұрыштардың периметрлерін өрнек түрінде жаз.

image

х см 2 см

5 см

3 см х см

4 см

2 см 5 см

5 см

2) Өрнектердің мәнін тап:

(15 +35) : 5 (161-152) .3 9 . 5 – 7 . 3

(29 - 14) : 5 (200-193) . 4 8 .5 – 18 : 2

II деңгей

1) Ұзындығы 5 см, ал ені 2 см тік төртбұрыштың периметрін және ауданын тап.

2) 4-ке бөлгенде 3 қалдық қалатын төрт сан жаз.

III деңгей

Ертіс-Қарағанды каналының беткі ені 40 метр, ал табанының ені одан 10 есе кем. Тереңдігі табанының енінен 1 метр артық. Каналдың тереңдігі неше метр?

IV деңгей

Барлығы неше шаршы бар?

6. Қорытынды

Не білдік, не үйрендік?

7. Үйге тапсырма.

№2 ә) бөлігі, 83 бет.

8. Бағалау.

Оқушылардың білімін бағалау.

+

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов