Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Сабақтың тақырыбы:Перспективалық бейнені құрудың кеңістік моделі

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларды перспектива туралы мәліметтермен
толығырақ таныстыра отырып, олардың қандай түрге бөлінетінін түсіндіру, перспектива заңдылықтарын сақтай отырып, сурет салуға үйрету, ұқыптылыққа баулу.

ә) Дамытушылық: Оқушыларды өз беттерімен ізденуге,
шығармашылықпен жұмыс істеуге, біліктілік дағдыларын, танымдық қызығушылықтарын арттыру.

б) Тәрбиелілік: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу, балалардың эстетикалық талғамын байыту. Өзін-өзі басқара іс атқаруға, шыншыл, әділетті, бір-бірімен ұйымшыл, дос болуға тәрбиелеу.

Міндеті: Перспектива дегеніміз не? сұрағына толықтай түсінік береміз
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Пайдаланатын стратегия: Суретпен жұмыс,елестету стратегиясы.
Сабақты байланыстыратын пән: Тарих. Әдебиет. Бейнелеу өнері.
Көрнекілік: суреттер, оқулық, т.б.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастырамыз

Жұмыс орнын дайындаймыз
Өткен тақырыпты қайталалау.
-Кескіндеме дегеніміз не?
-Нотюрморт дегенді калай түсінесің?

-Перспектива заңын қалай түсінеміз?

Мағынаны тану:
Перспективалық бейнені құрудың кеңістік моделі.
Картина жазықтығы дегеніміз - бейнелейтін заттар мен суретшінің көзі арасындағы ойша алынған тіке (вертикаль) бағыттағы жазықтық.
Көкжиек сызығы- суретшінің көз деңгейін білдіретін өлшем.
Көру нүктесі - сурет салушының затты бақылайтын орны немесе нүктесі.
Шығу нүктесі - өзара параллель түзулердің алыстаған сайын бір-біріне жақындап, көкжиек сызығында барып қосылатын нүктесі.
Көру деңгейі- суретшінің көз деңгейін білдіретін ойша алынған жазықтық.
Оқушылар нұсқаға қарап және тақырып бойынша сурет салуда перспектива заңдылықтарына үнемі сүйеніп отыруы керек. Белгілі перспектива заңдылығына байланысты әдіс-тәсілдерді дұрыс пайдаланған жөн.
Ауа перспективасының бейнелеу ережелері.
Затты кеңістікте бейнелеу үшін жақындағы заттар анық, ал алыстағы заттар солғын бейнеленуі қажет. Алыстағы тұрған жарық түсті заттар өз түсінен қараңғылау, ал қараңғылау заттар сәл жарық болып бейнеленуі тиіс. Жақындағы заттар көлемді болып бейнеленсе, алыстағы заттар жазықтау болып бейнеленеді.
Жақындағы түстер - ашық, ал алыстағы түстер солғын болып жазылуы тиіс. Мұның бәрі перспектива заңдылық ережелеріне сәйкес жұмыс жасауды міндеттейді.
Табиғат көрінісін бейнелеудегі негізгі мақсат - кеңістіктегі сұлу табиғаттың көзбен көріп, көңілмен қабылдаған көріністерін суретке салу. Оқушылар табиғат көрінісін бейнелеуден бұрын оны бақылап көруге үйренеді. Табиғаттың әр алуан құбылыстарын меңгеруге дағдыланады. Соның әсерінен табиғат көрінісін сәтті бейнелеуге үйренеді. Ауа райының жиі құбылуына байланысты заттың түр-түсі ерекшелігіне назар аударып, бейнелеу дағдысын қалыптастыру қажет. Ол үшін үнемі табиғатта серуендегенде оны көзбен бақылауға әдеттенген дұрыс. Соның себеп-салдарынан өзін қоршаған табиғат ортасын есте сақтауға, көркем бейнелеуге тырысады. Табиғат құбылысы үнемі өзгерісте болғандықтан жылдам сурет салуға жаттыққан орынды. Табиғат көрінісін қас қағым сәтте бейнелеу «этюд» деп аталады. Этюд жазу барысында оқушы табиғат көрінісінен алған алғашқы әсерін сәтті бейнелеуге тырысады. Оқушылардың жүйелі жұмыс істеуіне тікелей әсер ететін маман мұғалім болып табылады. Пән мүғалімі оқушыларды этюд жазып орындауға үйретуі керек.
Этюд орындау үш топқа бөлінеді:
а) табиғат көрінісін қағаз бетіне қарындашпен ықшамды етіп сызып белгілеу;
ә) табиғат көрінісіндегі сюжеттік көріністің құрылымын дұрыс орналастыру;
б) түстік бояу шешімін табу.
Өте аз уақытта орындалатын дайындық сурет салуда негізгі үш талап қойылады.
1. Қағазда суреттің үйлесімдік шартын жоғалтпау.
2. Заттардың жазықтағы бейнесін дұрыс құрай білу, құрылысын жіктеу, кейбір бөлшектеріне дейін анықтау.
3. Тепе-тендік сақтауда сызықтық және ауа перспективасын ескере отырып, зат көлемін толық бейнелеу. .
«Елестету» стратегиясы: – Көзімізді жұма отырып өзімізге ұнайтын табиғат көрінісін елестетеміз.
-Көзімізді ашып бейнелейміз
-Бейнеге сипаттама береміз.
Ең алдымен бояу түстері жайлы жалпы мағлұмат беруден бастаймын. Қоршаған табиғатымыз түрлі түсті әсем бояуға бай. Қыс мезгілінде көзімізбен көріп тамашалайық.
«Суретпен жұмыс» стратегиясы:
- Қысқы көрініс суреттерді таратамыз;
- Суретті бейнелейміз;
- Тақатаға шығып қорғаймыз
Сабақты бекіту.
Пейзаж. Қыс көрінісі туралы және салыну жолдарымен таныстық. жүргізіледі.
1. Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?
2. Жыл мезгілі нешеге бөлінеді? (ата?)
3. Кімге қай жыл мезгілі ұнайды? (әр оқушы өзіне ұнайтын мезгілдерін және не себепті ұнайтынын айту)
4. Қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?
5. Қыс мезгілі несімен көңілді?
Білемін
Живопись өнері жайлы. Пейзаж деген не екендігін. Қыс мезгілінің қызықтарын.
Үйрендім
Пейзаж «Қыс көрінісін» кезең бойынша жазықтық бетінде бейнелеуді немесе суреттеуді. Әр түрлі түстерді пайдалануды.
Білгім келеді
Жыл мезгілдерінің басқа техникамен салыну жолдарын.
Бағалау. Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды атап айтып, жақсы салынған суреттерді көрсетіп, мадақтау арқылы бағалау.
Үйге тапсырма: Қысқы пейзажды бейнелеу


ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов