Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Қазақ тілі

3а сынып Әжібаева Г.

С/ тақырыбы: Сөз таптары

С/ мақсаты: 1.Сөз таптары туралы білім-білік дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру Өз ойларын ортаға салуға, талқылауға үйрету . 2.Танымдық тапсырмалар, сұрақтар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.Сөздік қорын байыту байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. 3.Бірінің сөзін бірі зер салып тыңдауға, жауапкершілікке , шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу .

С/ көрнектілігі: Интерактивті тақта, ассоциация. С/ әдіс- тәсілдері : Түсіндіру, шығармашылық тапсырмалармен жұмыс. С/түрі: Жаңа білім беру. Сабақтың жүрісі:

I Ұйымдастыру кезеңі.

-Әрбір адам? -Туысым, досым, жұрағат.

-Әрбір сабақ? -Үйрену, ұғу, ұлағат.

-Әрбір ісің? -Тірлік, тірек, адамдық.

-Әрбір сөзің? -Шындық, бірлік, адалдық.

-Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Әрбір ісімізге мұқият болайық. Яғни, бүгін «Ертегілер еліне» саяхат жасаймыз. , .

1-слайд. Қамал

Ойын: «Сиқырлы елдің тұрғындары»

-Қалай ойлайсыңдар, балалар , мынадай елде қандай тұрғындар болуы мүмкін? Егер бұл ел сиқырлы болса, онда тұрғындары да қарапайым болмағаны ғой. Ендеше, дүние жүзінде жоқ тұрғындарды ойлап табайықшы.

-Бұл қамалда не бар екенін білгілерің келе ме? Онда, қамалға кірейік. Алдымызда кедергі бар екен. Тас қақпа жабық.

2-слайд. Тас қақпа

-Тас қақпаны ашу тапсырмаларды орындайық

II Өткенді пысықтау.

1.Үй тапсырмасын тексеру. 5-жаттығу

Жұмбақты түсініп оқып, көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қойып көшіріп жазу. Шешуін табу.

3-слайд

2. «Бәйге» ойыны

10 30 50 20

40 20 10 30

1.Сол жақтағы 10-Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасалса, оны қандай сөз дейміз?

2.Ортадағы 30-Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлімін не дейміз?

3. Ортадағы 50-Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны не деп атайды?

4.Оң жақтағы 20-Түбір сөзге жалғанатын бөлікті не деп атайды?

5. Сол жақтағы 40-Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны ата.

6. Ортадағы 20-Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз қалай аталады?

7. Ортадағы 10-Түбірлес сөзге мысал келтір.

8. Оң жақтағы 30-Туынды сөздерге мысал келтір.

-Тас қақпа ашылды. Іске сәт!

4-слайд. Күміс қақпа.

III Жаңа сабақ

5-слайд

Айналаңа бір уақыт зер салып қарашы. Сені жан-жағыңнан заттар қоршап тұр. Осы заттардың атын білдіретін сөздерді ... дейміз.

6-слайд

Заттардың қимылын, іс –әрекетін білдіретін сөздер ... деп аталады.

7-слайд

Заттар әр түрлі белгілерге (түрі, түсі, сапасы, саны) ие.Тілімізде мұндай белгілер ... және ... арқылы беріледі.

-Сөздер мағынасына қарай бірнеше сөз таптарына бөлінеді екен.

-Сөз таптары неше тармақтан тұрады? Оны ассоциация арқылы көрсетейік.

-Әр сөз табы туралы не білетіндеріңді айтыңдар.

Күміс қақпа ашылды. Жарайсыңдар!

10-слайд Алтын қақпа.

Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу. Ш ш

-Ш дыбысынан басталатын мақал-мәтел айтайықшы.(Оқушылар мақал-мәтел айтады. Бір мақалды тақтаға жазу)

Сергіту сәті.

12-слайд 3-жаттығу. Сөздерді оқы. Оларға сұрақ қойып, мағыналарына қарай кестеге орналастырып жаз

13-слайд 4-жаттығу. Сөздерді оқы. Қайсысы заттың атын, қайсысы заттың қимылын білдіретінін анықта. Зат есім мен етістікті тіркестіріп жаз.

14-слайд 5-жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа айт. Сөздердің қай сөз табына жататынын анықта.

Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім.

Неше кіші ішік піштім?

-Алтын қақпа да ашылды. Өте тамаша!

15-слайд Сиқырлы сандық.

-Балалар не көріп тұрсыңдар?

Бұл сиқырлы сандық құлыптаулы екен. Кәне, сиқырлы сандықты ашуымыз керек. Ол үшін мына тапсырмаларды орындаймыз.

16-слайд. Сөздер мен сөз таптарын сәйкестендір

Ойын: «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал»

17-слайд. Сиқырлы сандық ашылып, ішінен бағалар шашылады.

Сабақты қорытып, оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: 6-жаттығу

-Балалар, біз бүгін сабағымызда «Ертегілер еліне» саяхатқа шығып, қамалға кіріп, одан не таптық?

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ