Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Атырау облысы, Атырау қаласы

Ж.Қаражігітов атындағы №16 мектеп – лицейдің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Стамғазиева Ақтоты Умбетовна

Сынып : 8

Пәні : қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы : Т.Әбдіков "Қонақтар"

Мақсаты:

Білімділік : Шығарманың мазмұның меңгерту,тақырыбы мен идеясын айқындау.

Дамытушылық : Оқушылардың тіл мәдениетіне,ойын толық,дәлелді жеткізе білуіне жетелеу,көркем шығарманы талдай білу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік : Ата-ананы сыйлауға,перзенттік борышты түсінуге,бауырмалдылыққа тәрбиелеу.

Түрі:жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, өзін-өзі тану, география.

Әдістері:болжау, талдау, жинақтау. (СТО жобасы)

Көрнекіліктері: слаидтар, кеспе қағаздар, ақын шығармалары.

Сабақтың барысы :

Үй тапсырмасын тексеру,қорытындылау.

І. Қызығушылықты ояту.

«Тірек символдар» стратегиясы.

ІІ. Мағынаны тану.

— Балалар ,бүгін біз сіздермен Т.Әбдіковтың "Қонақтар" шығармасымен танысамыз.

Төлен Әбдіков 1942 жылы Торғай ( қазіргі Қостанай) облысы Жангелдин ауданында туған.Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.Шығармашылық жолын 1960 жылдардың ортасында бастаған қаламгер бүгінде көптеген шығармалардың авторы.

Т.Әбдіков көркем туындыларында халқымыздың салт-дәстүрін ардақтап,адамгершілік, ізгілік мәселелерін көтерген. Бүгінгі өткелі отырған

«Қонақтар» атты әңгімеде жазушы оқыған, қалада тұратын Сапабектің қарт әке-шешесіне жат қылықтары мен салқын қарым-қатынасын суреттеу арқылы аялап өсірген ата-ана алдындағы баланың перзенттік борышы туралы ой қозғайды.

Мазмұнын түсіндіру.

Жаңа тақырыпты меңгерту тапсырмалары.

«Мені толғандырған эпизод...» Оқушылар шығармадан үзінді оқып, шығармадағы сол оқиға неге толғандырғанын түсіндіреді .

Топтық жұмыс.

1-топ.Әңгіме неліктен "Қонақтар" деп аталған ? Қонақтарға сипаттама бер. Кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, жағымды , жағымсыз жақтарын (өмірдегі жетістіктері) талдап, әңгіме кейіпкерлеріне тән қасиеттерді топтау сызбасы арқылы түсіндіру.

2-топ.Әңгіменің тақырыбы мен идеясын айқындау, көркемсөз айшықтарын табу.

(Теңеу, эпитет, тұрақты сөз тіркестері,ауыспалы мағынадағы сөздер, дисфемизм, мақал-мәтелдер)

3-топ."Балықтың қаңқасы" тәсілімен бүгінгі отбасындағы кездесетін өзекті мәселе туралы ой қозғау.

Себептері


Мәселе Қорытынды Қорытынды

Дәлелдер

Дәлелдер

III.Ой-толғау.

"Ата-ананы сыйлау-адамзаттың парызы" .

Қорытындылау. "Ойлаудың алты қалпағы" әдісі арқылы шығармаға өз көзқарастарын білдіру.

"Ақ қалпақ"- проблемаға қатысты талассыз дерек айту, дәлелдеу.

"Сары қалпақ" -шығармадағы жағымды тұстарын айтады.

"Қара қалпақ"- шығармадағы жағымсыз тұстарын айтады , қарсы пікірлер айтады. .

"Көк қалпақ"-талдау жасайды, оқиғаны өзінше өрбітіп, жоғары деңгейдегі көзқарастарын білдіреді..

"Жасыл қалпақ"-тың идеялар ағымын тудыратын болжамдарын жасайды.

"Қызыл қалпақ"-бастан кешірген өз сезімдерін қорытындылайды.

Мұғалімнің сөзі .

- Міне, балалар, өздерің байқағандай, ата-ана алдындағы парыздарын өтегенде ғана, ұрпақ тәрбиесі өз биігінен көріне алады екен.Ата-анаға құрмет көрсету, оларды сыйлау -перзенттік борышымыз екенін ұмытпайық, оларды құрметтеп, қадірлейік!

Олай болса, парасат биігінен көрініңдер, ұлттық сана-сезімдерің өмірлік достарың болсын!

Бағалау.

Үйге тапсырма:" Қарт адам-қазына" эссе жазу.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, білім ағашына орналастырады.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Дана халқымыз ұрпақтарына мұра етіп қалдырған асыл сөздерін санаға сіңіріп, «Ата – ананы сыйлау – адамзаттың парызы» деп бекер айтпаса керек. Өмір болған соң қуанышы мен қайғысы қатар жүреді емес пе? Тек бір өкініштісі – адамдардың осындай олқы оқиғаларды қолдан жасауы. Қоғамда орын алып жатқан кей әрекеттерді адам жасады дегенге сенгің де келмейді. Себебі, қазақтың, қазақилықтың сипаты - бауырмалдығында, қонақжайлылығында, «үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» кісілігінде. Кісілік қасиетіміз әрқашан да биік болғай.
ответил от аноним

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов