Тақырыбы: «Біздің сүйікті ойыншықтарымыз»
Мақсаты; Балаларды сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту қазақ тіліне деген сүйіспеншілікке баулу,ойыншықтарды күтіп баптауға тәрбиелеу
Көрнекіліктер; Ұлттық киім киген қуыршақ, сәукеле музыкалық кітапша,ойыншықтар,сиқырлы қорапша.
Сабақ барысы; Балалар залға кіріп,дөңгелене тұрады,қонақтармен амандасады.
Сәлеметсіздерме , қонақтар
Ал енді балалар бір-біріңе қарап жылы көңілмен «сәлем, досым» деп амандасайық,сендер бүгін бәрің де өте әдемісіңдер, енді орындарыңа отырыңдар, қазақ тілі сабағын бастайық
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Дұрыс ,қазір қыс мезгілі?
Ал далада не бар?
Қардың түсі қандай ?
Жақсы балалар біз бүгін қазақ тілі сабағында сендермен сүйікті ойыншықтарымыз туралы әңгімелесеміз..
Біздерде бар қуыршақ
Бұзау қозы құлыншақ
Ойыншықтар тыңдайды
Әмір беріп ұрыссақ.
Өздеріңнің сүйікті ойыншықтарың туралы кім айтып береді?
Алуа: Менде әдемі қуыршақ бар,аты Мадина, Мадинам менің әдемі,мен оны өте жақсы көремін.
Мадияр:Ал менде мәшине бар,ол үлкен ,тез жүреді.
Карина: Менде аю бар,ол жұмсақ, мен аюмен ойнаймын.
Диана :Менде қуыршақ бар, аты Камила, ал үлкен сондай сұлу.
Жақсы балалар ойыншықтарың әдемі екен ,мана жерге отырғызып қойыңдар.
Музыка: Тауық кіреді:
Ко-ко-ко, сәлеметсіңдерме, балапандарым,ко-ко амансыңдар ма,қонақтар
Мұғалім:Сәлеметсің бе,тауық
Балалар бізге қонаққа әдемі тауық келіпті,тауық қандай екен?
Балалардың жауабы.
Тауық: Мен өзімің балапандарымды іздеп жүрмін, көрген жоқсыңдар ма? Балалар:Жоқ-жоқ көрген жоқпыз
Мен балапандарыма деген өлеңім бар еді,енді сендерге айтып берейін.
Шөп,шөп шөжелерім
Шөп, шөп шөжелерім
Мамық жүнді шөжелерім
Нәзік үнді шөжелерім
Көк шалғында жайылым бар
Тез келіңдер ,жайылыңдар
Әй, менің шөжелерім
Әй , менің шөжелерім
Тауық: Ко-ко-ко, келіңдер, балалар келіңдер, дөңгелене тұрып мына әдемі көңілді биді билейік.
Би «Балапандар»
Тауық: Рахмет,балапандарым,мен сендерге жай келген жоқпын,міне мына қорапшаны ала келдім,ол жай емес сиқырлы міне мына таяқшаны тастап кетейін, қорапшаны ашу үшін,сиқырлы сөзді айтасыңдар.
Сау болыңдар