Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Сыныбы: 9

Пәні:физика

Сабақтың аты

§21Реактивті қозғалыс. (К.Э. цилковскийдің ғылыми еңбектерінің маңызы. Зымыран. Ғарыш саласының қазіргі жетістігі)

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

Бірлесе отырып тақырыпты талдау, реавтивті қозғалыс ұғымының мәнін ашу, тақырыпты жетік түсіну.

· өзіндік көзқарасын, ұстанымын қалыптастыру, сыни ойлауға дағдыландыру

Күтілетін нәтиже

Бірлесе отырып тақырыпты талдайды, реавтивті қозғалыс ұғымының мәнін ашып, тақырыпты жетік түсінеді.

· өзіндік көзқарасын, ұстанымын қалыптастырып, сыни ойлауға дағдыланады.

Негізгіидеялар

Реактивті қозғалыс импульстің сақталу заңының техникада табысты қолданылуына жарқын мысал бола алады. Дененің бір бөлігі одан да қандай да бір жылдамдықпен бөлінген кездегі қозғалысын осылай деп атайды.

Реактивтік қозғалыс принципі бойынша: сегізаяқ, кальмар, теңізқұрт, медуза сияқты теңіз жәндіктері қозғалады. Бүгінгі күні реактивті қозғалыс принципін пайдалану адамның бір кездегі арманы мен қиялы болған тылсым Әлеммен тілдесе бастауына әкеледі.

Адам баласының ғарыш кеңістігіне шығуы үшін асқан кемеңгерлік, аса ыждағатты есеп, өте күрделі техника және асқан ерлік қажет. Соның бәрі де қазіргі кезде жүзеге асты.

Қарапайым зымыран жану камерасы бар отын толтырылған қабықтан тұрады. Отынның жануы кезінде жоғары температураға дейін қызған жоғары қысымдағы газ сопло деп аталатын ерекше пішіні бар камерадан үлкен жылдамдықпен (4км/с-қа дейінгі) атқылап шығады. Есептеуді жеңілдету үшін қабықша ішіндегі отын түгел жанады да, жану өнімдеріimageимпульс алады деп есептейік, мұндағыimage-атқылап шығатын газ жылдамдығы,image Газ бен зымыранның өзара әрекеттесуі кезіндегі күштер сыртқы күштермен салыстырғанда өте үлкен болғандықтан, «зымыран-газ» жүйесін тұйық жүйе деп есептеуге болады.

Мәре алдындағы зымыранның сыртқы қабығымен және отынымен қоса есептегендегі массасы М болсын. Онда газ сыртқа атқылап шыққаннан кейін де денелер жүйесінің қорытқы импульсі өзгермейді. Онда массасы

Дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалысы реактивті қозғалыс деп аталады.

Негізгі дерек-көздер

оқулық, смайликтер, слайд, деңгейлік тапсырма

Тапсырмалар

Ұжымдық жұмыс «Қарлы кесек»

Тапсырмалар

Жаңа материалмен танысу «Дөңгелек үстел» әдісі

Тапсырмалар

Топтық таныстырылым «Маршруттық карта»

Тапсырмалар

Жеке жұмыс «Деңгейлік тасырмалар»

Тапсырмалар

Кері байланыс «ББҮ»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру

1. Сәлемдесу

2. Сынып оқушыларына дәстүрлі емес сәлем тренингі арқылы жағымды ахуал туғызу

3.Түгелдеу

4.Топқа бөлу (Молекула тренингі арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Ұжымдық жұмыс. «Қарлы кесек»

Үй тапсырмасын сұрау

Оқушыларға сұрақтар қойылады.

1. Дене импульсі дегеніміз не?

2. Күш импульсі дегеніміз не?

3. Дене импульсінің өзгеруі қандай шамаға байланысты?

4. Тұйық жүйе деп қандай жүйені айтамыз?

5. Импульстің сақталу заңын тұжырымдаңдар

6. Денелердің соқтығысуы кезінде импульстің сақталу заңы қалай көрініс табады?

ІІІ. Талқылау үшін суреттер беріледі.


ІҮ. Топтық жұмыс «ЖИГСО»

Жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеру

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың мүшелері жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Топтықтаныстырылым «Маршруттық карта» әдісі

1. Ғарыш саласының үлес қосқан ғарышкерлер

2. Ғарыш саласының қазіргі жетістіктері

3. Мен ғарышкер болсам...

ҮІ. Жеке жұмыс18-жаттығу №1,2 есептері шығарылады

«Деңгейлік есептер»

1-деңгей. Массасы 160г хоккей шайбасының импульсі массасы 8г, 600м/с жылдамдықпен ұшатын оқтың импульсіне тең болуы үшін шайба қандай жылдамдықпен қозғалуы қажет?

2-деңгей. Массасы 1кг шар түзусызықты және ілгерілемелі қозғала отырып, өзінің жылдамдығын 1м/с-тан 10м/с-қа дейін арттырады. Шар импульсінің өзгерісін анықтаңдар.

3-деңгей. Массасы 700г допты тепкенде футболшы оған 54км/сағ жылдамдық береді. Тебу мезеті 20мс болса, тебу күшін табыңдар.

Кері байланыс (ББҮ)

Кейінгі тапсырмалар

18-жаттығу№3

Кейінгі оқу

§21Реактивті қозғалыс. («К.Э. цилковскийдің ғылыми еңбектерінің маңызы. Зымыран. Ғарыш саласының қазіргі жетістігі» мәнжазба жазу)

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ