Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің   технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Валеология

Тақырыбы: Күн, су, ауа- біздің достарымыз

Мақсаты: Балаларға адамдар, жануарлар мен өсімдіктер тіршілігі үшін ауаның, судың, күннің қаншалықты маңызы бар екенін түсіндіру. Таза су табиғаттың баға жетпес сыйы екенін айту. 

Әдіс- тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын

Қажетті көрнекі құралдар: Тірі жіне өлі табиғат суреттері

Қос тілділік компонент: күн- солнце, су- вода, ауа- воздух

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешенің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті  қызығушылығын ояту кезеңі

Әңгімелесу :

-Балалар біз немен демаламыз?

-Қане, ауаны жұтайық . Ауа қайда барады?

-Дұрыс, ол тамаққа келіп түсіп , тыныс жолдарына содан кейін ауатамырлар арқылы өкпеге барады.

-Балалар, қане, тәжірибе жесеп көрейік (Әр балаға екі шардан таратып береді. Балалар шарды үрлейді , ауасын шығарады)

- Міне, өкпе осылай жұмыс жасайды.

-Балалар, егер ауа жоқ болса не болар еді?

Тәжірибе жасап көрейік:

Алақанымызбен ауызды жауып , саусағымызбен мұрнымызды қысайық.

-Таза ауа қалай келеді?

-Ал, өсімдіктер өмір сүру үшін оларға не қажет?

           Жұмбақтар:

  1. Ақ сандығым ашылды

Ішінен жібек шашылды

  1. Дәмі де жоқ, түсі жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ

  1. Өмірде одан мол ештеңе болмайды

Құшақтасаң,  құшағың тек толмайды

-Балалар күн, су, ауа қандай табиғатқа жатады?

-Ауамен

-мұрынға

Тәжірибе жасап көреді

Өмір сүре алмас едік

Ауыздарын жауып, мұрындарын қысады

Бізге өсімдіктер арқылы береді

Су мен жарық

  • Күн

  • Су

  • Ауа

Жансыз табиғатқа жатады

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

«Таңғажайып сәт»

-Есік  қағылып қозы кіреді. Ол үсті лас , өзі жылап, жөтеліп тұр.

- Балалар өзі лас, өзі мұңды болып тұрған кім?

Қозы:

-Мен өзен жағалап сендерге қонаққа келе жаттым. Күн ысып кеткенде өзенге шомылып алмақшы болдым. Суға түсіп, сыртқа шыққанда осындай болдым.

-Балалар, маған не болғанын, мүмкін сендер білетін боларсыңдар?

- Ой, менің есіме енді түсті ! Өзен жағасына зауыттан тартылып жатқан ұзын құбырды көрдім. Ол құбырдан өзенге су құйылып жатты.  Мен түтін араласқан ауаны жұттым. – Балалар қозыға қандай кеңес береміз?

-қозы

Қозы тыңдайды, жанашырлық білдіреді

-жоқ

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі

-Жақсылап демал. Таза су іш.  Таза су ішіп, шөп жесең жазылып кетесін деп қозыға қораға барып жатуды өтінеді.

-Балалар қозы сияты мұндай жағдайларға тап болмау үшін не істеуіміз керек?

«Нені атағанымыд көрсет» дидактикалық ойыны

Жанды  және жансыз  табиғатты атап көрсету.     

Мысалы: Адам- жанды табиғат

                  Күн- жансыз табиғат

Қозыға кеңес береді

Суға қалдық заттарды тастамау  керек. Табиғатқа зиян келтірмеу керек

Жанда және жансыз табиғатты атап көрсетеді

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Күн, су, ауаның адамға қаншалықты қажет екенін біледі.

Қандай түсініктерді меңгерді: Табиғатқа қамқар бола білуді, зиян келтірмеуді меңгерді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қозыға деген аяушылық сезімдерін білдіріп, көмек көрсетулері.

Қаратөбе ауданы                                                                                                                                        Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Ажимова Райгул Қобланқызы.     

спросил от Sania в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ