Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Жалпы білім беретін №32 орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Дюсенгалиева Анаргуль Жумагалиевна

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы

Сабақтың мақсаты:

1.Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.;

2. Сөздік қорын молайту;

3. Зейінділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: салыстыру, жаттығу, сұрақ-жауап., дидактикалық ойындар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.4-жаттығу

üҮйге берілген жаттығудың орындалуын тексере отырып, оқушылардың мәндес сөздерді қаншалықты меңгергенін анықтау.

üҮй тапсырмасын қорыту.

üСиқырлы сандық ойыны ұйымдастыру.

üСандықша ішіндегі сөздерді оқы. Әр сөздің нені білдіретінін айту.

üТау-сұрағы не? Заттың атауы

üОқушы-сұрағы кім? заттың атауы

üҚызыл-қандай? Сапаның атауы

üКүлу-не істеу? Қимыл атауы

üТүйе-не? Заттың атауы.

üЖығылу –не істеу? Қимыл атауы

Он жеті-неше? Санның атауы

IIІ.Жаңа сабақ дәптерді ашу, бүгінгі күннің жадын жазу.

Сөз және оның мағынасы

Сөз дегеніміз не ?

Сөз дегніміз- қандайда бір заттың , не қимылдың, не сапаның , не санның атауы.

Сөз неден құралады?

Сөз дыбыстан құралады.

Сөз нені білдіреді?

Сөз мағынаны білдіреді.

Сөз мағынасының қандай түрлері бар?

Мағынасы қарама-қарсы, мағынасы жуық, дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа.

Жақсы, жылы, түзу, бүлдіру, күлкілі.

· Осы сөздер қатарында қай сөз артық? Неліктен? «Бүлдіру» сөзі артық, себебі ол қимылды білдіреді, яғни етістік.Ал қалғандары сын есімдер.

· Осы сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып айт. Мысалы, жақсы-жаман, жылы-суық, түзу-қисық, бүлдіру-түзету, күлкілі-қайғылы.

1. Бұл қандай сөздер?

· Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер (антонимдер)

· Мағынасы жуық сөздер ( синонимдер)

· Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер (омонимдер)

Оқулықпен жұмыс

7-жаттығу.

Қызғалдақтың қасына

Қойып едім қондырмай,

Бізін сұғып басыма

Шақты – ау ара оңдырмай.

Енді тимен оған мен,

Ісіп кетті бас, шекем.

Балы тәтті болғанмен,

Тілі өзінің ащы екен!

(Қадыр Мырза Әли)


ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Дәптермен жұмыс

8-жаттығу. Мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сыз.Жатқа жаз.

1.Мейірімді алғыс алса,

Мейірімсіз қарғыс алар.

2.Ақылды іс тындырады,

Ақымақ тіс сындырады.

« Қай сөз артық» ойыны

Ас, тамақ, тағам, асаба, дәм

Аспан, көк, шарықтау, әуе

Үлгілі, өнегелі, тәрбиелі, тәртіпті , өнеге

Айтқыз, сөйлеткіз, сөйлеттір,айтқыш

Тақтамен жұмыс

9-жаттығу Берілген сөздерге мағынасы қарама –қарсы сөздерді тап.

мейірімді - мейірімсіз

жуас – қатал

қымбат –арзан

сұйық –қою

қашық – жақын

IV. Сергіту сәті «Бір әріптің ізімен » дидактикалық ойыны

Жжж (жолдас), Ддд (дос), Ыыы (ылғалды), Сссс (суық ), Ббб (бала), Ттт ( тоңу)

Берілген әріптермен және сөздермен сөйлем құрап айту

· Жолдас желмен жарысты. Жарас жақсы жігіт.

· Досым допты домалатты.

· Суық сумен сүртіндім.

V. Өзіндік жұмыс

10 -жаттығу

@Тек мағынасы қарама-қарсы сөздер жұбын теріп жаз.

@Қалаған сөзден сөз тіркесін құрап жаз.

Жақсы – жаман, жоғары – төмен, есік – терезе, әңгіме – үндемеу, оңай – қиын, үлкен – кіші.

Жақсы адам, жаман әдет, жоғары көтеріл,төмен түс, есік ашыл, терезе сүрт, оңай есеп, қиын жаттығу, үлкен кісі, кіші алма.

Бұл –мағынасы қарама –қарсы сөздер, өйткені олар бір сөз табына жатады. Бұлардың мағынасы бір-біріне қарама –қарсы.

VI.Жұмбақ шешу

@Қарамен жазылған сөздерді қарама-қарсы мағыналы сөздермен алмастыр.

Жақыннанәкеп хабарды. Алыстанәкеп хабарды,

Ренжітер барлық адамды. Қуантарбарлық адамды.

( жеделхат)

Жеңілдікпенаршылар, Қиындықпен аршылар,

Көзіңнен жас тамшылар. Көзіңнен жас тамшылар.

( пияз)

Өз бетімен жұмыс 11-жаттығу . Ішінде мағынасы қарама –қарсы сөздері бар мақал-мәтел не жұмбақ тауып жаз.

Ребус шешу

Театрда , жетісу , Екібастұз

Семантикалық карта

Сөздер ---------- үй –ащы ---ағайын—үй---туыс---тұщы

VII.Қорытындылау Дұрыс па, бұрыс па?

а) Дұрыс емес тұжырымды түзетіп айту, дұрыс жауапты дәлелдеу

Мәндес сөздерді басқаша синоним деп атайды.

üҚарама-қарсы мағыналы сөздер антоним деп аталады.

· Жақсы, жаман - синоним сөздер

üСөздің мағыналық бөлігі түбір деп аталады.

üҚыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды.

· Бастауыш – сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі

üЖалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады.

üДауысты дыбыстар 2-ге бөлінеді

· Бірыңғай мүшелердің арасына нүкте қойылады.

ә) Берілген мақалдардың ішінен антонимдерді тап.

Бетегеден биік, жусаннан аласа.

Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет.

Көз қорқақ, қол батыр.

Досжылатып айтар, дұшпанкүлдіріп айтар

Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа,

Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.

Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың оңай,

Темір кессең, қысқа кес, ұзартуың оңай.

Қарама –қарсы мағынасын тап.

Биік-аласа , ашық-жабық, арзан-қымбат, қатты-жұмсақ, ыстық-суық, ұзын-қысқа,жоғары төмен, батыр-қорқақ.

VII. Үйге тапсырма

12– жаттығу

Мәтінді оқы. Мәтін қандай көңіл кұйге бөледі? Ашық сөзіне мағынасы қарама-қарсы сөзі тап. Мәтінді жаңа атауымен ата. Мұндай атпен қандай күн суреттеледі? Қарамен жазылған сөздерді мағынасы қарама-қарсы сөздермен алмастыр және құрастырған мәтініңді жаз.

ҮІІІ. Бағалау

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ