Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Атырау облысы, Атырау қаласы

№26 «Жұлдыз» балабақшасының тәрбиешісі

Баймуханова Айгерим Кабыловна

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті

№9 «Бәйшешек» ересек тобының технологиялық картасы

2.11.2016 жыл 1-апта

Кіріктірілген білім беру салалары: «Таным», «Шығармашылық»

Бөлімі: Жаратылыстану, Сурет салу

Тақырыбы: «Су тіршілік көзі», «Жаңбырлы күн»

Мақсаты: су өмір нәрі туралы түсініктерін кеңейту. Судың адамзат тіршілігіндегі маңызы туралы түсініктерін нақтылау; судың қасиеттерін таныстыру. Суды ұқыпты пайдалана және өз денсаулығын күте білуге тәрбиелеу.Судың физикалық қасиеттерімен балаларды таныстыру,оның табиғаттағы алатын орны,сараптау,салыстыру,танымдық тапсырмаларды орындау және қорытынды жасай білуде зейінін,байқағыш қабілеттерін дамыту. Табиғатты сүйе білуге, суды үнемдей білуге тәрбиелеу.Балаларды табиғат құбылыстарын бақылай отырып өз сезімдерін бейнелей білуге үйрету, жаңбыр тамшыларын қағаз бетіндегі жазықты дұрыс пайдалана отырып түсіруге жаттықтыру,бейнелеген заттарын музыка әуенімен қимыл қозғалыста үйлестіре білуге бағыттау, ептілік пен жинақтылыққа тәрбиелеу. (акварель,бояуымен)

Әдіс- тәсілдері:

1. Шаттық шеңбері

2. Сұрақ-жауап

3. Ғажайып сәт

4. Жаңа тақырып

5. Сергіту жаттығуы

6. Тәжірибе жасау

7. «Жаңбырлы күн» тақырыбында сурет салу

8. Мақал-мәтелдер,тыйым сөздер айту.

9. Қорытынды

Көрнекіліктер мен құралдар:Сурет дәптері,қарындаштар,ойынға қажетті суреттер немесе ойыншықтар,демонстрациялық материалдар

Билингвалды компонент:су-вода, жаңбыр-дождь

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Баланы

тапсырманы

орындауға

қызықтыру

(талпындыру)

Шаттық шеңбері

Самал жел бізді желдетші,

Күн нұры бізді жарқырат.

Таза ауа дем берші,

Мөлдір су бізді салқындат.

- Балалар біз қай мезгілімен қоштасып жатырыз?

- Дұрыс айтасыңдар!

- Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

- Ал енді қай жыл мезгілі келе жатыр?

- Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалар шаттық шеңберін айтады.

- Күз мезгілімен.

Балалардың жауабы


ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Баланы ізденушілікке ұйымдастыру

Ой қозғау

- Балалар, қалай ойлайсыңдар күн, су,ауа керекпе?

- Осының барлығын бір сөзбен айтқанда не дейміз?

- Табиғат екіге бөлінеді өлі табиғат жіне тірі табиғат

- Өлі табиғатқа: су,ауа,жер,күн,бұлт,құм,жаңбыр жатады.

- Ал тірі табиғатқа: адамдар,құстар,жан-жануарлар,гүлдер,балықтар т.б жатады.

- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын,ал сендер мұқият тыңдап шешуін табыңдар.

Жұмбақ

Зәулiмде тұрағы,

Тiреусiз тұрады. (Бұлт)

Аспаннан домалап,

Көп моншақ төгiлдi. (Жаңбыр)

Аспан түстес сұйық

Әркім ішер құйып. (Су)

(осы сәтте жаңбырдың дыбысы естіледі)

- Балалар тыңдайықшы бір нәрсе естілетін сияқты

Ғажайып сәт

- Біз қонаққа жаңбыр келіпті.

- Қане балалар қонақпен амандасайық.

Жаңбыр: Сәлем достар! Балалар мен сендермен достасқым келеді. Сендер сияқты білім алып,оқығым келеді.

- Жаңбыр, кел төрлет,біз бүгін су әлеміне зерттеу жасаймыз.

- Өзіңнің кім екеніңді білгің келе ме?

Жаңбыр: Әрине білгім келеді

- Ендеше сен де мұқият тыңдап отыр.

Балалардың назарын экранға аударады.

Слайдпен жұмыс. Жаңа тақырып.

- Көп тамшыдан су пайда болады. Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбыр болып жерге түседі. Арық болып өзенді құрайды. Содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп,жер бетіне жаңбыр болып оралады.

- Жер бетінде су көп болса да, барлығы бірдей ішуге жарамды бола бермейді. Су тұщы және тұзды (ащы) болады. Біз ішу ушін тұщы суды пайдаланамыз.

Су-тіршілік көзі. Оны тамаққа пайдаланамыз, шөлімізді басамыз. Сонымен қатар егін суарамыз,өрт сөндіреміз. Жан-жануарлар,балықтар,құстар да сусыз өмір сүре алмайды. Балалар ,мына ғаламшарға қараңдаршы,жер бетінің көп бөлігін су алып жатыр. Суды ғаламшарда көк түспен белгілейді. Ал ауыз су сол сулардың 2,5 пайызын құрайды. Сондықтан ауыз су тапшы. Суға қоқысты тастауға болмайды жазда теңізге түсуге барғанда,өзімізден кейін қалған нәрселердің барлығын жинап бірге алып кетуіміз керек. Суды бекерге төкпей үнемдей білуіміз керек. Дана халқымыз «Суды бекерге төкпе», «Судың да сұрауы бар» деп айтатыны сондықтан.

Саусақ жаттығулары:

1. Жаңбыр сіркіреп жауды (балаң үйрек саусақпен тырсылдату)

2. Жаңбыр сіркіреуін жылдамдатты (барлық саусақтарымен тырсылдату)

3. Күн күркіреп жаңбыр қатты жауды (екі қолымен шапалақтау)

Тәжірибе жасау.

1. «Су-мөлдір»

Ортаға екі бала шығып су мен сүтке тәжірибе жасайды.

Стаканға таза су және сүт құйып салыстырады. Екі ыдысқа қасық салып,қайсысы көрінбейтінін бақылайды.

2. «Суда дәм жоқ»

Балалар түтікше арқылы су ішіп дәмін көреді. Оны салыстыру үшін алма шырынын ішіп көреді. Суға қант және тұз қосып дәмін татады.

3. «Су-түссіз»

Стакандағы суға әртүрлі су бояу қосып, одан түс пайда болғанын бақылау.

4. «Судың иісі жоқ»

Балалардың алдында екі стакан қойылады. Оның біреуінде су, екіншісінде ванилин қосылған су құйылған. Яғни «Судың иісі жоқ»

«Жаңбырлы күн» тақырыбында сурет салу.

(Балалар көк бояуды пайдалану арқылы жаңбырдың суретін салу)

Жаңбыр: - Балалар,сендерге көп-көп рахмет!

Менсіз табиғатта тіршілік жоқ екеніне көзім жетті. Сау болыңдар!

- Жаңбыр сағанда көп рахмет!

- Ал, балалар су туралы кім қандай мақал-мәтелдер, тыйым сөздер біледі? Қане кім айтады?

1. Судың да сұрауы бар.

2. Су анасы-бұлақ

Сөз анасы-құлақ

3. Сумен ойнама- батарсың

Отпен ойнама-жанарсың

Тәрбиеші балалар салынған суреттерін көрмеге қояды.

- Ия,күн,су,ауа бізге керек

- Табиғат

- Бұлт

- Жаңбыр

- Су

(Балалар таңырқай қарайды)

Балалар сәлемдеседі

Балалар жаңа тақырыппен танысады

Балалар саусақ жаттығуын орындайды

Балалар тәрбиешімен бірге суға тәжірибе жасайды

Балалар акварельдің көмегімен жаңбырлы күннің суретін салуды орындайды.

Дайын жұмыстарын тәрбиешіге тапсырады.

Жұмыстарын аяқтайды.

(балалар қонақпен қоштасады)

Балалар суға байланысты мақал-мәтелдер айтады.

Рефлексия

(орындаған тапсырмалар негізінде өорытынды шығарып, кемшіліктерді жою)

Қорытынды:

1. Біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?

2. Нені бейнелеуді үйрендік?

3. Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?

Жұмыстарын қорытады

Күтілетін нәтижелер:

Нені білу керек: Судың пайдасы

Қандай түсініктерді игереді: Суға тәжірибе жасап, оның қасиеттері туралы түсініктерді;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктеріді қолдана алады: Жаңбырлы күнді бейнелеуді;

Технологиялық картаны толтырған: Баймұханова.А

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ